Get Mystery Box with random crypto!

Кездесу ашық микрофон форматында өтті. Қатысушылар кешенді шеш | News of Aktobe region 🇰🇿

Кездесу ашық микрофон форматында өтті. Қатысушылар кешенді шешімді қажет ететін бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салды. Мәселенің бірі - көгілдір отын тапшылығы. Сол себептен, «SD Indrustru» ЖШС айына 1,5 миллион дана кірпіш өндіру жобасын жүзеге асыра алмай отыр. Тағы бірнеше ШОБ субъектілері осындай жағдайға тап болды. Осыған байланысты «Бұқара-Орал» магистральді газ құбырының үшінші тармағы мен газ бұру құбырын салу шаралары жүргізілуде.

Сонымен қатар, білім беру, көлік және логистика, мемлекеттік сатып алу және жергілікті қамту, жер қатынастары, АӨК, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізуде кәсіпкерлікті қорғау салаларына қатысты мәселелер өзекті күйінде қалып отыр. Оларды шешу облыс басшылығының қолдауын қажет етеді.

Облыс әкімі әрбір өтінішті жан-жақты сараптауды тапсырды. Мемлекеттің қолдауына тек ашық және таза жұмыс істейтіндер ғана ие болатынын кәсіпкерлерге ескертті.

Ақтөбе облысының әкімдігі, «Еуразиялық топ» ЖШС, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Атамекен» ҚР ҰКП арасында өткен кездесуде Хромтау қаласындағы шағын және орта бизнесті қолдау мақсатындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан кәсіпорын басшылары марапатталды. Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП «Өз ісіне адалдығы үшін» ІІІ дәрежелі медалі «Арман-М» шаруа қожалығының басшысы Қазыбек Әлішевке табысталды. 

Ақтөбе облысының іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Күлшат Масалимова мен «Ақбөбек» «Оңалту орталығы» ЖШС құрылтайшысы Күлпаршын Айдарханова және тағы басқалар Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Ералы Тоғжанов мемлекет тарапынан қолдаудың әлі де жалғасын табатынына тоқталып, бизнес өкілдерін еліміздің дамуына, ауылдардың көркеюіне үлес қосуға шақырды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі