Get Mystery Box with random crypto!

#Жазба 3. Бұйырған кетпес, жүгірген жетпес! Негізі осы сөздер | Менің ой жазбаларым

#Жазба 3. Бұйырған кетпес, жүгірген жетпес!

Негізі осы сөздер өте жақсы айтылғандай. Мен сіздерге өзімнің өмірлік тәжірибеге сүйеніп, өз басымнан өткен оқиғаларды осыған сәйкес баяндамақпын.

“Өз қолыңнан келгенін барын істе, ал қалғанын Аллаға қалдыр. Аллаға мәлім, қай іс саған қайырлы, қай іс саған қайырсыз!” - деп оқушыларыма көп айтамын.

Бұйырған деп саған қайырлы болғаны ғой.

1) Өзім универді Астана не Алматы да оқығым келді. Бірақ әкем шетке жібергісі келмеді. Себебі өзі шетте оқып, студент күнінде біршама қиналғаннан ба, бізді қиналмасын деп, Шымкентке қалдырды. Бірақ мен бәрібір Шымкенттің дипломын алғым келмеді. Содан не керек, ОҚМУ (бізше Техта) құжаттар тапсыратын болып, соңғы күні бір досыммен КазНТУ филиалы сол Тех ішінде деп, үйдегілерге айтпай сонда тапсырып жібердім. Формально ол КазНТУ болғанымен, бізге Тех мұғалімдері берді. Содан не керек, дәл келесі жылы Білім министрліктің жаңа ұйғаруымен бүкіл филиалдар жабылып, тек негізгі кампусында оқу керектігі туралы ережесі шықты. Әрине әкем енді Алматыға жіберді. Солай Алматыда 2-ші курс болсам да, қайтадан 1-ші курстың кейпінде жүрдім.

2) Алматы да 3-4 курста Work&Travel деген тема жүре бастады. Алматыға ели как жіберген де Шетел деп айтар болсам, үйдегілер точно Шымкентке қайтарып жіберер деп ойладым. Бірақ бар күшімді салып, соңғы 4-курста сол программаға құжаттар жинап, бағымды сынып көрейін деп көрдім.
Негізі ол программа соңғы курс студенттерін жібермейді. Себебі олар бітіріп, АҚШ-та қалып қояды деген қауіп деп ойлайтын. Мен сияқты тағы 4-5 бала болып Алматыдағы АҚШ елшілікке бардық.
Сол айтқандай сондай сылтаумен, маған қызыл қағазды беріп шығарып салды, ол деген rejected/отказ алдым. Көңіл күй минуста. Қатты ниеттенген түрім ғой енді.
Программаға қатысу үшін де біраз ақша күйді деп.
Енді қараңыздар, көп ұзамай, маған сол программа агенствосы көмек беріп, 2-аптадан кейін сол елшілікке қайтадан кіргізді, әрине бұл жолы енді тағы біршама құжаттар жинадым. Қызығы сол, егер 1-жылда отказ алсаң, кемі 6 ай, не 1-жылдай күтуім керек еді. Ал мен 1 айда 2-рет кіріп, 2-шісінді одобрение алдым!))) Қасымда өз кезегін күтіп жүргенде, мен екі рет кіріп үлгердім. Міне бұйырған кетпес.

3) Ал енді, АҚШ-қа ұшарда Лондон арқылы ұштық. Лондон төбесінен ұшып жатқанда, досыма осында оқысақ ия деп әңгіме қылып, армандадық, көп ұзамай, 2-жылдан кейін сол досыммен Болашақьарқылы Англияда оқуда жүрдік.

4) Кореяға түсім де қызық болды, НУ-ға PhD тапсырып жүргенмін, вроде бәрі дұрыс сонда оқуға түсуім керек еді. Бірақ кешір деді)) дәл сол құжаттарды алдым да, мотивационное письмода 1-2 абзацты өзгертіп, КАИСТ-қа тапсырып жіберсем, 2-3 айдан кейін сонда шақырып тұр.
“Өттіңіз” деген хабарды Астанада Болашақ құжаттарын жауып, яғни 5-жылдық отработкадан квартираны алып жатқанда келді.
Сөйтсем, бәрін тазалап қана Кореяға жіберуді қайырлы етіпті деп ойладым)) әйтпесе оқуды бітіргеннен кейін бұрынғы қарыздарым деп бірден елге қайтуым керек еді.

Міне солай, бұйырған кетпейді екен.

2023.02.13