Get Mystery Box with random crypto!

@Yergali_B мырза менің сұрағым бар еді ChatGPT IT web разработ | Менің ой жазбаларым

@Yergali_B мырза менің сұрағым бар еді ChatGPT IT web разработчиктерге кері асерін тигіземе?

Яғни көп IT мамандарының қысқаруы деген сяқты, өзіміз қазақстанда IT маман жетіспейді IT оқып алайық деп жатырғанда ChatGPT келіп үлкен төңкеріс жасап жатырған жоқпа қалай ойлайсыз?

сіздің жеке пікіріңіз және әлемнің білікті IT мамандары бұл жасанды интелект туралы пікірлері, ойлары қандай не деп жатыр тіпті Google компаниясының өзі “Бұл бізге бір қара дақ болды”- деген пікірлер айтты десед тіпті мыңдаған жұмысшыларын қысқартқан екен!?

Осыған жауап бере аласызба рахмет!


https://t.me/UzdikUBT/1416

Сұраққа жауап:

Заман дамып кетті деп, өзін дамытпау ол қателік.

IT саласы қашан тоқтап еді өз дамуын?!

Енді ішіне кірер болсам, мәселен веб-разоработка, фронтэнд, не бәкэнд программистері, әрине AI тек бұл салада ғана емес, ол болған жердің барлық саласында жұмыссыздық бірге жүреді.

Сол үшін, одан қорқудың қажеті жоқ, оның орнына бірден соған бейімделіп, әрдайым өзіңді дамыту керек.

Әрине chatgpt оза алмайтының рас, бірақ оны жақсы пайдалуды үйрен, сөйтіп одан өз пайдаңа іс тап.

Мысалы ChatGPT-ға жақсы запростарды жасап, бірнеше веб темплеттерді жасатып, өте арзан баға сату, көп болса 1-сағатта 1-керемет web шығарса, соны 5$ десеңде, сатып алушылар көбееді.

Ертелі кеш па ол да сөнеді, себебі бәрі жақса запростар жазуды үйренді. Кейін тағы сондай сияқты салаларды қарай бересің.

Ұзын сөздің қысқасы, тез бейімделгіш болып, басқалардан ерте ойлап, іс қарау!

Ал, IT әлемі не деуші еді, таң қалды, әр қарай даму керегін білді. Ертелі кеш пе бұл болу керек еді.

Жалпы AI дамудың 3 кезеңі бар, тек 1-ғана таск (задача) жасай алатын, мысалы тек шахмат ойнай алатын.

Келесі кезең, бірнеше таскты жасай алатын AI, шахматта ойнай алады, тамақта жасай алады, сен үшін бүкіл жұмыстарды істей алатын.

Ал соңғы кезең, адам ойына келмейтін заттарды істейтін AI. Терминаторлар))))

PS. Негізі жақсы сұрақтарды да, өз жазбаға қоюды жөн көрдім. Себебі бұл сұрақты басқаларда мазалауы мүмкін деп))