Get Mystery Box with random crypto!

#Жазба 4. YouTube жүргізу туралы Міне, бүгін 10’000 жазылушыс | Менің ой жазбаларым

#Жазба 4. YouTube жүргізу туралы

Міне, бүгін 10’000 жазылушысы бар ютуб арнаға айналып жатыр екенмін. Құттықтап қойсаңыздар да болады! Және алдын ала рахмет!

Негізі ютуб жүргізем деп ойламаппын. Және өзімді ютубермін деп санамаймын. Себебі ютубер дегендер мен үшін сол арқылы өмір сүріп, сонымен ақша тауып күн көретіндер.

Ал ютуб мен үшін жай өз білгеніммен бөлісіп, көпшілікке жеткізе алатын құрал ретінде.

Жалпы қалай басталды?

2020 жыл. Ковид уақыты. Желтоқсан айы. Маған жекеге бір қарапайым мектеп мұғалімі шықты. Ол кезде мен тек уатсапта едім. Және мені қазіргідей көбі тани бермейді. Ал ол апаймен кезінде НИШта сабақ беріп жүргенде, облыстық мектеп ұстаздарына арнайы робототехникадан курс болып, сонда тренер болып сабақ бергенмін. Содан танимыз.

Сонымен, Астана ИТ универдің 1-тур олипиадасы болып жатқан екен, содан мына есепке көмек бере аласыз ба деп сұрады. Ана есепті қарасам а+b есеп, не сондай деңгейдегі өте жеңіл есеп екен. Соны питонда жаза алмай жатыр екен.

Ананы көріп мен қатты ұялып кеттім, себебі кейбір ауыл/облыс мектеп информатик ұстазымыздың деңгейі осындай болса, оқушылардың деңгейі қандай болмақ дедім.
Ол кісіде әрине оны мойындап тұр.

Онда, арнайы сіздер үшін, тегін питон курс ашайын дедім. А то мен ұялып кеттім. Себебі “шетелде білім алып, жыртылып жүргеннен не пайда, егер туған жеріңде қиналып жүргендер қаншама” деп, жаңа жылдан бастап курсымды жоспарладым. 3-4 күннен кейін 2021-жыл келе жатқан.

Содан, ең алғашқы тыңдарманым сол кезінде робототехникадан сабақ алған ұстаздарым болды. Бірақ көбі уақыт ыңғайсыз, жазбасы бола ма дегеннен кейін ютуб бәріне ыңғайлы болып сонда Live сабақ жасайтын болдым.

Менің мақсатым - мүмкіндігінше бүкіл сабақтарды қарапайым тілде түсіндіру, жалпақ қазақ тілінде, тіпті 5-6 сынып оқушылары көрсе де, түсіне алу керек деп мақсаттадым. Сөйтіп қаңтар айы бойында 5-толық питон сабағын әр жексенбі Live арқылы жасадым.

Одан бөлек басқа да ұстаздар үшін қажетті құралдарды және жасадым: мысалы кахут, сайт жасау, телеграм бот секілді. 1-ші айдың өзінді 36-видео сабақ іліппін. Сонда әр күні кемі 1-сабақтан салғанмын ғой.

Қарап отырсаңыз, менің басты мақсатым - оқушылар емес, соларға сабақ беретін информатик мұғалімдерге арналған еді.

Кейін қызығы сол, ақпанда сол сабақты көріп шыққан оқушылар, ауданнан 1-ші орын алып жатты ғой!

Сол кезде түсініппін, не деген жұмыс жасағанымды. Себебі көбіне нәтижесі бірден келе бермейді ғой, ал мұнда келесі айда нәтижесі бірден келді!!!

Және де алғашқы арна атауы - Ерғали Білім болды, бірақ егер брендке айналса жай адам есімі емес, қазақи бір сөз, әрі, қысқа әрі мағаналы болса деп Үздік Білім деп ауысты.

2-жылдан аса уақытта мен көбі танып, ал Үздік Білімде 10К жазылушысы бар ютуб каналға айналуда.

Ютуб жүргізуге арналған кеңес:

1) Мақсатың ютуб арқылы ақша тауып байып кетемін деп ойлама, астында қаншама еңбек бар! Оны ұмытпа!

2) Ожидание и реальность. Сен қанша жерден мықты монтаж жасап, қаншама аппаратура студиода жазсаңда алғашқы видеоларыңда 100-қаралымға да жетпей қалуы мүмкін.

3) Өз білетің салаң болсын! Қорықпа, ұнамай қалады деп, өз тыңдарманың тауып алады. Жай уақыт керек!

4) Басында сападан гөрі, санына қара. Себебі сенде 1-сапалы видеодан, 10-сапасыз (монтажсыз) видеоның бірі атуы мүмкін. (Атуы - бәріне қызықты, қаралымы көп)

5) Алғашқыда 1000 жазылушы және 4000 сағат қаралым керек, оған жету үшін кемі 50-видео, және видео арасы 1-апта болсын.
(Мен 1К жазылушы 55 күнде 55-видео арқылы жеттім, ал 4К сағатты 4-айдан кейін ғана жетті)

Жалпы, бәріне ютуб жүргізуге кеңес беремін! Және басында ютубқа бола шығандалудың қажеті жоқ. Себебі басында тыңдарманға бәрібір, қандай аппаратураны қолдансаңда, беретін ақпаратыңа қарайды. Сол үшін шығындарды ақтамайды.

Жаңа қазақ тілді ютуб каналдар көптеп ашылсын!!!

2023.02.23