Get Mystery Box with random crypto!

wiisaus café

Telegram арнасының логотипі wiisaus — wiisaus café W
Telegram арнасының логотипі wiisaus — wiisaus café
Арна мекенжайы: @wiisaus
Санаттар: Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 151
Арнадан сипаттама

Бұл @wiisauscafe қоғамдастығының арнасы
- Білім, ғылым
- Рационалдық
- Трансгуманизм

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2021-03-26 19:47:39 Еш ерекшелігі жоқ, жалғыз қызыл пиксел 900.000 долларға сатылды! Естіп пе едіңіз? Естімесеңіздер, төменде сол жайлы айтайық

Қазір NFT деген нәрсе хайп болып жатыр. NFT дегеніміз — өзара ауыстырылмайтын криптографиялық токен. Бұл сөздер сізге ештеңе айтпаса, әрі қарай жалғастырайық.

Токен дегеніміз — қарапайым тілмен түсіндіретін болсақ, блокчейн технологиясы арқылы жасалған сандық(цифрлы) құжат. Мұндай құжаттардан сандық акция сияқты құнды қағаздарды да жасауға болады. Немесе шын өмірмен мысал келтіретін болсақ. Токен дегеніміз — сізге қанша сома ақша тиесілі екенін көрсететін чек. Ал криптовалюта дегеніміз — қолма-қол ақшаның өзі. Токен — чек. Биткоин — қолма-қол ақша. Меніңше, дөрекілеу болса да, ұтымды салыстыру сияқты.

Ал блокчейн дегеніміз не? Терең технологиялық мәселерге кетіп қалмай, бұл жайлы бір затты білген жеткілікті. Блокчейн — бұзып, айналып өту мүмкін емес, шифрланған технология, яғни жалған биткоин, жалған токен жасау қазіргі таңда әлі мүмкін емес. Кейін болашақта мұны айналып өтетін, адам елестетіп көрмеген супер кванттық компьютерлер шығып жатпаса, әрине.

Қазір, бірақ, кейбір экономисттер криптовалютаға сенбейді, әйтсе де блокчейн негізінде жасалған орталық банктердің цифрлі валюталарына сенеді.

Токеннің өзара ауыстырылмайтын түрін жасауға болады және ауыстырылатын түрін де жасауға болады. Бұлар нені білдіреді? Мысалы, бір мың теңге мен басқа мың теңгенің құны бірдей. Яғни бұл екеуі өзара ауыстырыла алады. Ауыстырылмайтынның мысалы: досыңыздың сізге қолдан жасаған сыйлығы, сіздің өзіңіздің мысығыңыз. Бұлар қайталанбайды, тура сондай зат жоқ, яғни ауыстырылмайды.

Сол NFT технологиясында осы үш зат біріккен. Сондықтан бұл "электронды құжатқа" кез-келген затты тіркеп қоюға болады. Тіпті жақында бір компания физикалық затты цифрлі әлемге көшіріп жіберді. Олар бір галереядан 95 мың долларға бір суретшінің жұмысын сатып алып, оны цифрлы түрге аударып, кейін оны жағып жіберді. Бұдан да басқа бұрын-соңды болмаған көптеген қызық оқиға болып жатыр. Мысалы, "Nyan Cat" деген қарапайым гиф суреті 590 мың долларға сатылды. Іздестіріп қарап көріңіздер!
1.1K viewsedited  16:47
Ашу / Түсініктеме