Get Mystery Box with random crypto!

wiisaus café

Telegram арнасының логотипі wiisaus — wiisaus café W
Telegram арнасының логотипі wiisaus — wiisaus café
Арна мекенжайы: @wiisaus
Санаттар: Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 151
Арнадан сипаттама

Бұл @wiisauscafe қоғамдастығының арнасы
- Білім, ғылым
- Рационалдық
- Трансгуманизм

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2021-04-24 08:30:47 Бүгін 18:00 де "Неге коммунизм қатерлі?" атты дәріске шақырамыз! Дәрісті Turkistan Must Be Free атты саяси-экономикалық бағыттағы подкаст жүргізушісі Ануар мырза өткізеді.

Оңшылдар мен солшылдар;
Француз төңкерісі және аналогия ретінде қалған төңкерістер;
Теңдік туралы аңыз, ресурстардың тең бөлінуі сынды әртүрлі тақырыптар төңірегіндегі дәріс болады.

Дәріс телеграмның дауыс чатында өтеді. Күнтізбеге белгілеп қоюды ұмытпаңыздар!

Дауыс чатқа сілтеме: https://t.me/wiisaus?voicechat
980 views05:30
Ашу / Түсініктеме
2021-04-17 04:25:27 Әдетте IQ арқылы өлшенетін қарапайым интеллекттен басқа эмоционалды интеллект (EQ) болатынын да естіген шығарсыздар. Бірақ мәдени интеллект (CQ) жайлы естіп пе едіңіздер? Сілтеме арқылы өтіп, өздеріңіздің мәдени интеллекттеріңізді өлшеп көріңіздер.

Тесттен өту үшін тізімдегі танитын адамдарды және заттарді белгілеп шығуыңыз жеткілікті. Тізімде әртүрлі тарихи тұлғалар, әртістер, жұлдыздар, әншілер, спортшылар, ән мен фильмдер, кітаптар, альбомдар және т.б. көптеген адамдар мен әртүрлі заттар көрсетілген. Тізімдегілерді тану дегеніміз — сол жайлы, ең болмағанда, бір-екі фактті білу дегенді білдіреді. Мысалы, актердің ең болмаса ойнаған бір киносын бұрыннан білсеңіз, онда ол актерді танисыз.

Бірақ бұл тест ағылшын тілінде сөйлеушілердің арасында тараған мәдени білімге негізделген. Ал нақтырақ Америка мәдениетіне негізделіп өлшенеді. Сондықтан тестті өту кезінде төмен баға алуымыз мүмкін. Өзім 8 процентиль алдым. Бұл дегеніміз менің мәдени интеллектім 8% американдықтардан ғана жоғары. Алдағы уақытта өсіреріміз бұны. Менде мәдени интеллектті дамытуға арналған жеке тізім бар, болашақ посттарда соны шығаратын боламын.

Бір қызығы — тестті өту кезінде маған Геннадий Головкиннің есімі кездесті. Біздің отандасымыздың есімі ағылшын әлемінің мәдениетіне сіңіп кеткеннің белгісі болар, сірә.

Жалпы мәдени интеллектімізді дамыту не үшін қажет? Кез келген мәдениеттен хабардар болудың пайдалы себебі көп. Мен ең негізгі екі себебін айтқым келеді. Бірінші себебі — адаммен жақсы коммуникация құру үшін оның тек тілін ғана білу жеткіліксіз, оның ортасының мәдениетін де білген абзал. Екінші себебі — мәдени интеллектіміз жоғары болса, әртүрлі сілтемелерді оңай түсініп, фильм көріп, кітап оқығаннан ләззат алатын боламыз.

Пікірмен келіссеңіздер, мәдени интеллектімізді дамыта жүрейік!

testyourculture.com
1.0K viewsedited  01:25
Ашу / Түсініктеме
2021-04-17 04:25:24
342 viewsedited  01:25
Ашу / Түсініктеме
2021-04-07 10:02:47 "28 сағатта түсіру" деп аталатын Орта Азиялық қысқаметражды кино конкурсын естідіңіздер ме?!

Қазіргі таңда Қазақстан бойынша конкурсқа сапалы, тың дүниелер жіберіліп жатыр. Оның бір дәлелі Қазақстандық Арман есімді жігіттің конкурстық жұмысы. 28 сағатта түсіру дегеніміз 2 күн. Жалпы алғанда арман қысқаметражды 5-6 минуттық киносын бір күн түсіріп, екінші күні фантастикалық эффектілермен көркемдеген. Түсірілім мен монтаж 10 000 теңгеге жасалған.

Осы жылғы жұмысы үздік техникалық кино номинациясын алған, алдыңғы жылы фантастикалық кино номинациясын алған. Бұл конкурс Орта азиялық қысқаметражды кино конкурсы болғандықтан, бақталастық көп болғанына қарамастан, жақсы көрсеткіш көрсетті.

Ол өзінің бұл жұмысы жайында сұхбат берді, сілтеме бойынша өтіп оқысаңыздар болады:
https://bugin.kz/19272-zhas-redgisserdinh-10-mynh-tenhgelik-tuyndysy-tanhday-qaqtyrdy


Пост авторы: Бақтияр Сәбитұлы
1.2K viewsedited  07:02
Ашу / Түсініктеме
2021-04-04 14:59:12 Билл Гейтс жылына екі рет бір аптаға жалғыз қалып, уақытын кітап оқумен, үлкен мәселелерді ойлаумен өткізеді. Өзі бұл үрдісті "think week" деп атайды. Билл Гейтс think week тәжірибесін технология мен байланыс, интернет жоқ, алыс табиғат аясында өткізеді. Яғни бұл тәжірибе кезінде достарымен, туыстармын, бірге жұмыс істейтін әріптестерімен еш байланыста болмайды, тек өзі оқығысы келген кітап, мақалалармен, өзінің компаниясының есеп беру қағаздарымен жалғыз қалады. Уақытын активті ойланумен немесе активті үйренумен өткізеді, яғни процесс кезінде келген барлық ой мен кітаптан түсінген негізгі идеяларды қағазға түртіп отырады. Осының әсерінен миы босап, жаңа идеяларға ашық болады. Netflix-тің үш сериалық Билл Гейтс жайлы деректі сериалында қалай дорбасына кітаптарды жинап алып, ағаштардың арасына кетіп қалатыны көрсетілген.

Осындай бір апталық тәжірибелердің нәтижесінде Билл Гейтс сонау 1995 жылы "The Internet Tidal Wave" атты мақаласын жазып, сол мақаласында интернеттің болашағы өте зор екенін айтқан болатын. Содан кейін Microsoft компаниясы интернетті бағындыру жұмысымен айналысуды бастады. Сол кезде атақты болып тұрған Netscape интернет браузерін өздерінің браузерімен ығыстырып тастады.

Он шақты жыл бұрын алда адамзатты үлкен індет күтіп тұрғанын болжау осындай тәжірибелердің нәтижесінен болар. Жақында, бірнеше ай бұрын ғана оның "How to Avoid a Climate Disaster" атты кітабы шықты. Атауына сенсек, кітап климаттық апаттарды болдырмау жолдары жайлы болса керек. Кітабын оқып, осы жолы оның ойларына құлақ түру керек-ау.

Өзім де think week жасап көргім келеді. Ұнаса, мүмкін, жыл сайынғы дағдыма айналдырармын. Жылдық еңбек демалысы кезінде бәріміз курорттық жерлерге баруға асығамыз немесе тырысамыз. Меніңше өзім үшін, ең болмаса, жылына бір рет осындай өміріңді баяулату, өз-өзіңе мән беру тәжірибелерін өткізу пайдалырақ сияқты. Тәжірибе кезінде алдағы жоспарларыңды, мақсат-армандарыңды, құндылықтарыңды ойластыруға болады және әрине бұның барлығы кітап оқумен бірге жүреді.

Төменде think week жайлы шағын инфографика:
https://www.reservations.com/blog/resources/think-weeks/
478 views11:59
Ашу / Түсініктеме
2021-03-30 17:28:52 "Буба-кики" эффектісі - адам ақылының заттың геометриялық формасы мен сөздің дыбысталуы арасындағы байланыс орнатауы. Бұл эффектті ең алғаш болып 1926 жылы неміс және американ психологы Вольфганг Кёлер көрсеткен. Кейінірек осы эффект негізінде бірнеше тәжірибе жасалды. Солардың нәтижесі бойынша адамдардың 95%-ы дөңгелек түрдегі пішінді "буба", үшкір түрдегі пішінді "кики" деп атады. Бұл эффекттің адамның түсіне, қандай тілде сөйлейтініне, тіпті жасына тәуелсіз екені көрсетілген. Мысалы, әлі жазу білмейтін екі жасар балалардың өзі бұл тестте жоғарыда айтылғандай нәтиже көрсетті.

"Буба-кики" эффектісін түсіндіретін әртүрлі гипотеза бар. Бірақ қандай гипотеза болса да, бұның бәрі біздің ақылымызға байланысты екенін көрсетеді. Толығырақ төмендегі сілтемелерге өтіп, қарап көріңіздер.
1 сілтеме
2 сілтеме
1.3K viewsedited  14:28
Ашу / Түсініктеме
2021-03-30 17:28:40
Суреттегі қай пішіннің атауы "кики", ал қайсысының атауы "буба"? Алдымен осы сұраққа жауап беріп көріңіз, кейін сол туралы қысқаша айтып өтейік.
413 viewsedited  14:28
Ашу / Түсініктеме
2021-03-27 07:04:17
Мұның шегі бар ма?

1996 жылы Билл көке 640 kb барлығына жетеді деп еді. Билл көке қателесіпті. Samsung компаниясы DDR5 типінде көлемі 512 GB жедел жады жасап шығарды. High-K Metal Gate технологиясын қолданған жедел жады 16 GB тұратын 32 чиптен құралған. DDR4 типіне қарағанда энергия тұтыну 13% тиімді. Және әрбір процессор 8TB жад қолдануға мүмкіндік береді.

@sariberik
494 views04:04
Ашу / Түсініктеме