Get Mystery Box with random crypto!

Үздік БІЛІМ

Telegram арнасының логотипі uzdik_bilim — Үздік БІЛІМ Ү
Telegram арнасының логотипі uzdik_bilim — Үздік БІЛІМ
Арна мекенжайы: @uzdik_bilim
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.91K
Арнадан сипаттама

Ресми канал чаты @Uzdik_Bilim_chat

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 16

2022-04-24 08:17:46 “Үздіктер” жоба бойынша өзін таныстыру-видеоларын маған тіке жеке телеграм аккаунтыма жібере берсін: https://t.me/Yergali_B
132 viewsYergali B, edited  05:17
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 06:33:37 “Үздіктер” жобасы аясында оқушылардан тек қана олимпиадчиктерді дайындау ғана емес, олармен бірге жақсы-жақсы ғылыми жобаларды, не әлеуметтік пайдалы жобаларды жүзеге асыру))
69 viewsYergali B, 03:33
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 20:46:05 Айтқандай, мамырда басталатын 1-айлық python 0-ден бастау курсына тек мұғалімдер үшін болатын болды.

Оқушылар ренжімесін, себебі кейбір мұғалімдер оқушылармен болғанды ыңғайсызданады. Әрине оларды да түсінуге болады.

Сол үшін алда болатын питон тілін 0-ден бастауға тек мұғалімдер мен жас мамандарға арналады.

Оған тіркелу жүріп жатыр, мына сілтеме арқылы: https://forms.gle/C2gQqwTwAp3dme6j6
77 viewsYergali B, edited  17:46
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 19:03:46 Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылының 8-сынып оқушысы - Айтмұрат Темірхан бар ма осында? Ол өз аккаунтын өшіріп тастапты, былтыр ол 7-сынып кезінде менің видеоларды көріп, әсіресе телеграм ботты құру видеоны қарап, кейін оны әлде қайда жетілдіріп, өз әпкесіне дайын рекламный бот жасап беріп, мені бір қуантқан еді. Егер оны танитын, не мұғалімі болса, жекеге шықсын, оның да құштарлы орасан зор екенін көрсеткен еді, мүмкін оны да шәкірттер арасынан көрермін))
152 viewsYergali B, 16:03
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 18:20:44 Барлықтарыңызға сәлем!

Қазақта “бұлақ көрсең, көзін аш” деген даналы сөз бар!

Сол үшін қазақтың дарынды жастарын іздеп, оларды жетілдіруге көмек беретін, жаңа бір жоба бастағалы жатырмын!

Негізгі бағыт информатикаға, не программалауға қызығушылығы бар оқушыларды жинап, оларға әрдайым менторлық жасап отырамын.

Барлығы тегін, және олармен өзім әрдайым хабарласып, тіке сабақ беріп отырамын.

Негізгі шарт 6-сыныптан жоғары қазақтың мектеп оқушысы болу керек, өзін таныстыратын 2-3 минуттық видео болсын, тіпті мен ол таныстыруларды Үздік Білімнің әлеуметтік желілерге жүктеп қоямын, сіздер де біздер де бақылап жүретін боламыз.

Ал ол оқушылардан менің өтінішім де бар болады, менен тікелей алған білімді, өзінің кем дегенде 3-шәкіртіне жеткізу, сол маған берген рахметі болады!

Сонымен жоба қалай? Ұнады ма? Қатысуға ниеттісіздер ме? Онда іске сәт!

Жоба атын “Үздіктер” дейік!

Таныстыру видеода:
1) Аты жөні, туған жері, ауыл, қала, ауданы, отбасы жағдайы, мектебі, сыныбы
2) 3 жақсы, 3 жаман жағы (шындыққа жанасу керек, кейін өтірігі шығып қалса, ұят болып қалар)
3) Неге жобаға қатысқысы келіп жатқаны (міндетті түрде өз еркі болсын, ата-ана, мұғалімдер қинамаңыздар!), өзі түсініп келсін.
4) жалпы алға қойған арманы мақсаты (мейлі ол бала арманы болсын, басқаларға күлкі болам деп қорықпасын)

Жалпы іріктеу болады!
Яғни қатысуға ниет еткен оқушыға 1-айда 100-150 есеп шығарып, яғни өзін лайықты екенін көрсетіп, (ал ол есептердің барлығы да талдалған, түсіндірілген болады), кейін мен сол шығарған есептердің негізінде 3-4 есеп беремін, егер одан өтсе онда менің алда болатын бүкіл курстарға тегін қатысудан бөлек, әр апта сайын жүздесіп, олимпиадалық есептер мен жаңа ИТ білімдерді өтіп отырамыз.

PS. Жақын арада осыған сәйкес видео жүктеймін, сонда толық түсіндіретін боламын
169 viewsYergali B, edited  15:20
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 05:52:28
“5К” деген мәреге де жеттік
78 viewsYergali B, 02:52
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 11:25:16 Барлықтарыңызға сәлем!

Жекеге бірнеше рет шығып, жаңа 0-ден бастайтын курсты сұрағаннан, осы мамыр-курсын бастағалы жатырмын. Оның үстінде осы жақында ғана сауалнама нәтижесін қарап, яғни басым көпшілігі осы ойды құптап, қатысуға ниетті екендерін де көрсетті.

Курс деңгейі нөлдік! Енді ғана программалауды бастайтын, тіпті әлі питоннын не екенін түсіне бермейтін ұстаздар мен оқушыларға арналған.
(Дегенмен өтілетін курс материалдардың көбі - үздік білім ютуб каналында тұр)

Бағасы: 10000 теңге,
аптасына 2-рет (вторник-сейсенбі, пятница-жұма) зум арқылы кешкі уақытта болады.
Әр сабақ ұзақтығы 1-сағат. Жалпы курста 7-8 сабақ болады деп жоспарлануда.

Тіркелу үшін: https://tiny.cc/mamyr-python
54 viewsYergali B, edited  08:25
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 10:20:46 Барлықтарыңызға сәлем!

Бұйыртса, осы жексенбі де кешкі сағат 18:00-де (алматы), 17:00-де (батыс) уақытымен болатын “ҰБТ/ЕНТ - информатика дайындық курсының 4-ші сабағын жалғастыратын боламыз.

Өтілетін сабақ тақырыбы: “Ақпаратты кодтау. ASCII код. UNICODE”.



94 viewsYergali B, edited  07:20
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 07:39:09 Енді қалай логотипіміз? Нағыз қазақ болды ма?
60 viewsYergali B, edited  04:39
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 07:37:49 Channel photo updated
04:37
Ашу / Түсініктеме