Get Mystery Box with random crypto!

Үлкен өмір қиын ғой негізі По идее оңай, бірақ ол сенің станд | СтудХакер🌍

Үлкен өмір қиын ғой негізі

По идее оңай, бірақ ол сенің стандарттарыңа байланысты. Менде дебаттан пайда болған бір минус. Өзіңді жоғары бағалап кетесің. Кубоктар алып, кооординатор болып, басқарып, жеңіп үйреніп қалған соң, өмірде де көбірек жеңуге тырысасың. Всегда өзіңді көп айлыққа, мықты жұмысқа лайық ретінде көресің.

Ал стандарттарың төмен болса рахат негізі. Қолда бар жұмысқа, ситуацияға риза болып жүре бересің да.

Мысалы, мен өзімді шынайы бағалайтын болсам, еңбек нарығында шамамен 200-250к тг тұрамын деп ойлаймын. Ал мен айына как минимумм 700-800к алғым келеді. И сен қарайсың да, ойланасың. Ол деңгейге жету үшін қайдааа көп оқу керек, көп білу керек, көп практика керек.

Бірақ, менің ойымша бәрі мүмкін. Мен мысалы, бизнесмен болмай-ақ 2млн айына алуға болады дегенге 100% сенем. Онлайн жұмыс істеп, Турцияда, Тайландта, басқа да жерлерде 2-3 айлап тұруға болады дегенге де 100% сенем.

Маған мына 2 сұрақ қызық.
1) Сен қазір қанша тг тұрам деп ойлайсың?
2) Алдағы 5 жылда қанша тг тұрғың келеді?

Просто сан түрінде жазып кетші. Өзге адамдардың стандарттарын көрейік)

*жазсаң, орындалады деп мотивация берейін)
*еңбек нарығындағы баға деген сенің 1 айда алатын айлық табысың