Get Mystery Box with random crypto!

Бүгінгі постқа байланысты анализ: Пікір жазғандардың сандарын | СтудХакер🌍

Бүгінгі постқа байланысты анализ:

Пікір жазғандардың сандарының мәніне қарасақ, қазіргі таңдағы орташа құндары 207 000 тг құраса, алдағы 5 жылдағы құндары 826 000 тг құрайды деп ойлайды екен. Менде логикалық сұрақ, сендер қандай параметрлерге қарап, алдағы 5 жылда сонша тұрам деп ойладыңдар?)

Осыған байланысты кішігірім өзімнің методымды ұсынайын. Мен неге өзімді 200-250мыңға бағаладым?

Менде арнайы дашборд(кесте) бар. Ол жерде жұмысқа байланысты қазір қандай инструменттерді, қандай системаларды білетінімді жазып қойғанмын. Енді мен өз мамандығыма байланысты гуглдан мәліметтер іздедім.

Жалпы адамның тәжірибесіне байланысты кәсіби маман үшке бөлінеді: junior, middle, senior. Мен осы 3 типтегі адам қандай инструменттерді білуі керек деген кестені тауып алдым да, өзімнің кестеммен салыстыра, қай типке жататынымды анықтадым. Солай мен өзімнің junior product manager екенімді түсіндім.

Ендігі қадам, headhunter сайтына кіріп, жанағы өзімнің мамандығымды жаздым делік. Оказывается, junior product manager-лерді 200-250ға жұмысқа алғысы келетін, 15 компания шықты. Яғни, мен осы 15 компанияға осы айлыққа жұмысқа тұра аламын.

Бұл бірінші сұрақты есептеу методы. Енді екінші сұраққа кеттік.

Мен middle, senior product manager неше жылда болуға болатынын зерттей бастадым. Осы саладағы адамдар кім, неше жылда сол позицияға жеткенін оқып, 5 жылда мықты middle болуға болатынын түсіндім. Солай, middle product manager деп headhunter-ге жазғанымда, 50 шақты компания 700-900мың арасында айлық ұсынғанын көрдім.

Солай менде алдағы 5 жылда қай деңгейге жетуге болатынын, яғни қазір А нүктесінде тұрсам, Б нүктесін қайда екенін анықтап алдым. Ендігі қадам қалай болмақ?

Басында айтқанымдай, әр позициядағы адам әртүрлі білімге ие. Мысалы, мен junior болып, 5 затты білуім мүмкін, бірақ мен қалаған адам 10 затты білуі керек. Солай, мен middle product manager білуі керек инструменттер деп гуглға жазып, маңызды дамуым керек бағыттарды анықтаймын. Бұл бағыттар менің дұрыс бағытта, дұрыс білім алуыма нұсқаушы рөльді атқарады.

Сендер ситуацияларды түсіндіңдер ма? Төбедегі 2 сұраққа ауадан алып, фантастикалық санмен жауап бере салу қате. Өзіңді шынайы бағалау керек. Өзіңді шынайы бағаласаң ғана, сен иллюзияға тойып, армандап жүре бермейсің. Нақты қадамдар жасайтын боласың.

Досым, бәрі айтады ғой, армандау керек, мақсат қою керек деп. Оның бәріне келісем. Бірақ, қай жерден тұрғаныңды, және қай жаққа бара жатқаныңды, бір сәтке болсын тоқтап, арасында ойланып тұр!)

П/с: егер пост ұнап жатса, бір смайлик қалдырып кетсең жеткілікті