Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын талапқа өзгеріс енгізіл | Жаңалықтар - Stan.kz

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын талапқа өзгеріс енгізіледі. Енді оқушыларға поло мен кардиган киюге рұқсат берілмек.

Оқу-ағарту министрлігі ұсынған жаңа өзгерістерге сәйкес ұлдарға мектепке пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска киюге болады. Ал қыста трикотаж жилет, водолазкаға рұқсат етіледі. Алайда киімнің түсі, стилі және басқа да тұстары мектеп әкімшілігімен келісілуі керек.

Ал қызардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска; қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка.

Мектеп формасының фасоны мен ұзындығын мектеп пен кеңес анықтайды және жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.

t.me/stankznews