Get Mystery Box with random crypto!

«Қазақмыс» Ұлытау облысын дамытуға 35 миллиард теңге бөледі. | Жаңалықтар - Stan.kz

«Қазақмыс» Ұлытау облысын дамытуға 35 миллиард теңге бөледі.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және "Kazakhmys Holding" ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай Ұлытау облысының әкімдігі мен "Қазақмыс" Тобы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға сәйкес "Kazakhmys Holding" ЖШС қызметі Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданында жалпы сомасы 35 млрд. теңгеге 22 жобаны іске асыру жолымен әлеуметтік тұрақтылықты күшейтуге бағытталады. Меморандум аясында Жезқазған қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, музыкалық драма театры мен балабақша сынды әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандар салынады.

Әрі "Қазақмыс" мемлекеттік техникалық университеттің ашылуына және Ұлытау ауданында Мемлекеттік рәміздер алаңының құрылысына қатысады. Компания есебінен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған екі ғимарат сатып алынады. Шаруашылық суының көтергіш сорғы станциясына жөндеу жүргізіп, 320 орындық балабақшаның құрылысын аяқтайды.

t.me/stankznews