Get Mystery Box with random crypto!

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге салынған үйлер жа | Жаңалықтар - Stan.kz

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге салынған үйлер жауын-шашын салдарынан судың астында қалды.

Бұл үйлер Әулиекөл ауылында үйі өртеніп кеткендерге арнап екі айда салынған. Алайда тұрғындар қоныс тойларын да тойлап үйлермеген сыңайлы.

Облыс әкімдігі үйлердің іргетасы судан зақымданбайды деп отыр. Сонымен қатар үйлердің құрылысы мерзімінен бұрын аяқталған. Қазір үйлер маңында су сору жұмыстары жүріп жатыр.

«Бірнеше күн бойғы жылы температура, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын салдарынан тұрғын үйлердің іргелес аумақтарында су жиналуы байқалады. Сонымен бірге инженерлік-геологиялық зерттеулердің мәліметтері бойынша, үйлер ылғалдан қорғалған, іргетасына су кірмейді, су басу қаупі төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта жергілікті жерлерде суды сору жұмыстары жүргізілуде”, – деді құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Берік Таңжарықов.

t.me/stankznews