Get Mystery Box with random crypto!

'Ресейден қорқып тағы 30 жыл жоғалтып алмау керек': Қазақстанд | Жаңалықтар - Stan.kz

"Ресейден қорқып тағы 30 жыл жоғалтып алмау керек": Қазақстанды зерттеп жүрген түрік сарапшысы ел қайткенде дамитынын айтты.

Тілшімізге сұхбат берген Сердар Йылмаз қазақ тілін Түркияда жүріп үйреніп, Алматыға келген соң жетілдіргенін айтады. Сонымен қатар Алматы, Астана, Шымкент пен Түркістанда да тұрып көрген.

Йылмаз Қазақстандағы ұйымдарға тигізетін Ресей ықпалына тосқауыл қою керек деген пікір ұстанады. Сөзінше, барлық түркі мемлекеттері Ресейге деген қорқынышынан арылып, ынтымақтастықты жақсартуы қажет.

«Ресейде "Қазақстан мемлекет емес" деп жүрген саясаткерлер бар. Орыстар тым көп болғандықтан, Қазақстанды да Қырым сияқты Ресей басып алуы керек деп ойлайтындар бар. Ресей аймақтағы сенімді ел емес. Тарихи байланыстарымен Ресейге жақын болған Қазақстан енді сыртқы саясатын әртараптандырып, Ресеймен теңесетіндей күш құруы керек. Барлық түркі мемлекеттері Ресей қорқынышынан арылып, көбірек ынтымақтасуы қажет. Ресейден қорқып 30 жыл жоғалттық, түркі мемлекеті ретінде тағы 30 жыл жоғалтып алмау керек", - дейді сарапшы.

Сонымен қатар сарапшы Қазақстанға келген ресейліктерге азаматтық бермеу керегін айтады. Оның пікірінше, ресейліктер көбейсе, қазақша сөйлейтіндер азаяды. Ресейдің ықпал ету аясы кеңейіп, орыс мәдениеті көбірек таралады.

Толығырақ Stan.kz сайтынан оқи аласыз.

t.me/stankznews