Get Mystery Box with random crypto!

Ішкі істер министрлігі ойынханаларда 507 миллион теңге ұтылған | Жаңалықтар - Stan.kz

Ішкі істер министрлігі ойынханаларда 507 миллион теңге ұтылған 305 мемлекеттік қызметкерге қатысты тергеу бастады.

Алматы облысының прокуратурасы жариялаған тізімде құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін 97 қызметкер бар.

"Бұл мемлекеттік қызметшілердің, соның ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әдеп кодексі ғой. Әрбіріне әділ баға беріледі. Бұл тұлғалар бойынша тергеу жүріп жатыр. Кейбірі ІІМ құрылымында шынымен де жұмыс істемейді", - деді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы форумның кулуарында.

Сонымен қатар шенеуніктердің құмар ойынға ақшаны қайдан алғаны да тергеу барысында анықталады.

Бұған дейін ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров шенеуніктердің ойынханада ұтылған 507 миллион теңгені қайдан алғанына қатысты пікір білдірген болатын. Министр шенділердің құмар ойындарға жеке жинақтарын жұмсауы мүмкін екенін мәлімдеді.

t.me/stankznews