Get Mystery Box with random crypto!

Соққы және гол!

Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол! С
Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол!
Арна мекенжайы: @soqqyjanegoal
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 55.35K
Арнадан сипаттама

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша
Жарнама бойынша: @alimjanasqar
Баннан шығару: @kushimbaev

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 167

2024-01-16 04:07:06
Бүгінгі ойындар тізімі

Азия кубогы. 1-тур:

20:30. Таиланд – Қырғызстан
23:30. Сауд Арабиясы – Оман

Африка кубогы. 1-тур:

20:00. Буркина-Фасо – Мавритания
23:00. Тунис – Намибия
02:00. Мали – Оңтүстік Африка

Серия А. 20-тур:

01:45. Ювентус – Сассуоло

Англия кубогы. 1/32 финал:

01:45. Вулверхэмптон – Брентфорд
01:45. Бирмингем – Халл
01:45. Болтон – Лутон
01:45. Бристоль Сити – Вест Хэм
01:45. Истли – Ньюпорт

Испания кубогы. 1/8 финал:

01:00. Хетафе – Севилья
02:00. Атлетик – Валенсия
03:00. Тенерифе – Мальорка

Түркия кубогы. 1/16 финал:

00:00. Бешікташ – Эюпспор.
13.0K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 01:07
Ашу / Түсініктеме
2024-01-16 01:16:17 Капитанымыз өз даусын Марцело Брозовичке бергені қалай кетті?
12.7K viewsӘлімжан Асқар, 22:16
Ашу / Түсініктеме
2024-01-16 01:13:45
Адиев пен Тағыбергеннің The Best жүлдесінде кімдерге дауыс бергені белгілі болды

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиевтің үштігі:

Лионель Месси
Кевин де Брюйне
Килиан Мбаппе

Капитан Асхат Тағыбергеннің үздік үш ойыншысы мынадай:

Килиан Мбаппе
Лионель Месси
Марцело Брозович

Журналист Гений Тулегеновтің таңдауы:

Бернарду Силва
Эрлинг Холанд
Лионель Месси
12.8K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  22:13
Ашу / Түсініктеме
2024-01-15 23:54:50
«ФИФА» нұсқасы бойынша Лионель Месси 2023 жылдың ең үздік ойыншысы атанды

Дауыс беру қорытындысы:

Лионель Месси - 48
Эрлинг Холанд - 48
Килиан Мбаппе - 35
12.9K viewsБағлан Тілегенұлы, edited  20:54
Ашу / Түсініктеме
2024-01-15 22:52:17
«ФИФА» нұсқасы бойынша 2023 жылдың ең үздік құрамы
12.6K viewsБағлан Тілегенұлы, 19:52
Ашу / Түсініктеме
2024-01-15 22:51:15
Пеп Гвардиола:

"Барса менің жүрегімнен орын алған команда. Менің осында тұруымның басты себебі - «Барселона». Барса менің өмірімнің бір бөлігі".
12.7K viewsБағлан Тілегенұлы, 19:51
Ашу / Түсініктеме
2024-01-15 22:45:23
«ФИФА» нұсқасы бойынша Пеп Гвардиола 2023 жылдың ең үздік бапкері атанды.

Дауыс беру қорытындысы:

Пеп Гвардиола - 28
Лучано Спалетти - 18
Симоне Индзаги - 11
12.8K viewsБағлан Тілегенұлы, edited  19:45
Ашу / Түсініктеме
2024-01-15 20:17:07
Андре Онана көкем Африка кубогын айыруға келді

Бірақ алғашқы матчқа кешігіп қалды. Қанша асыққанмен, үлгермеді.

«МЮ» – «Тоттенхэм» матчынан (2:2) кейін бірден жеке ұшағымен жолға шықты. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты Абиджаннан ары аса алмады.

Сөйтіп Ямусукроға Гвинеяға қарсы матчқа үлгеру үшін тұманның сейілгенін күтпей, 240 шақырым жолға көлікпен шығып кетіп, стадионға келді.

Бірақ соңғы 24 сағатының тым тығыз болуына байланысты матчқа қатысатын ойыншылар тізіміне енбеді.
13.9K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  17:17
Ашу / Түсініктеме
2024-01-15 19:49:33
«Эвертон» мен «Ноттигем Форесттен» ұпай шегереді

Премьер-лига аталған екі клубқа фэйр-плэй ережелерін бұзды деп айып тағып отыр. Екі клубта ұпай жоғалтады, алайда қанша ұпай шегерітіні жайлы ресми ақпарат жоқ. Мерсисайдтықтар мен орманшылар турнирлік кестенің қауіпті зонасына жайғасуы мүмкін.

Еске салсақ «Эвертоннан» қараша айында да дәл осы себепті -10 ұпай тартып алынған еді.
13.7K viewsБағлан Тілегенұлы, 16:49
Ашу / Түсініктеме
2024-01-15 19:11:01
Родри барда жеңілмейді

«Ман Сити» Родри қатысқан 50 ойында қатарынан жеңілмей келеді. Ал Родримен бірге соңғы жеңілісі өткен жылдың ақпан айында «Тоттенхэмге» (1-0) қарсы ойында тіркелген болатын.

Ең қызығы Пеп Гвардиоланың командасы келесі ойынды Англия кубогы аясында дәл сол «Тоттенхэмге» қарсы сырт алаңда өткізеді.

Жеңісті серия тоқтайды ма?
12.9K viewsБағлан Тілегенұлы, 16:11
Ашу / Түсініктеме