Get Mystery Box with random crypto!

Соққы және гол!

Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол! С
Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол!
Арна мекенжайы: @soqqyjanegoal
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 55.35K
Арнадан сипаттама

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша
Жарнама бойынша: @alimjanasqar
Баннан шығару: @kushimbaev

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 166

2024-01-16 19:27:44
АПЛ-де ойыншыларына ең көп жалақы төлейтін ТОП-5 команда:

«МЮ» - €241 млн (жылына)
«Ман Сити» - €233млн (жылына)
«Арсенал» - €193млн (жылына)
«Челси» - €181млн (жылына)
«Ливерпуль» - €159млн (жылына).
13.2K viewsБағлан Тілегенұлы, 16:27
Ашу / Түсініктеме
2024-01-16 17:24:43
Азия кубогының тарихындағы ең үздік сұрмергендер:

Әли Даеи – 14 гол
Ли Дон Гук – 10
Әли Алмоез – 10
Наохиро Такахара – 9
Әли Мабхут – 9
Джасем Әл-Гуваиди – 8
Юнис Махмуд – 8
Сердар Азмун – 7

Азмун отандасының рекордын жаңарта ала ма?
13.2K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 14:24
Ашу / Түсініктеме
2024-01-16 15:38:50
РЕСМИ: Даниэле Де Росси – «Романың» жаңа бас бапкері атанды!

Римдік команданың аңыз ойыншысы маусым соңына дейін бас бапкер қызметін атқарады. Ал екі тарап қаласа, келісімшартты одан әріге ұзарта алады.

Де Росси футболшы мансабында 2002-2019ж аралығында «Ромада» өнер көрсетті. 17 жыл ішінде 616 ойын өткізіп, 63 гол соғып, 60 голдық пасты өз атына жазды.
12.8K viewsБағлан Тілегенұлы, edited  12:38
Ашу / Түсініктеме
2024-01-16 14:02:18
Лионель Мессидің The Best марапаттау рәсіміне не себепті келмегені белгілі болды

Лео «Интер Майами» сапындағы жаңа маусымға дайындығын үзгісі келмепті.

Егер Лондонға келсе, бірнеше жаттығудан қағылатын еді. Ал 36 жастағы ойыншы маусымға толыққанды дайындалып, ешқандай жарақатсыз өткізгісі келеді екен.

Кеше Месси үшінші рет FIFA нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды.
13.2K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 11:02
Ашу / Түсініктеме
2024-01-16 12:55:49 Соққы және гол! #158

Эль-Клааааааасико жайлы


Реал тағы да Барсаны талқандады! Хави қашан кетеді?



13.1K viewsӘлімжан Асқар, 09:55
Ашу / Түсініктеме
2024-01-16 11:32:35
Ресми: Жозе Моуринью «Ромадан» кетті

Қос тарап 2024 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартты бұзды.

60 жастағы маман Римнің клубын 2021 жылы тізгіндеп, 2021/22 жылғы маусымда Конференция лигасында топ жарды.

Қайда барады деп ойлайсыз?
13.1K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  08:32
Ашу / Түсініктеме
2024-01-16 10:54:43
Ресми: Рамазан Оразов «Ақтөбеге» оралды

Осыған дейін «ақ-қызылдардың» сапында 2021-ден 2022 жылға дейін ойнап, ҚПЛ күміс жүлдегері атанған.

Желіде «Копердің» Рэммен жалақысының көптігі және нәтижелігінің аздығына байланысты келісімшартты бұзғаны хабарланған еді.

Одан кейін тағы бір Словенияның клубы «Целеге» ауысуы мүмкін екені де айтылды. Бірақ ол бос сөз болып қалды.
13.4K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  07:54
Ашу / Түсініктеме
2024-01-16 08:15:16
Нәзік жанды футболшылардың өз «Пушкашы» болады

FIFA 2025 жылдан бастап «әйелдер футболындағы үздік гол» жүлдесін табыстайтынын хабарлады.

Осыған дейін ерлер мен қыздар бірге «Пушкашқа» таласып келген еді.

Жаңа жүлде Бразилияның аңызы, әйелдер арасындағы ӘЧ үздік сұрмергені (17 гол) Мартаның есімімен аталады.

Марта кешегі The Best марапаттау рәсімінде ғаламат мансабы үшін арнайы жүлдеге ие болды.
14.1K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  05:15
Ашу / Түсініктеме
2024-01-16 07:44:55
Африка кубогының тарихындағы үздік сұрмергендер:

Самюэль Это’О – 18 гол
Лоран Поку – 14
Рашиди Йекени – 13
Хассан Эль-Шазли – 12
Патрик Мбома – 11
Хоссам Хассан – 11
Дидье Дрогба – 11.
13.9K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 04:44
Ашу / Түсініктеме
2024-01-16 05:22:30
Лионель Мессидің The Best жүлдесінде кімдерге дауыс бергені белгілі болды

Лео бірінші орынға Эрлинг Холандты қойса, екінші Килиан Мбаппеге бұйырып, үшке Хулиан Альваресті белгілеген екен.

Жылдың үздік ойыншысы өзі атанып, үш рет жеңген алғашқы футболшы болып тіркелді.
12.7K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 02:22
Ашу / Түсініктеме