Get Mystery Box with random crypto!

Соққы және гол!

Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол! С
Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол!
Арна мекенжайы: @soqqyjanegoal
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 55.35K
Арнадан сипаттама

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша
Жарнама бойынша: @alimjanasqar
Баннан шығару: @kushimbaev

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 165

2024-01-17 14:22:33
QJ League халықаралық турнир атануы мүмкін

Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан клубтары турнирде ойнауға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Аталған елдерге Лиганың идеясы мен концепциясы ұнаған. Сондықтан олар турнирге клубтарын қосуға дайын екенін айтып, QJ League кеңсесіне хат жолдады.
12.9K viewsӘлімжан Асқар, 11:22
Ашу / Түсініктеме
2024-01-17 13:51:42
Сон Хын Мин қатарынан жетінші рет Азияның үздік футболшысы атанды

Оңтүстік Кореяның дүлдүлі азиялық журналистер мен сарапшылардың шешімімен 22,9% дауыс жинап, тоғызыншы рет үздік деп танылды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Сон отандасы Ким Мин Чжэ (19,54%) мен «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналдуды (17,06%) қапы қалдырды.

Бұл атаққа азиялық футболшылар мен AFC қатарына кіретін клубтарда өнер көрсететін ойыншылар таласады.
12.8K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 10:51
Ашу / Түсініктеме
2024-01-17 12:50:41
«КраСаваның» бас бапкері Димаш Серікұлының таланты мен болашағына қатысты пікір білдірді

«Ол әлі жас, сондықтан шетелде ересектердің жаттығуына бірден сіңісіп кетуі қиынға соғады. Бірақ бұл ол үшін үлкен тәжірибе болатыны сөзсіз.

Ал ағылшын тілін білмеуі ешқандай кедергі емес деп ойлаймын. Өйткені футболда тіл емес, қабілет маңызды. Димаш мінезді жігіт екен, жаңа дүниелер үйренуге жұлқынып тұр.

Freedom QJ League жобасының арқасында Димаш өзінің бағын Кипрде сынап көреді. Ал біз талантты футболшының әлеуетін байқап көреміз.

Команданың алдағы жоспарына қарай әрекет етеміз. Оның үстіне қысқы трансфер кезеңінде тіркей алатын ойыншылар саны шектеулі. Дегенмен Димаш секілді талантты футболшылар клубқа көмегін тигізер еді», – деді Константинос Хараламбидис Meta-ratings.kz сайтына берген сұқбатында.

Сұхбатты толық оқыңыздар
13.1K viewsӘлімжан Асқар, edited  09:50
Ашу / Түсініктеме
2024-01-17 10:27:40
Джанлуиджи Буффон «Ювентус» В Сериясына ұшқан кезде неге кетпегенін айтты

«28 жаста, оның үстіне әлем чемпионы деген дардай атақпен «Ювентуста» қалу көпшілікке ақымақтық болып көрінуі мүмкін. Бірақ ол ар-намыстың таңдауы болды. Бұл менің ұстанымым, өмірлік құндылықтарым. Ақша мен үшін әрқашан соңғы орында болған», – деді аңыз қақпашы.

Буффон 2023 жылдың 2 тамызында кәсіби футболшы мансабын аяқтаған еді.
12.8K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 07:27
Ашу / Түсініктеме
2024-01-17 09:02:11
Икер Касильяс The Best марапаттау рәсімінде үздік құрам жасақталған схеманы сынға алды

«1-3-3-4. Бұл лотерея билеті емес. Қандай да бір елдің телефон коды емес немесе айфонымның құпиясөзі емес. Бұл футболдағы жаңа схема!

Келесі құрамды жинауға 1-10 схемасын алыңдар», – деп жазды экс-қақпашы әлеуметтік желіде.
13.4K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 06:02
Ашу / Түсініктеме
2024-01-17 05:01:39
Франция чемпионатының желтоқсан айындағы үздік ойыншысы анықталды

Ол «Марсельдің» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг атанды.

Өткен айдағы бес матчта форвард төрт гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Бұл Аубаның 1 Лигадағы мансабында алған төртінші осындай жүлдесі.
13.9K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 02:01
Ашу / Түсініктеме
2024-01-17 04:07:06
Бүгінгі ойындар тізімі

Азия кубогы. 2-тур:

17:30. Ливан – Қытай
20:30. Тәжікстан – Катар

Африка кубогы. 1-тур:

23:00. Марокко – Танзания
02:00. Конго ДР – Замбия

Англия кубогы. 1/32 финал:

01:45. Блэкпул – Ноттингем
01:45. Бристоль Роверс – Норвич
01:45. Эвертон – Кристал Пэлас

Испания кубогы. 1/8 финал

01:00. Валенсия – Сельта
02:00. Осасуна – Реал Сосьедад
02:30. Жирона – Райо Вальекано.
14.0K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 01:07
Ашу / Түсініктеме
2024-01-16 22:43:58
Футболда жұмыс істеу арманың ба? Бұл сенің мүмкіндігін!

Біз сені күтеміз!

Мечтаешь работать в футболе? Это твой шанс!

Мы ждем тебя!
12.8K viewsӘлімжан Асқар, 19:43
Ашу / Түсініктеме
2024-01-16 20:42:38 Руслан Бақытжанның арнасында видео шықты!

Мырзағали Айтжанов: Есігіміз бәріне ашық! / Францияға кім барады?



13.3K viewsӘлімжан Асқар, 17:42
Ашу / Түсініктеме
2024-01-16 19:37:52
Қырғызстан үшін Азия кубогы сәтсіз басталды

Ала-Тоо жоокерлери алғашқы ойында Таиландпен кездесіп, 0:2 есебімен есе жіберді.

Бұл Қырғыз елінің екінші Азия кубогы. Осыған дейін алғаш рет 2019 жылы БАӘ жерінде өткен додада бақ сынап, 1/8 финалда турнир қожайындарынан жеңіліп (2:3) қалған.

Қырғызстан келесі матчын 21 қаңтар күні Сауд Арабиясына қарсы өткізеді. Одан бөлек Оман құрамасы да бар.

Топтан шыға ала ма?
13.5K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  16:37
Ашу / Түсініктеме