Get Mystery Box with random crypto!

Соққы және гол!

Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол! С
Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол!
Арна мекенжайы: @soqqyjanegoal
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 55.35K
Арнадан сипаттама

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша
Жарнама бойынша: @alimjanasqar
Баннан шығару: @kushimbaev

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 11

2024-04-26 16:50:29
Энцо Фернандеске ота жасалды

«Челси» футболшысына шап жарығына (грыжа) байланысты жасалған ота сәтті өтті.

Энцо алты ай бойы ауырсынып ойнап, тек дәрімен шектеліпті. Нәтижесінде асқындырып алған екен.

Енді клуб сапындағы маусымның қалған ойындарына қатыспайды. Бірақ Америка кубогына дейін атша шабамын деп отыр.
13.3K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 13:50
Ашу / Түсініктеме
2024-04-26 14:01:29
QFL Лига кубогының жеребе тарту рәсімі өтті

А тобы: Қайрат, Ақжайық, Тараз, Қызылжар;
В тобы: Ақтөбе, Қайсар, Жеңіс, Тобыл;
С тобы: Елімай, Тұран, Атырау, Ордабасы;
D тобы: Каспий, Шахтер, Жетісу, Астана.

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 1 млн доллар.

Бұл дода 25 мамыр күні басталады. Әр топтағы клубтар бір-бірімен бір реттен кездесіп, үздігі қос матчтан тұратын жартылай финалға жолдама алады.

Финал 24 қарашаға жоспарланған.

@sportqazaq
13.6K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 11:01
Ашу / Түсініктеме
2024-04-26 13:35:11
АПЛ-да баспен соғылған алғашқы голына дейін көп гол салғандар:

Тьерри Анри – 73 гол
Кевин де Брюйне – 67
Питер Бердсли – 51
Пьер-Эмерик Обамеянг – 44
Тео Уолкот – 43.
13.4K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 10:35
Ашу / Түсініктеме
2024-04-26 12:31:08 Қалайсыңдар? Қандай матчқа конкурс жасаймыз?
13.7K viewsӘлімжан Асқар, 09:31
Ашу / Түсініктеме
2024-04-26 11:46:54
ЧЛ келер маусымына қатысатын алты клуб белгілі болды

Байер
Интер
ПСЖ
Реал
ПСВ
Фейеноорд

Жаңа маусымда 36 клуб бақ сынайды. Оның 29-ы тікелей жолдама алса, жетеуі іріктеу арқылы анықталады.
14.0K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 08:46
Ашу / Түсініктеме
2024-04-26 10:12:07
Әлемдегі ең үздік қақпашы белгілі болды

FourFourTwo нұсқасы бойынша қазіргі таңда әлемдегі топ-10 қақпашы:

Алиссон
Эдерсон
Марк-Андре тер Стеген
Эмилиано Мартинес
Майк Меньян
Ян Зоммер
Джанлуижди Доннарумма
Лукаш Градецки
Диогу Кошта
Мануэль Нойер.

Келісесіз бе?
12.8K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 07:12
Ашу / Түсініктеме
2024-04-26 07:09:06
Кайл Уокер бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді

Қорғаушы «Манчестер Сити» – «Брайтон» кездесуінде (4:0) көзге түсіп, мансабында алғаш рет АПЛ матчында екі нәтижелі пас берді.

Бұл оның Англия Премьер-лигасындағы 390-шы матчы болды. Әзірге сегіз гол соғып, 37 ассистің авторы атанды.
13.0K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 04:09
Ашу / Түсініктеме
2024-04-26 06:02:01
«Манчестер Сити» 2022 жылдағы нәтижесін қайталады

«МС» – қатарынан төрт АПЛ матчында 4+ гол соққан бар-жоғы үшінші клуб.

4:1 vs Астон Вилла
4:2 vs Кристал Пэлас
5:1 vs Лутон Таун
4:0 vs Брайтон

Бұрын-соңды мұндай нәтиже «Манчестер Юнайтед» (сәуір, 2000) пен «Арсеналға» (наурыз, 2024) және «Ман Ситидің» өзіне (мамыр, 2022) бағынған.
12.9K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 03:02
Ашу / Түсініктеме
2024-04-26 05:20:31
Кевин де Брюйне АПЛ-де алғаш рет баспен гол соқты

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы «Брайтонға» қарсы матчтың (4:0) 17 минутында көзге түсті.

Бұл оның Англия Премьер-лигасындағы 255-ші матчы болды. Осы аралықта 68 гол соғып, 110 нәтижелі пас берген.
12.6K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 02:20
Ашу / Түсініктеме
2024-04-26 01:48:53
АПЛ-дың үздік үш командасы
13.1K viewsӘлімжан Асқар, 22:48
Ашу / Түсініктеме