Get Mystery Box with random crypto!

Соққы және гол!

Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол! С
Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол!
Арна мекенжайы: @soqqyjanegoal
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 55.20K
Арнадан сипаттама

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша
Жарнама бойынша: @alimjanasqar
Баннан шығару: @kushimbaev

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2024-04-29 15:51:04
Дайындалып келіпті...
12.7K viewsRaiym Korganbay, 12:51
Ашу / Түсініктеме
2024-04-29 13:58:50
Тиаго Силва «Челсиден» кетеді

39 жастағы қорғаушы маусым соңында Лондонның клубымен қош айтысады.

Силва «Челсиге» 2020 жылы келген еді. Осы аралықта 151 матч өткізіп, клубпен Чемпиондар лигасы, УЕФА Суперкубогы һәм клубтар арасындағы Әлем чемпионатында топ жарды.
13.6K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  10:58
Ашу / Түсініктеме
2024-04-29 12:39:31
АПЛ-да бір клуб тізгінінде ең көп матч өткізген бапкерлер:

Арсен Венгер – 828 ойын
Алекс Фергюсон – 810
Дэвид Мойес – 427
Юрген Клопп – 331
Пеп Гвардиола – 300.
13.9K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 09:39
Ашу / Түсініктеме
2024-04-29 10:45:47
Соңғы 48 жылда болмаған нәтиже тіркелді

Лига 1-дің 31-ші турында барлық клуб бір-біріне гол соқты.

Мұндай жағдай Франция чемпионатында соңғы рет 1976/77 жылғы маусымдағы 4-ші турда орын алған екен.
13.2K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 07:45
Ашу / Түсініктеме
2024-04-29 06:20:36
Кевин де Брюйне ассист бойынша рекорд жаңартты

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы «Ноттингемге» қарсы ойындағы екі голдың екеуіне де пас шығарып берді.

Осылайша 18-ші рет АПЛ бір матчында 2+ нәтижелі пас беріп, Сеск Фабрегас пен Райан Гиггздің рекордын (17) бұзды.
13.0K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  03:20
Ашу / Түсініктеме
2024-04-29 06:01:06
ЧЛ келер маусымына қатысатын он клуб белгілі болды

Байер
Интер
ПСЖ
Реал
ПСВ
Фейеноорд
Бавария
Милан
Арсенал
Манчестер Сити

Жаңа маусымда 36 клуб бақ сынайды. Оның 29-ы тікелей жолдама алса, жетеуі іріктеу арқылы анықталады.
12.8K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 03:01
Ашу / Түсініктеме
2024-04-29 05:20:26
Пеп Гвардиола Англия Премьер-лигасындағы 300-ші матчын өткізді

«Манчестер Сити» бас бапкерінің 300-ші кездесуінде команда «Ноттингемді» 2:0 есебімен жеңді.

Осылайша АПЛ тарихында алғашқы 300 матчында ең көп жеңіске жеткен бапкер атанды:

Пеп Гвардиола – 221 жеңіс
Жозе Моуринью – 189
Юрген Клопп – 188
Алекс Фергюсон – 183
Арсен Венгер – 180.
12.9K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 02:20
Ашу / Түсініктеме
2024-04-29 05:07:06
Бүгінгі ойындар тізімі

Ла Лига. 33-тур:
00:00. Барселона – Валенсия

Серия А. 34-тур:
23:45. Дженоа – Кальяри

Чемпионшип. 45-тур:
00:00. Престон – Лестер

Суперлига. 31-тур:
22:00. Хапоэль БШ – Бней Сахнин.
12.7K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 02:07
Ашу / Түсініктеме
2024-04-28 22:18:27
«ПСЖ» 12 дүркін Франция чемпионы атанды

«Монаконың» 31-турда «Лионнан» жеңілуі (2:3) «ПСЖ-ның» мерзімінен бұрын топ жаруына себепкер болды.

Осылайша Париждің клубы 12-ші рет шашасына шаң жуытпай, өз рекордын жаңартып қойды:

ПСЖ – 12 рет
Сент-Этьен – 10
Марсель – 9.
13.0K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 19:18
Ашу / Түсініктеме
2024-04-28 20:30:01
Әйелдер Чемпиондар лигасының финалистері анықталды

Барселона 0:1, 2:0 Челси

Лион 3:2, 2:1 ПСЖ

Осылайша «Барселона» мен «Лион» 25 мамыр күні Бильбаода кубокты сарапқа салады.

Лиондықтар бұл додада сегіз рет (рекорд) топ жарған. Ал қатарынан төртінші финалына шыққан «Барса» екі мәрте қарсылас шақ келтірмеді.

Қай клуб чемпион болады?
12.8K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 17:30
Ашу / Түсініктеме