Get Mystery Box with random crypto!

Соққы және гол!

Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол! С
Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол!
Арна мекенжайы: @soqqyjanegoal
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 55.35K
Арнадан сипаттама

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша
Жарнама бойынша: @alimjanasqar
Баннан шығару: @kushimbaev

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 201

2023-12-11 10:07:21
Карлос Каземиро жаттығуға оралды

Каземиро өткен айда Лига кубогы аясында өткен Ньюкаслға (0-3) қарсы ойында жамбас бұлшықетін жарақаттап алған еді. Қараша айынан бері жарақатпен арпалысқан ойыншы, бүгін жеке жаттығуларға кірісіп кетіпті.

Бразилиялық ағымдағы маусымда қызыл сойқандар сапында 12 ойынға қатысып үлгерді. Оның еншісінде 4 гол және 1 голдық пас бар.
12.8K viewsБағлан Тілегенұлы, edited  07:07
Ашу / Түсініктеме
2023-12-11 07:37:01
Жұмған аузымды ашпаймын

А Сериясының 15-турында Рома үйде Фиорентинаны қабылдады. Кездесуде тең (1-1) есеп тіркелді.

Римдіктер сапында Никола Залевски 41-ші және 64-ші минутта екі сары қағаз алып, соңы қызыл түске боялды.

Бас төреші Антонио Рапуана ойынның 87-ші минутында дөрекі ойыны үшін Ромелу Лукакудың да атына қызыл қағаз жазды.

Екі бірдей қызыл қағазға наразы болған Жозе Моуриньо ойыннан кейін баспасөзге сұхбат беруден жалтарды. Ол командасының әрбір өкіліне жұмған ауыздарыңды ашпаңдар, тілшілердің ешбір сұрағына жауап бермеңдер деген талап қойыпты.

Әлем өзгерсе де, Моуриньо өзгермейді..
13.6K viewsБағлан Тілегенұлы, 04:37
Ашу / Түсініктеме
2023-12-08 17:03:06
«Ювентус» Погбамен келісімшартты бұзады

Туриннің клубы Поль Погбаға ресми түрде жаза тағайындалған кезде келісімді бұзуды жоспарлап отыр.

«Юве» Погбамен қырқысқысы келмейді. Сондықтан мәдениетті түрде кездесіп, өзара келісім бойынша және өтемақы беріп, екі жаққа кетуді қалайды.

Егер 30 жастағы француз тырысып алса, келісімшартты өздері-ақ бұза салмақ.
13.1K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 14:03
Ашу / Түсініктеме
2023-12-08 16:03:19
Parimatch Kazakhstan-мен әсерлі футбол демалыс күндері!

Сүйікті командаң үшін болжам жасап, Parimatch-тан қос бонус ал:

Шотты алғашқы толықтырғаның үшін 150 000 теңгеге дейін 100% бонус;
Аккаунтыңды растағаның үшін 2000 теңгеге фрибет.


Жеңімпаздар командасынан бол!
12.7K viewsӘлімжан Асқар, 13:03
Ашу / Түсініктеме
2023-12-08 15:27:44
Ит үреді, керуен көшеді деген осы

Эрик көкем тен Хаг АПЛ-дің қараша айындағы үздік бапкері атанды.

Харри аңыз Магуайр – АПЛ-дің қараша айындағы үздік ойыншысы.

Ал Алехандро Гарначоның «Эвертонға» соққан голы «қарашаның үздік голы» атағына ие болды.

«Манчестер Юнайтед» қарашада чемпионаттағы барлық үш ойында жеңіске жетті.

Енді Онана айдың үздік сейвін алса, маусымды аяқтауға да болады)
12.7K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 12:27
Ашу / Түсініктеме
2023-12-06 07:47:41
Рафаэл Леаудың ерекше киім үлгісін бағалап жіберіңдер

«Милан» футболшысы Grand Gala del Calcio марапаттау рәсімінде А Сериясы өткен маусымының қорытындысы бойынша үздік 11 ойыншының қатарына енді.
12.6K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 04:47
Ашу / Түсініктеме
2023-12-03 20:51:40
Зор видео шықты!

2 Әлімжан, 6 жаңалық – 2

Жеребеде АНДАЙ ПРАНК жасаған кім? / УЕФА сотқа бермек! 2Ә6Ж2



13.5K viewsӘлімжан Асқар, 17:51
Ашу / Түсініктеме
2023-11-27 22:06:06
Криштиану Роналду төрешінің қателігін түзеді

Азия Чемпиондар лигасының 5-турындағы «Әл-Наср» – «Персеполис» матчынның 2 минутында Роналдуға ереже бұзылғандай көрініп, төреші пенальти белгілейді.

Бірақ Криштиану өзінің сәтсіз құлап қалғанын меңзеп, пенальти болмағанын айтты.

Содан кейін төреші VAR қарап, ойын өзгертіп, ойынды ары қарай жалғастыруға мүмкіндік берді.

Мынау қол соғарлық әрекет болған екен
12.8K viewsedited  19:06
Ашу / Түсініктеме
2023-11-27 21:06:51
Ертеңгі матчтарға Потолок экспресс 178 Кф

Ертең болатын Лига Чемпионовқа 178 коэффициент жинаған


экспрессті көргілерің келсе


https://t.me/+eajmD6Z1qmkyNjJi
12.8K views18:06
Ашу / Түсініктеме
2023-11-27 18:54:52
Манчестер Юнайтедтің алдағы 8 ойыны

Тен Хаагтың нағыз сыналар шағы әлі алда...
14.2K viewsБағлан Тілегенұлы, edited  15:54
Ашу / Түсініктеме