Get Mystery Box with random crypto!

Sakenkyzy

Telegram арнасының логотипі sayanyn_siyasy — Sakenkyzy S
Telegram арнасының логотипі sayanyn_siyasy — Sakenkyzy
Арна мекенжайы: @sayanyn_siyasy
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 822
Арнадан сипаттама

Ой жазбалар🖌

Ratings & Reviews

1.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

3


Соңғы хабарлар 2

2022-09-08 22:47:20
Мәриям мама Алланың үйіне барайықшы деп онда ойнағанды жақсы көреді. Неге ұнайды десем: ол жер үлкен жүгіріп ойнаймыз дейді. Бүгін мешітте асыр салып біраз ойнады. Түрік баурылар да өте балажан. Мешітте балаларды ойнаудан тыймайды.

Қайта мешіт балалардың есінде жақсы естелікпен есте қалады. Ал бала қай жерде жүрсе де ойын ойнап жан-жағымен танысады. Мысалы Мұхаммед 3 жасар болса да мінберде тұрған микрофонды көріп: бұ не? Аллаһу акбар?-деп, оның азан айтатын жер екенін түсініп тұр. Ал бала өскенде 3 жастан бастап есінде қалған оқиға-естеліктер есінде қалады. Әсіресе қатты эмоция берген оқиғалар. “Кезінде мешітте ойнайтынбыз, азан айтылатын” деп балалық шағын еске алып отырса керемет емес пе деген түнгі ой ғой мендегі...
755 views19:47
Ашу / Түсініктеме
2022-09-07 13:54:08
Осы кітап өте ұнады. Хадистерді толықтай ашықтап түсіндірген. Қызығы атақты “уа, Әбу Ғумайр! Қалайша мерт болды екен шымшық нұғайр?” деген хадистен ғұламалар 400 түрлі ғибрат шығарғандығы.

Және бәріміз уағыздардан естіп жүрген мына хадистің мәтіні мен жаннаттық деп келген кісінің кім екенін білгенде тағы таңқалдым. Ол мына хадис: “Әнас ибн Маликтен р.а: Біз Алла елшісімен(с.а.с) бірге отырған едік, ол: “Қазір сендерге жаннаттық бір адам көрінеді”,- деді. Сонда сақалынан дәреттің суы тамшылап, аяқкиімін сол қолына іліп алған бір ансарлық ер адам көрінді” деп басталатын хадистегі осы жаннаттық кісінің кім екенін автор түрлі риуаяттарды келтіріп кім екенін айтқан. Ол жәннатпен сүйіншіленген 10 сахабаның бірі- Сағд ибн Әби Уаққас р.а. екен. Бірақ бұл сахаба ансарлық емес. Бірақ неге ансарлық деп атағанын ғұламалар түрлі пікір айтқан. Ал бұл хадистің соңғы жағындағы мәтіні басқа риуаяттан келтірген екен.
609 viewsedited  10:54
Ашу / Түсініктеме
2022-09-07 13:17:36 Ғұламалар ілім жолына қанша ақша жұмсады???

•Имам Мәліктің ұстазы- Рабиға әр-Раидың анасы да осы жолда көп ақша сарп еткен. Баласының білімі үшін отыз мың динар жұмсаған. Бұл ақшаны оған күйеуі соғысқа аттанар алдында қалдырып кеткен екен. Ұлы есейіп ұстаздық дәрежеге жеткенде бірақ оралады. Шешесі ұлын әкесі қалдырып кеткен ақшамен ерекше табандылық көрсетіп, осы деңгейге жеткізген.

•Яхия ибн Салих- Исмаил маған былай деген еді: “Әкемнен маған төрт мың динар мирас қалды. Бұлардың барлығын да ілім алу үшін жұмсадым”.

•Зияд ибн Абдулла ибн әт-Туфәйл әл Баққай әл-Куфи жайлы: Ибн Исхақтың “әл-Мағази” атты еңбегін одан артық білетін адам жоқ. Өйткені екі мәрте жатқа жазған” деп айтылады. Сондай-ақ мынандай да мәлімет жеткен:
“Ешкімнің қолындағы “әл-Мағази” кітабы Зиядтың қолындағыдай сенімді емес. Өйткені Зияд, Ибн Исхақпен кездесіп, бұл кітапты тыңдау үшін үйін сатқан.
464 views10:17
Ашу / Түсініктеме
2022-09-04 19:19:14 Ерсін ұстаз ихия дәрістерінде мына оқиғаны баяндап берген еді.

Бұл оқиғаны шам өлкесіндегі үлкен уағызшы Мухаммад Ротиб Наблуси атты кісі баяндаған. Ал ол кісіге өзінің бір танысы басынан өткенін айтқан екен.

Сол танысы компьютер жөндеуден ең мықты маманның бірі екен. Ол кісіге бір фирмадан хабарласып компьютердің бұзылғанын айтып қаншаға жөндейтінін сұрайды. Бағаны айтады. Ал әлгі кісі бағаны түсір деп қоймай қояды. Бағаны түсіре алмайтынын қанша айтса да түсіруін сұрай береді. Әлгі кісі ашуланып: жоқ түсірмеймін, баға осы. Мен саған емес, сен маған мұқтажсың дейді. Сомен клиент келіседі.

Ал жаңағы маман компьютерді жөндеуге кіріседі. Бірақ жөндей алмай әуреге түседі. 10 күнге дейін жөндеуге тырысады бірақ проблема шешілмейді. Сол кезде біраз ойланып бұрыңғы айтқан сөзі: “мен саған мұқтаж емеспін, сен маған мұқтажсың” дегені есіне түсіп бірден сол сөзіне тәубе етіп, Алладан кешірім тілеп, садақасын беріп 11 ші күні жұмысына барып компьютерді жөндей бастайды. 10 күн шешілмеген мәселесі солай жарты сағатта шешіліп кетеді.

Яғни ъужуб(өз-өзіне таңқалу) дертіне шалдығу жүрек ауруының бір түрі екен. Егерде өзіміздің мамандығымызда немесе мықты жасайтын ісімізде өзімізді өзгеден артық қойып дандайсып кетсек, Алла сол нәрсені алып қояды немесе адамды абыройсыз етіп қояды.

Және айтады: ъужуб дертінің ең жаманы- қате жолда жүріп, дұрыс емес пікірде жүріп, өзін дұрыспын деп ойлап, өзін өзгеден артық қоюуы дейді.

Бұл дерттің емі- өзінің ішкі дүниесіне үңіліп, өзгеден емес өзінен айып іздеу. Өз кемшілігін мойындау.

Бізге берілген барлық нығмет Алладан. Алла барлық адам бойына артық қасиеттер беріп қойған. Сол қасиетпен өзімізді өзгеден жоғары қойып “ мен, мен “ деп өзгені дым білмейтін деп білсек, Алла бізді төмен түсіріп қояды екен. Ал қашан қарпайымдылықты ұстанып, бойымыздағы барлық артық қасиет Алладан деп білсек Алла сол пендесін құрметті етіп қояды.

Алла баршамызды жүрек дерттерінен сақтасын, дертіміз болса одан арылтсын.Әмин!
639 views16:19
Ашу / Түсініктеме
2022-09-02 11:09:48 “Қиямет күні амал дәптерінде көп истиғфар болған адамға сүйінші болсын” хадис, бәйһақи.

#жұмамүбәрак
570 views08:09
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 15:03:49 Сосын уағызды елге белгілі абыройы бар, ғалым кісінің айтқаны өтімді болады. Өйткені оны адамдар құрметтейді, құлақ асады. Ал өзіңнің кемшілігіңді білетін, жақыныңа айтсаң “ауылдағының аузы сасық” деп қабылдай бермеуі мүмкін

Мысалы, кейде бір дұрыс нәрсені жақыныңа айтсаң онша құлақ аспайды. Ал сол сөзді өзі жақсы көретін, құрмет тұтатын адамы айтса бірден қабылдап өзіңе айтып келеді. Соны саған айтқан едім ғой десең: қашан? деп күледі

Бірде күйеуім маған мына кітап қызық оқы деген ғой. Мен оған мән бермегенмін. Кейін құрбым айтқан соң оқыдым. Күйеуіме: мына кітап қызық екен, оқып көрсеңізші десем: саған айтқан едім ғой, есіңде емес па? деп күледі. Примерно осының мысалындай ғой))
687 views12:03
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 14:48:02 Бірақ насихат кім-көрінгенге айтыла бермейді. Білім, жұмсақтық, даналық керек. Және ниет те маңызды. Ол адамды масқаралау немесе сөзде жеңу емес, шындықты, дұрыстықты жеткізу болуы тиіс.

Өзіміз ол істі істемей біреуге бұйыру да ұятты іс болады. Ғалымдар оның мысалын: ауру дәрігердің науқасты емдегені секілді дейді. Алла құранда: “уа, иман келтіргендер істемейтін істі неге айтасыңдар? Істемейтін істі айту- Алланың алдында ең жеккөрінішті нәрсе” дейді. Саф сүресі.
605 viewsedited  11:48
Ашу / Түсініктеме
2022-08-30 13:25:25 Жоғарыдағы жазбаға кейбір кісілер “түсініп тұрмын баста дінге келгенде осындай болғанмын” деген екен. Яғни кейбір адамның алғаш дінге келгендегі қаттылықты меңзепті. Дінді жаңа қабылдамадық. Бірақ әлі де кемелдікке ұмтылуға тырысамыз.

Алла елшісі (с.а.с) хақ үшін ашуланатыны жайлы хабарлар келген. Бірақ ашу барысында артық іске бармаған, яғни жүзінен ашуы білінетін деген. Тек хақ үшін.

Мені уайымдатқан нәрсе жақында танысымның болған жағдайы. Танысым құрбысымен “әссәләмуалайкум” деп амандасқан. Ал ол құрбысы жауап бермеген сәлемге. Кейіннен неге жауап бермедіңіз дегенде: мен жауап қайтаруды ықыласпен, махаббатпен айтқым келеді. Жәй айта салғым келмейді деген. Былай қарасаң әдемі жауап секілді. Бірақ ақылға қонымсыз, одан бұрын шариғаттың шартына сәйкес емес қой...

Екінші жағдай. Кеше бір кісі сіңілісінің намазды дұрыс бастамаппын деп намазын тәрк еткені жайлы жазыпты . Саналы түрде орамал тақпаппын деп орамалды шешушілер де кездесіп жатыр. Егер намаз оқуда , сәлемге жауап беруде, орамал тағуда дұрыс ниет ықылас болмаған болса оны тәрк ету керек деген сөз емес қой. Неге ниетпен жұмыс жасап құлшылықты жалғастыра бермеске. Білімсіздік пен батыстың идеологиясы кері әсерін бермей қоймай жатыр.

Психологияға қарсы емеспін. Өзім де жүгінемін. Бірақ 100% өмір ұстанымымызды тек психология ілімінің дүрбісімен қарау біздің шариғат ұстанымымызға кері әсерін тигізеді. Біз мұсылманбыз. Барлық мәселеге шариғат шеңберімен қарап тек қосымша ретінде психология ілімін қолдануға болады. Әйтпесе саналы түрде дінге келмеппін, шынайы боламын деп “шынайы исламымызды” жоғалтып алуымыз бек мүмкін.
703 viewsedited  10:25
Ашу / Түсініктеме
2022-08-29 02:42:09 Қәзіргі таңда біз мұсылмандар теріс іске қалыпты нәрсе секілді қарайтын болғанбыз. Психологиядағы “Баға бермейміз”, “әркім өзі біледі”, “әр адамның таңдауын құрметтеуіміз керек” деген ереже қойып алғанбыз. Сонда күнә істі, Алла ұнатпайтын іске құрметпен қарап, көзімізді жұмамыз ба?

Сүйікті бауырым,
мына хадисті қараңызшы: Алла елшісі (саллаллаху алейхи уа саллам)теріс іс көрсеңдер қолмен түзетіңдер, болмаса тілмен болмаса жүрекпен жек көріңдер. Бұл иманның ең әлсізі деді. Жарайды қолмен түзету жайлы туралы айтпай-ақ қояйық. Имам Абу Ханифаның р.һ пікірі бойынша: қолмен түзету деген қолында билігі бар басшыларға қатысты дейді. Шама келсе тілмен айту міндет болады. Шама келмесе ең болмағанда сол істі құптамай, жүрекпен жақтыртпау керек емес пе?

Ал қәзіргі кезде жақыныңа дұрыс еместігін айтайын десең: сен Құдай емессің, құлдың ролінде бол дейді. Немесе бұл сені неге уайымдатып тұр, демек проблема сенің ішінде дейді нақақтан-нақақ сондай іші жаман біреу болып шыға келесің осыдан кейін.

Және “діндер зорлық жоқ” деген аятты өздігінен түсініп, насихат айтылса осы аятты айта жөнеледі. Ал тәпсірші ғалымдар бұл аяттың түсіндірмесінде: “дінде зорлық жоқ” дегенді күшпен мәжбүрлемеуді айтып тұр. Ал насихат айтқан кісінің ісі зорлық болып есептелмейді ғой. Құран аятын түсінерде ойға емес, тәпсір кітаптарына жүгінген жөн. Және насихат әрине даналықпен, жұмсақтықпен айтылады.

Кеше ғана күйеуім Шейх Муджир Хотыбтың р.һ дінсіздердің ісі жайлы айтқанын айтып еді. Ол кісі: “қәзіргі таңда дінсіздер исламды махаббат діні, амандық діні деп айтып алады да: намазыңды 24 сағат оқи бер, бірақ бізге тиіспе, насихат айтпа, әркімнің өз таңдауы” дейді. (Яғни ислам махаббат діні, барлығына жақсы қарап,жақсы көру керек дейді-мыс) Содан шейх сөзін жалғайды: “сонда теңізге батып бара жатқан адамға қол қусырып қарап тұрамыз ба? Міне теріс іске үнсіз қарап тұру осымен тең. Ешқандай мемлекет өзіне қол жұмсап жатқан адамға қарап тұрмайды. Көмекке ұмтылады. Бірақ болашақта бұндай халмен өзіне қол жұмсаған адамға да “өз таңдауы” деп қарап тұра беретін жағдайға да жетуі мүмкін”дейді.

Жазар алдын көп-көп ойландым. Жоғарыда келтірген хадисті дұрыс түсіну үшін Мулла Әли Қоридың имам Науауйдың 40 хадисіне жазған түсіндірме кітабын жолдасым оқып берді. Алла ол кісілерге разы болсын. Ішінде тағы былай жазылыпты: Сахабалардан жеткен риуаятта(р.а): егер біреу теріс істі көріп оны жөндеуге шамасы жетпесе 3 рет: Аллаһумма һә зә мункар деп айтсын дейді. Мағынасы: Аллаһым бұл теріс іс.

Және хадистің түсіндірмесінде: кім дұрыс емес нәрсені көрсе оны жанындағыларға айтсын, басқаларды сол істен сақтау мақсатта деп келтіреді(Әрине ғайбаттау емес). Осы мақсатта жазып отырмын. Мұсылман бауырларымды дұрыс емес істен, ойдан сақтандырғым келді. Және кітапта: теріс істен тыюшы адам кәміл болуы шарт емес дейді. Мен кәміл емеспін. Шейха емеспін. Керемет болсам Мулла Әли Қоридың кітабын арабшасынан өзім оқып отпаймын ба Қарапайым мұсылманға міндет болған істі ғана жасадым.
Алла баршамызды тура жолында бекем етсін
3.9K viewsedited  23:42
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 23:01:20 Кітап оқып отырған едім. Мәриям дәптерге сурет салып отырып: читать скучно деп дәптерін жапты. Содан мен: сонда кітап оқу іш пыстыртады ма? дедім. Ол: иә деп күлді. Мен: кітап ол жақсы ғой, оқып отырған кітапты құшақтап: мен кітапты қатты жақсы көремін дедім. Балаға кітаптың құнын жеткізгім келгені ғой) Содан ол түсінбесе де: кітап оқымаған адам өспейді дедім. Ол таңданып: сонда менің бойым өспей қалады ма, кішкентай болып қаламын ба деді бал тілімен
Мен болсам: бойың емес, ойың өспей қалады дедім жымиып...Ары қарай ойдың өспеуі жайлы тағы да біраз әңгімелестік. Ал ол өз қиялымен түсінген нәрсесін әңгімелеп жатты... Содан әдемі әңгімемізді Мұхаммед ұйқыдан оянып бөліп жіберді
#баламен_әңгіме #бала_тілі_бал #кітап
654 viewsedited  20:01
Ашу / Түсініктеме