Get Mystery Box with random crypto!

Кітап оқып отырған едім. Мәриям дәптерге сурет салып отырып: ч | Sakenkyzy

Кітап оқып отырған едім. Мәриям дәптерге сурет салып отырып: читать скучно деп дәптерін жапты. Содан мен: сонда кітап оқу іш пыстыртады ма? дедім. Ол: иә деп күлді. Мен: кітап ол жақсы ғой, оқып отырған кітапты құшақтап: мен кітапты қатты жақсы көремін дедім. Балаға кітаптың құнын жеткізгім келгені ғой) Содан ол түсінбесе де: кітап оқымаған адам өспейді дедім. Ол таңданып: сонда менің бойым өспей қалады ма, кішкентай болып қаламын ба деді бал тілімен
Мен болсам: бойың емес, ойың өспей қалады дедім жымиып...Ары қарай ойдың өспеуі жайлы тағы да біраз әңгімелестік. Ал ол өз қиялымен түсінген нәрсесін әңгімелеп жатты... Содан әдемі әңгімемізді Мұхаммед ұйқыдан оянып бөліп жіберді
#баламен_әңгіме #бала_тілі_бал #кітап