Get Mystery Box with random crypto!

Жоғарыдағы жазбаға кейбір кісілер “түсініп тұрмын баста дінге | Sakenkyzy

Жоғарыдағы жазбаға кейбір кісілер “түсініп тұрмын баста дінге келгенде осындай болғанмын” деген екен. Яғни кейбір адамның алғаш дінге келгендегі қаттылықты меңзепті. Дінді жаңа қабылдамадық. Бірақ әлі де кемелдікке ұмтылуға тырысамыз.

Алла елшісі (с.а.с) хақ үшін ашуланатыны жайлы хабарлар келген. Бірақ ашу барысында артық іске бармаған, яғни жүзінен ашуы білінетін деген. Тек хақ үшін.

Мені уайымдатқан нәрсе жақында танысымның болған жағдайы. Танысым құрбысымен “әссәләмуалайкум” деп амандасқан. Ал ол құрбысы жауап бермеген сәлемге. Кейіннен неге жауап бермедіңіз дегенде: мен жауап қайтаруды ықыласпен, махаббатпен айтқым келеді. Жәй айта салғым келмейді деген. Былай қарасаң әдемі жауап секілді. Бірақ ақылға қонымсыз, одан бұрын шариғаттың шартына сәйкес емес қой...

Екінші жағдай. Кеше бір кісі сіңілісінің намазды дұрыс бастамаппын деп намазын тәрк еткені жайлы жазыпты . Саналы түрде орамал тақпаппын деп орамалды шешушілер де кездесіп жатыр. Егер намаз оқуда , сәлемге жауап беруде, орамал тағуда дұрыс ниет ықылас болмаған болса оны тәрк ету керек деген сөз емес қой. Неге ниетпен жұмыс жасап құлшылықты жалғастыра бермеске. Білімсіздік пен батыстың идеологиясы кері әсерін бермей қоймай жатыр.

Психологияға қарсы емеспін. Өзім де жүгінемін. Бірақ 100% өмір ұстанымымызды тек психология ілімінің дүрбісімен қарау біздің шариғат ұстанымымызға кері әсерін тигізеді. Біз мұсылманбыз. Барлық мәселеге шариғат шеңберімен қарап тек қосымша ретінде психология ілімін қолдануға болады. Әйтпесе саналы түрде дінге келмеппін, шынайы боламын деп “шынайы исламымызды” жоғалтып алуымыз бек мүмкін.