Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

Telegram арнасының логотипі quralai_hanum — ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ Қ
Telegram арнасының логотипі quralai_hanum — ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ
Арна мекенжайы: @quralai_hanum
Санаттар: Блогтар , Бала күтімі
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.41K
Арнадан сипаттама

Official Instagram: https://www.instagram.com/quralai_hanum
✨Жарнама бойынша: @quralaihanumbot
Сотрудничество @quralaihanumbot ✨

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-08-25 19:22:20 ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ

1) Бұл сіздің іскер адам екеніңізді білдіреді. Сізде бір уақытта шешуге тырысатын бір, екі, тіпті үш тапсырма бар. Сондықтан сіз өте ұйымшыл адамсыз, сізде бәрі сағат бойынша жоспарланған, сіз бірнеше қадам алға ойлайсыз. Сондай-ақ, сіздің түйсігіңіз жақсы дамыған және сіз адамдарды жақсы танисыз.

2.) Сіз өте мұқият және сақ адамсыз. Сіз айналаңызды мұқият зерттегенді ұнатасыз. «Кім ақпаратқа ие болса, ол әлемге ие» - сіздің өмірлік ұраныңыз. Қажетті шешімдерді асықпай, ешқандай қысымсыз қабылдайсыз.

3.) Сіз өмір сүруге асығатын адамсыз. Сіз тез және тиімді шешім қабылдауға дағдыланғансыз. Түрлі жағдайларға жақсы бейімделесіз және шешім қабылдаудан қорықпайсыз.

4.) Сіз шығармашылық адамсыз. Сіздің қиялыңыз - сіздің өміріңіздегі ең маңызды құрал. Сізді ерекше қабілеттеріңіз үшін бағалайды. Сіз көбінесе жалғыз болғанды ұнатасыз.
576 views16:22
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 13:34:10
КУРАЛАЙ ХАНЫМ (Instagram)

ТЕХНИКА! ТЕХНИКА! ТЕХНИКА!

Менен қоймастан техника сұрайсыздар ғой! Міне, мықты техниканың көкесін айтайын!

ТАҢЕРТЕҢ оянған кезде және КЕШКЕ ұйықтар кезде міндетті түрде осыны жасаңыз!

Таңертең оянған кезде жүрегіңізге ең жақын адамдардың бәрін Аллаға тапсырып шығыңыз.

Мысалы, мен оянған кезде:
-Иа, Алла, өзімді тапсырдым саған, жолдасымды тапсырдым, балаларымды тапсырдым(әрқайсысының аттарын айтып шығамын). Камиламды, сонау Америкада жүрген Елданамды саған тапсырдым, Талшынтайымды тапсырдым, Таңатымды, Қарақатымды, Талантымды саған тапсырдым. Дүкенімді, инстаграмымды ютюб, тик-тогымды бір өзіңе тапсырдым. Неңіз бар бәрін тапсырыңыз! Ешкімге, ештеңеге жармаспаңыз, ойлап бас қатырмаңыз! Құдайым өзің қарай салшы, баға салшы, бақылай салшы, мені білесің ғой, қолымдағы зарядкама да ие бола алмай, адасып жүретін бейбақпын Ақшама да, адамыма...

View original post
525 views10:34
Ашу / Түсініктеме
2022-08-25 10:45:27
ТЕЛЕФОНДЫ ҚАЛАЙ ҰСТАЙСЫЗ?

Бұл тест сіздің қандай адам екеніңізді анықтайды.
Суреттерден біреуін таңдап, комментарийге жаза кетіңіз.
Жауабын кешке саламын.
508 views07:45
Ашу / Түсініктеме
2022-08-24 02:40:44
КУРАЛАЙ ХАНЫМ (Instagram)

Жалқаулығыңды жең!
Еріншектіктен құтыл!
Өзіңмен алыс өлгенше!

Таңғы жаттығуға қосыл
Жаңа өмірге менімен бірге ұш
576 views23:40
Ашу / Түсініктеме
2022-08-22 10:46:37 Хат жазып, көмек сұрайтын қыздардың жасы, қарап отырсам, жиырма бес пен отыздың арасында.

Керемет возраст!
Лапылдаган жиырма бес! От болатын, шоқ болатын, бар болатын, жоқ болатын, сағым қуған жиырма бес! Осындай тамаша жасты арпалыспен өткiзбеңдерші, қыздар! Қайда қарамасам, жағаласқан жұрт... Енесімен, абысынымен, күйеуімен арпалысып жатқан, қайран өмір... Қазiр жиырма бестесiң, өстіп арпалысып жүрiп, қырыққа қалай келгеніңдi байқамай қаласың... Қырыққа кеп, ес жиып жан-жағыңа қарасаң, балаң жиырмада. Сен елмен жағаласып жүргенде, өсiп кетiптi, кiм оны тәрбиеледi, қалай өсті, не сөйледің оған, не бердің, бәрі бұлыңғыр... Уақыт өтiп кеткен баяғыда... Енді келiн мен күйеу баламен жағаласып өмір сүресің, себебі басқаша өмірдi білмейсің... Иә, сенікі дұрыс, енеңдiкi бұрыс болсын делiк. Не iстейсiң бiреудiң алпысқа келген мамасын тәрбиелеп?! Одан да алты жастағы балаңды тәрбиеле!

Енеңдi құрбыңа
жамандап отырғанша, балаңмен әңгімелес.

Енеңдi түзеуге кетiп жатқан алтын уақытыңды миллиондаған ватт энергияңды балаға бер!

Енеңдi қанша тәрбиелесең де, болды ол уже, асарын асап, жасарын жасап, цемент боп қатып қалған, сенен ақыл күтіп, тәрбие сұрамайды. Одан да балаңмен бiр сағат пластилин езгілеп отырған уақытың мың есе болып қайтады.

Асқабағыңа сыймай, құлағыңнан сыртқа атқылап жатқан ақылыңды қызыңа айт!

Елуге келген абысыныңа айтқан ақылың далаға кетеді, жетiге келген балаға айтқан
ақылың жетесіне жетеді!

Қиналмаңдаршы, қыздар, елді де қинамаңдар! Күнi -түнi күйеуінің координаттарын жпрспен аңдып, қайда кiрдi, қайдан шықты деп дiрiлдегенше ,өзіңді күт! Өс, өзгер, жаңаша ойла, әдемі болуға, ақылды болуға қызық!Сонда, керiсiнше, күйеуің аңдып отырады сенi, бiр жаққа шықсан, А пунктiнен Б пунктiне дейiн, карта сызып берiп.
717 views07:46
Ашу / Түсініктеме
2022-08-20 20:25:35 АДАМ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
​1. Ағзада өмір сүретін бактериялардың жалпы салмағы 2 кг құрайды.
2. Орташа есеппен, 4 жастағы бала тәулігіне 450 сұрақ қояды.
3. Адамның миының сыйымдылығы 4 терабайттан асады.
4. Адам ағзасындағы ең күшті бұлшықет – бұл тіл.
5. Адам ағзасындағы қан тамырларының жалпы ұзындығы шамамен 100 мың километрді құрайды.
6. Адамның аузында шамамен 40 мың бактерия бар.
7. Әйелдердің жүрегі ерлерге қарағанда тезірек соғады.
8. Адамның миында 1 секундтың ішінде 100 мың химиялық реакция жасалады.
9. 7 айға дейін бала бір уақытта дем ала алады және тамақ жұта алады.
10. Біздің басымыздың сүйегі 29 түрлі сүйектен тұрады.
11. Статистика бойынша, оңқай адамдар, солақайларға қарағанда 9 жылға көп өмір сүреді.
12. Ұйқы кезінде көрген түстеріміздің 90% – ын ұмытып қаламыз.
13. Адамдар – арқасымен ұйықтайтын жалғыз жаратылыстар. Орташа алғанда, адамға ұйықтау үшін 7 минут қажет.
14. Әлемде 7% солақай ғана бар.
15. Өмір бойы өсірген шашының ұзындығы шамамен 725 километр.
16. Ағзадағы жалпы кальцийдің 99% – ы тісте.
17. Саусақтағы тырнақтар, бақайдағы тырнаққа қарағанда шамамен 4 есе жылдам өседі.
18. Адамның жүрегінің мөлшері, оның жұдырығымен тең.
19. Ересек адамның жүрегінің салмағы 220-260 грамм.
20. Туылған кезде баланың денесінде шамамен 300 сүйек, ал ересек кезінде 206 ғана.
21. Ересек адам тәулігіне 23 мың рет дем алады (дем шығарады).
22. Орташа есеппен, адам 24 сағат ішінде 4 800 сөз айтады.
23. Адам ағзасында әрбір минут сайын 3 000 000 жасуша өледі.
24. Әлемдегі ең көп таралған қан тобы – бірінші.
709 views17:25
Ашу / Түсініктеме
2022-08-20 15:55:40 ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ

№1 ҮЙ

Өзіндік ой-пікірі, көзқарасы бар адамсыз. Ерік-жігеріңіз мықты. Кез келген қиындықты жеңуге, мәселенің түйінін дұрыс шешуге осы мінез-қасиетіңіздің көмегі зор. Бұл сіздің бойыңыздағы ең жақсы мінезіңіз. Ал, ең осал мінезіңіз – мейірімділік. Әрине, мейірімділік жаман қасиет емес. Білесіз бе, американ жазушысы К. Бовидің не дегенін? Ол «Мейірімділік – мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл» деп жазады. Бұл құрметтейтін, мақтайтын ең асыл мінез қасиеті. Бірақ ағзаға қажетті, бала да, қарт та жақсы көретін қантты да тым көп пайдалансаңыз уға айналмай ма? Дәл сол сияқты, сіздегі мейірімділік – өміріңіздегі көп мәселені тудырушы. Әрдайым тәтті болсам, өмірім де үнемі тәтті болады деп қате ойламаңыз.

№2 ҮЙ

«Еңбек бәрін де жеңбек» деген даналарымыз. Сіздің де өмірлік кредоңыз осы. Өте еңбекқор адамсыз. Абыройыңызды асқақтатқан да, табысыңызды толымды еткен де – еңбекқорлығыңыз. Сіз үшін жұмыстың үлкен-кішісі де, ауыр-жеңілі де жоқ, кез келгенін орындау қиындық тудырмайды. Ән падишасының досы О. Бодықов журналистерге берген бір сұхбатында «Шәмшінің бақыты да, соры да – қарапайымдылығында» деген екен. Сол сияқты сіздің досыңыз да, дұшпаныңыз да – еңбекқорлығыңыз. Жұмысқа ғана емес, эмоциональдық күйіңізге, денсаулығыңызға, жеке өміріңізге және жақын, қымбат жандарыңызға да көңіл бөлуге уақыт арнай білгеніңіз жөн.

№3 ҮЙ

Қатал, тәртіпке қатаң әрі талапшылсыз. Дұрыс-ақ, Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, «Талаптының тоқпағы тасқа шеге қағады». Бүгінде өміріңіздің қай саласындаболмасын шыққан биігіңіз – өзіңізге қойған талаптарыңыздыңдың жемісі. Бірақ, өзгемен қарым-қатынасыңызға сәл-пәл жұмсақтық қосқаныңыз абзал. Әйтпесе, сіздің өзгелермен, басқалардың сізбен қарым-қатынас құруы өте қиын. Ал, өміріңіздегі негізгі мәселелер мен қиындықтар сізідң осы қиын мінезіңізден туындауда. Белгілі педагог А. Макаренко не дегенін еске түсіріңізші. Ол «Адамға мүмкіндігінше көбірек талап қойыңыз және адамды көбірек сыйлаңыз» демеп пе еді. Қысы-жазы бір түстен өзгермейтін шырша емессіз ғой, Түзде де, үйде де әркез қатал әрі талапшыл болу қағидасын өзгертіңіз. Жұмыста қатал болсаңыз, үйде мейірімділеу болыңыз.

№4 ҮЙ

Өте сабырлы, салмақты жансыз. Нендей қиындықта да ішкі жан дүниеңіз бен сыртқы әлем теңгерімін теңдей ұстай аласыз. Көп адам таппай жүрген мінез-қасиет бұл. Бірақ... Осы «бірақ» сізге кедергі. Айналаңыздағылар үшін кейде тым сабырлылығыңыз салқынқандылықпен, салмақтылығыңыз самарқау мінезбен тең көрінеді. Мінезіңіздің салмақтылығы жақсы, бірақ дос-жаран, ағайын-туыс өміріне немқұрайлы қарамаңыз. Эмоцияңызды анда-санда шығарып, сезіміңізді сөзбен жеткізе білгеніңіз дұрыс. Әйтпесе, бәрі сізден алыстайды. Сондай-ақ, тым салмақтылық бірте-бірте өзгенің өміріне ғана емес, өз тағдырыңызға да жауапсыздықпен қарауға үйретеді.

Тест ұнады ма?
611 views12:55
Ашу / Түсініктеме
2022-08-20 11:17:37
«Мінезің – сенің тағдырың» деген сөз бар. Өміріңізде қиыншылықтар, мәселелердің тууына себепшілердің бастысы – адамның мінезі. Ал, мінездің қалыптасуына көбіне түрлі жағдайлар себепші. Ал, ұлы философ Маркс пен Энгельс «Егер адамның мінез-құлқын жағдайлар тудыратын болса, онда сол жағдайларды адамға тиімді етіп құру керек» деген. Демек, бұл – әркім өзінің мінезіндегі кемшілікті «жөндей» алады деген сөз. Ендеше, сізге қай мінезді түзеу керектігін білсеңіз, қиындық тудырып жатқан жағдайлардан жол тауып шыға аласыз. Сонымен, өз өміріңізді қиындатып жүрген мінезіңізді білгіңіз келе ме?
Олай болса, мынау суреттегі төрт үйге асықпай қарап шығыңыз да, біреуін таңдаңыз. Сіз таңдаған үйде сіздің қиын мінезіңіз жасырулы.
569 views08:17
Ашу / Түсініктеме