Get Mystery Box with random crypto!

АДАМ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР ​1. Ағзада өмір сүретін бакте | ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

АДАМ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
​1. Ағзада өмір сүретін бактериялардың жалпы салмағы 2 кг құрайды.
2. Орташа есеппен, 4 жастағы бала тәулігіне 450 сұрақ қояды.
3. Адамның миының сыйымдылығы 4 терабайттан асады.
4. Адам ағзасындағы ең күшті бұлшықет – бұл тіл.
5. Адам ағзасындағы қан тамырларының жалпы ұзындығы шамамен 100 мың километрді құрайды.
6. Адамның аузында шамамен 40 мың бактерия бар.
7. Әйелдердің жүрегі ерлерге қарағанда тезірек соғады.
8. Адамның миында 1 секундтың ішінде 100 мың химиялық реакция жасалады.
9. 7 айға дейін бала бір уақытта дем ала алады және тамақ жұта алады.
10. Біздің басымыздың сүйегі 29 түрлі сүйектен тұрады.
11. Статистика бойынша, оңқай адамдар, солақайларға қарағанда 9 жылға көп өмір сүреді.
12. Ұйқы кезінде көрген түстеріміздің 90% – ын ұмытып қаламыз.
13. Адамдар – арқасымен ұйықтайтын жалғыз жаратылыстар. Орташа алғанда, адамға ұйықтау үшін 7 минут қажет.
14. Әлемде 7% солақай ғана бар.
15. Өмір бойы өсірген шашының ұзындығы шамамен 725 километр.
16. Ағзадағы жалпы кальцийдің 99% – ы тісте.
17. Саусақтағы тырнақтар, бақайдағы тырнаққа қарағанда шамамен 4 есе жылдам өседі.
18. Адамның жүрегінің мөлшері, оның жұдырығымен тең.
19. Ересек адамның жүрегінің салмағы 220-260 грамм.
20. Туылған кезде баланың денесінде шамамен 300 сүйек, ал ересек кезінде 206 ғана.
21. Ересек адам тәулігіне 23 мың рет дем алады (дем шығарады).
22. Орташа есеппен, адам 24 сағат ішінде 4 800 сөз айтады.
23. Адам ағзасында әрбір минут сайын 3 000 000 жасуша өледі.
24. Әлемдегі ең көп таралған қан тобы – бірінші.