Get Mystery Box with random crypto!

Хат жазып, көмек сұрайтын қыздардың жасы, қарап отырсам, жиырм | ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

Хат жазып, көмек сұрайтын қыздардың жасы, қарап отырсам, жиырма бес пен отыздың арасында.

Керемет возраст!
Лапылдаган жиырма бес! От болатын, шоқ болатын, бар болатын, жоқ болатын, сағым қуған жиырма бес! Осындай тамаша жасты арпалыспен өткiзбеңдерші, қыздар! Қайда қарамасам, жағаласқан жұрт... Енесімен, абысынымен, күйеуімен арпалысып жатқан, қайран өмір... Қазiр жиырма бестесiң, өстіп арпалысып жүрiп, қырыққа қалай келгеніңдi байқамай қаласың... Қырыққа кеп, ес жиып жан-жағыңа қарасаң, балаң жиырмада. Сен елмен жағаласып жүргенде, өсiп кетiптi, кiм оны тәрбиеледi, қалай өсті, не сөйледің оған, не бердің, бәрі бұлыңғыр... Уақыт өтiп кеткен баяғыда... Енді келiн мен күйеу баламен жағаласып өмір сүресің, себебі басқаша өмірдi білмейсің... Иә, сенікі дұрыс, енеңдiкi бұрыс болсын делiк. Не iстейсiң бiреудiң алпысқа келген мамасын тәрбиелеп?! Одан да алты жастағы балаңды тәрбиеле!

Енеңдi құрбыңа
жамандап отырғанша, балаңмен әңгімелес.

Енеңдi түзеуге кетiп жатқан алтын уақытыңды миллиондаған ватт энергияңды балаға бер!

Енеңдi қанша тәрбиелесең де, болды ол уже, асарын асап, жасарын жасап, цемент боп қатып қалған, сенен ақыл күтіп, тәрбие сұрамайды. Одан да балаңмен бiр сағат пластилин езгілеп отырған уақытың мың есе болып қайтады.

Асқабағыңа сыймай, құлағыңнан сыртқа атқылап жатқан ақылыңды қызыңа айт!

Елуге келген абысыныңа айтқан ақылың далаға кетеді, жетiге келген балаға айтқан
ақылың жетесіне жетеді!

Қиналмаңдаршы, қыздар, елді де қинамаңдар! Күнi -түнi күйеуінің координаттарын жпрспен аңдып, қайда кiрдi, қайдан шықты деп дiрiлдегенше ,өзіңді күт! Өс, өзгер, жаңаша ойла, әдемі болуға, ақылды болуға қызық!Сонда, керiсiнше, күйеуің аңдып отырады сенi, бiр жаққа шықсан, А пунктiнен Б пунктiне дейiн, карта сызып берiп.