Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

Telegram арнасының логотипі quralai_hanum — ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ Қ
Telegram арнасының логотипі quralai_hanum — ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ
Арна мекенжайы: @quralai_hanum
Санаттар: Блогтар , Бала күтімі
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.41K
Арнадан сипаттама

Official Instagram: https://www.instagram.com/quralai_hanum
✨Жарнама бойынша: @quralaihanumbot
Сотрудничество @quralaihanumbot ✨

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-07-27 04:29:55
КУРАЛАЙ ХАНЫМ (Instagram)

ӨМІРДЕ ҚАНДАЙ КІМ БІЛСІН?

Инстадағы #жұлдыздардың, #блогерлердің суреттерін көріп алып, соларға “аа-уу” деп өз өмірізден қалып бара жатқанымыз қаншама?!

Әр адамның өмірі - пианино пернелері тәріздес ақ пен қарадан тұрады.

Осы #ақ пен #қара пернелердің арқасында әдемі ән шығады.

Сол сияқты өмірде кейде сынақтар болмаса, өмір қызықсыз болып кету мүмкін. Өмірдің дәмін сезбей қалуымыз мүмкін.

Ал берілген сынақ - ол Алладан! Алла- құлына көтеретін сынақ береді.

Өмірдегі сынағымызды азайту үшін, кармамызды тазалау үшін, көп оқу керек! #Әрекет ету керек! Сол кезде өмір жеңілденеді!

P.S.: “видеода туды керсінше ұстап алыпсың” деп ұрыспаңыздар! Әдемі шыққан видеом осы болды) Ондай-ондай ханның қызында да болып тұрады .

#рилс #қазақшапсихология #ту #мотивация #ҚұралайХаным
175 views01:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 04:29:38
КУРАЛАЙ ХАНЫМ (Instagram)

МЕККЕДЕН КЕЛГЕН СЫЙ

@bir_kelinshek-ті Меккеге кетерде қызық бір сынық болды. Астанадан ұшатын самолеті ұшпай, Алматыға қалай жетерін білмей, пойызға билет табылмай, таксимен кеткенінде Талғат қатты алаңдап, жолға салып жіберіп еді.

@ongaryershat мырза екеуі біз үшін дұға тілеп, зәм-зәм суын сый-сыяпатын әкеп ерекше қуантып жатыр

Бәрімізге дұға қайтарылмайтын Қағбаға жету, Меккеде намаз оқу бұйырсын
@ainamk0z
@bestin_shaiy
168 views01:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 04:29:23
КУРАЛАЙ ХАНЫМ (Instagram)

ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ 4 КУН. Күнделікті 9:00 де Астана қаласы Сарайшық 40 үйде клубта өтеді

Кім жасады?
Кім ілесті?
Кто молодец

МЕНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫМ: @mergul__satbayeva барлық кеңесті сол кісіден аласыздар
168 views01:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 04:23:40
КУРАЛАЙ ХАНЫМ (Instagram)

НЕ ЖДИ!
НЕ ОЖИДАЙ!
НЕ НАДЕЙСЯ!
ДЕЙСТВУЙ

ТАҢҒЫ ЭФИРЛЕР ДС-ЖҰМА КҮНДЕРІ САГАТ 8:00 ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ӨТЕДІ
@quralai_hanum_showroom
@quralai_hanum_showroom
@quralai_hanum_showroom
8-778-414-93-54
8-777-522-68-88
179 views01:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 20:05:58 Медитацияға әуен
122 views17:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 12:15:42
Біз жолдағы тесікті бітей алмай жүргенде, француздар мен нидерландықтар жолдарының 38 пайызына «күн қуатын жинайтын» батареялар орнатып тастапты. Енді болашақта тоқпен жүретін көліктерді сымсыз қуаттандыру технологиясын қосу жобасы талқыланып жатыр екен. Яғни Тесла секілді көліктер, жолда келе жатып-ақ қуаттана беретін болады.

Пы-сы: Осылар неге сондай, а? Жапоның болса анау. Илон Масктің бір өзі ғана Америкаға Италияның жылдық табысындай кіріс кіргізіп жатыр. Бұлардың милары, басы өзгеше жаратылған ба? Қазақтар қашан осындай дәрежеге жетеміз, а?
Қайтеміз и, қыздар???
173 views09:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 10:51:46 ЕНЕ МЕН КЕЛІН

Бір үйдің келіні мен енесі «ит пен мысықтай» өмір сүріп жатыпты. Кекірейген келін әрдайым енесін кекетіп-мұқатуды әдетке айналдырса, енесі келінінің іс-шаруасын жақтырмай, «отырса опақ, тұрса сопақ» етуден жалықпайды.

Өмірдің қалтарыс-бұлтарысын көрген енені қойшы... Ал күнделікті текетірес жағдайға шыдамаған келіні бірде данагөй адамға барып, енесімен арадағы қалыптасқан барлық жағдайды жайып салып: «Төзімім таусылды. Қайтсем болады?!» депті.

Әлгінің әңгімесін мұқият тыңдағаннан соң, данагөй адам келіншекке бір торсықты ұсынып тұрып:

- Мына торсықтағы сұйықтыққа у қосылған. Осыны күнделікті енеңнің тамағына аз-аздан қосып беріп отыр. Қысқасы, бір ай бойы ішкіз. Осылай етсең ғана енеңнен құтыла аласың. Тек мұның бұлжытпай орындайтын бір шарты бар. Ол шарт - бір ай бойы енеңмен ұрсыспау. Енеңнің тілін алып, талабын орындап, көңілін тауып, жағдайын жасап отыр, - депті.
«Еш күдік тудырмайтын осындай жолмен енеден құтылатын болдым-ау» - деп, келіншек іштей қуанып кетеді.

Сөйтіп енесін торсықтағы сұйықтықпен күнделікті сусындата бастайды. Осыдан құтылып, жаным жай тапса болғаны деп, ұрыс-керіске жол бермей, талаптарын бұлжытпай орындап, айтқанын екі етпей, шаруаны дөңгелетіп, енесі күдіктенбейтін әрекеттер жасайды.

Есесіне, келінінің тындырымды ісіне тәнті болып, жылы қабағына еріген енесі оны жақын тартып, қызынан артық көретін күйге жетеді. Тіпті, екеуі ың-шыңсыз шүйіркелесіп, күліп-ойнап, үйдің шыруасын да бірлесіп жүріп тындыратын болады.

Кенедей көріп жүрген ененің тарапынан ерекше мейірімді сезінген келіні күндердің күні өзінің «енеден құтылмақ болған» ісіне қатты өкініп, қамығады. Бір айға жетпестен, торсықтағы сұйықтыққа уды араластырып берген данагөй адамға қайта келіп, көзіне жас ала отырып:

- Кешіріңіз, Сізде удың бетін қайтаратын зат бар ма? Мен қателесіппін, енем мен ойлағандай жаман адам емес екен. Ол да менің туған анамдай қамқор, қайырымды, мейірімді кісі екен, - деп еңіреп жылап жібереді. Дана адам келіншектің басынан сипап:

- Қызым, мен берген ол торсықта у емес, кәдімгі су ғана болатын. Тек бірлік бар жерде тірліктің болатынына көзіңді жеткізейін деген едім... - деп жұбатыпты. Бұны естіген келіншек:

- Рақмет Сізге, екінші анамды тауып бердіңіз, үйімізге береке енгіздіңіз! - деп алғысын жаудырып, енесіне түскі тамақ әзірлеуге жүгіріп кеткен екен.

#әркім_өзіне_керегін_алсын
#ене_мен_келін
221 views07:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 09:15:33
КҮТЕ КҮТЕ КҮЙЗЕЛІСКЕ ТҮСЕТІНДЕРГЕ ТЫҢДАУ КЕРЕК ЭФИР. ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ
Құралай Ханым (YouTube)

----------------
You can save this video with @download_it_bot
265 views06:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 17:59:55
КУРАЛАЙ ХАНЫМ (Instagram)

РАС ҚОЙ ҚЫЗДАР?!

Кейде қонақтар алдында “қой аузына шөп алмайтындай” сызылып отырамыз !

Үйде бж-бж етіп бәрін жеп қоя саламыз !

Біреу баламызға тиіссе, қылышымызды алып шабуылға шығамыз...

#Әйелміз, #анамыз, #қызбыз, біреуге қарындаспыз, кейде көңілдіміз, кейде стервамыз ...

В общем “#әйел қырық жанды” деп бекер айтылмаған ғой. Өмірдегі рөлдеріміз көп бізде)

Сіздің өмірде қандай рөлдер бар?
Қазір қандай көңіл-күйде отырсыз?

#казакшарилс #рилс
376 views14:59
Ашу / Түсініктеме