Get Mystery Box with random crypto!

Аударма by qisyq

Telegram арнасының логотипі qisyqaudarma — Аударма by qisyq А
Telegram арнасының логотипі qisyqaudarma — Аударма by qisyq
Арна мекенжайы: @qisyqaudarma
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.22K
Арнадан сипаттама

Әдебиет фанаты жүргізетін әуесқой аударма каналы. Автормен достасу: https://facebook.com/aliziyadin
Байланыс: @aliziyadin

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2020-02-17 06:40:07 РЕЙ БРЕДБЕРИ. КҮН КҮРКІРЕДІ

Көбелектің қанат қаққаны іркес-тіркес үлкенді-кішілі оқиғаларға әкеліп, ақыры алапат дауыл тудыра алады дегенді естуіңіз бар шығар? Бүгін сіздерге осы тақырыпта жазылған ең әйгілі шығармалардың бірі, Рей Бредберидің "Күн күркіреді" атты әңгімесін әңгімесін ұсынып отырмын.

Америка жазушысы Рей Бредбери бұл шығарманы 1952 жылы жариялапты. Жалпы, бұл автор көпшілікке керек болмай, жетім баланың күйін кешіп қалған фентези һәм ғылыми фантастиканы қайта тірілтті дейді. Бір сол үшін ғана құрметтеуге болады:)

Очм, enjoy. Алып-қосарларыңыз болса, әлеуметтік желілерде күтемін.
2.5K views03:40
Ашу / Түсініктеме
2020-01-27 09:15:23 ​Синоптиктер алдағы екі апта бойы ақпарат кеңістігіндегі ауа райы Harry Potter болады деп болжап отыр. Себебі жақын арада Steppe & WORLD Publishing баспасы қазақшаға аударған «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» кітабының таныстырылымы өтеді. Қазір алдын-ала тапсырыс қабылданып жатыр екен.

Бүгін осы кітаптың Baribar.kz сайты бірінші тарауын жариялапты. Сіздермен бөлісе отырайын, себебі аударма деп аталатын ортақ істің бір бөлігі ғой бұл да.

Оқып, ой түйіп, әсер аларсыздар.

Мен қара түнектен, торығу мен жабығудан тұратын Стивен Кингіме оралайын:)
2.3K views06:15
Ашу / Түсініктеме
2019-12-24 07:03:17 "Үмітін гүл, үрейін күл қылып, пәнидің қызығы мен бақидың құзірі арасын жол қылған қымбатты оқырманым" деп әлгі дырау ақын, жалбыр шаш жазушылар сияқты әңгіме бастап кетейін десем, ұялам құрысын

Жә, көптен көрінбей кеттім, оным үшін кешірім өтінемін. "Мен ұрлық қылған түні ай жарық болғанын қарашы" деп әппақ сақалы беліне түскен бір шал айтпақшы, аударма каналын аша қойып едім, қосымша жобалар күрт көбейіп кетті.

Бірақ бүгін құр қол емеспін. Қытайда туған, АҚШ-та ер жетіп, адам болған Кен Лю атты жазушының "Қағаз аңдар қонысы" атты әңгімесін аударып, ұсынып отырмын.

Әсерлі дүние. Бір-екі адамға оқытып едім, сықсыңдап жылап қалды.

Enjoy.

P.S. Телеграфтан Уордпрестегі блогыма қайта оралдым. Әзірге аударма салудың қолайлы жолы осы болып тұр. Сілтеме бәріңізде бірдей жылдам ашылмауы мүмкін, түсіністікпен қарарсыздар. Алдағы уақытта материалдың тез ашылып, жайлы оқылуын қамтамасыз етуге тырысамын.
2.5K views04:03
Ашу / Түсініктеме
2019-12-06 09:59:36 РОАЛД ДАЛ. БАС ҚЫЗМЕТШІ

Роалд Дал атты жазушыны көбіміз "Чарли және шоколад фабрикасы" атты еңбегі арқылы білеміз. Бүгін ағылшын юморы, қатаң-қатігездеу әзіл, күтпеген финалдары арқылы танымал осы автордың "Бас қызметші" атты әңгімесін ұсынғым келеді.

Enjoy.
2.1K views06:59
Ашу / Түсініктеме
2019-11-26 11:47:01Түскі ас ішіп алсаңыздар, сонау 1954 жылы жазылған мына бір кішкентай фантастикалық әңгімені оқып шығуды ұсынамын. Әлгі сендердің гампұтірлерің мен ғұғылдарың түбі осыған алып келеді, көр де тұр.

ФРЕДРИК БРАУН. ЖАУАП

Дуар Ев қайнаған алтын құйып, соңғы контактіні салтанатты түрмен бекітіп тастады. Бақандай он екі камера мұның әр қимылын бағып, түсіріп, таратып жатыр – трансляцияны бүкіл галактика көріп отырған болатын.

Бойын тіктеді де, Дуар Рейнге қарап, басын изеді. Сосын сәлден кейін бүкіл тізбекті «тірілтетін» қосылғыштың жанына барды. Бұл құрал қыбырлаған адамы бар бүкіл планетадағы, басқаша айтқанда тоқсан алты миллион әлемдегі компьютер атаулының бәрін бір сәтте супержеліге біріктіреді. Ақыры адамзат ғасырлар бойы жинаған, арғы-бергі тарихқа белгілі даналық пен білім-ғылымды бүге-шігесіне дейін игерген суперкомпьютер – біртұтас кибернетикалық машина дүниеге келеді.

Дуар Рейн миллиардаған көрерменге арнап қысқа ғана құттықтау сөзін айтты. Сосын сәл кідірді де:

– Баста, Дуар Ев! – деді.

Дуар Ев қосылғышты басып қалды. Аса жойқын гүжіл естілді. Тоқсан алты миллион планетаның қуаты дүрілдеді. Шет-шегі жоқ ұзын пульт түрлі-түсті шамдарын кезек-кезек ойнатты.

Дуар Ев сәл шегінді де:

– Бірінші сұрақты қою құрметі өзіңізде, Дуар Рейн! – деді.

– Рахмет, - деді Дуар Рейн. – Бұл бірде-бір компьютер жауап бере алмаған сауал болмақ.

Пультке бұрылды.

– Құдай бар ма?

Өктем дауыс көп ойланбады:

– ИӘ. ҚҰДАЙ ЕНДІ БАР!

Күтпеген үрей мен қорқыныш Дуар Евті қысып ала жөнелді. Қосылғышқа тұра ұмтылды.

Қоңырайған бір бұлты жоқ ашық аспаннан кенет найзағай ұрды да, Дуар Евті күйдіріп өтіп, күл қылып, қосылғышқа жабыстыра салды.
2.2K views08:47
Ашу / Түсініктеме
2019-11-23 13:57:23 СТИВЕН КИНГ. ШАЙҚАС

Мына әңгімені алғаш оқығанда түрім әлгі Колин Фаррелл бар мемдегі сияқты болды - "НЕЕЕ??? НЯҒЫЛДИТ! НЕ ДЕП ҚУЫП КЕТТІҢ, СТИВЕН АҒА?"

Бірақ өте қызық болды, қалай "жұтып" қойғанымды сезбедім. Осындай басы жоқ, аяғы жоқ, дымды да түсіндірмейтін, бірақ сипатталып жатқан оқиғалар экшн түрде жүретін шығармалар қатты ұнайды.

Қысқасы, нағыз демалыстық "оқиво", сенбі-жексенбі екеніне қарамастан оқып шығуға уақыт табасыздар деп үміттенемін.

Enjoy.
1.9K views10:57
Ашу / Түсініктеме
2019-11-19 12:35:15 НИЛ ГЕЙМАН. ҚАРТ НИКОЛАС

Әдебиет саласындағы Хьюгосы бар, Ньюбериі бар, әйтеуір толып жатқан жүлде-премияларды қырып алған; "Жұлдыз шаңы", "Америка құдайлары" секілді шығармалардың авторы Нил Гейман деген фантаст жазушының "Қарт Николас" атты шағын әңгімесін оқуды ұсынамын.

Оригинал мәтінде тура 100 сөз бар екен, мен де тура жүз қылдым
1.6K viewsedited  09:35
Ашу / Түсініктеме
2019-11-18 17:48:35 Дүйсенбі ғой, сондықтан Стивен Кинг

Түпнұсқада "Boogeyman", орысша "И пришел Бука" деген атпен белгілі бұл әңгімеге "Бүжәй" деп ат қойып алдым. Өзіме ұнайтыны осы, аударып отырғанда алуан түрлі сезімді бастан кешірдім. Кішкентай баласы барларға әсіресе ерекше әсер етеді деп ойлаймын, бастан өткен.

P.S. Жатарда шкафтың ішін бір тексеріп қойыңыздар
1.6K views14:48
Ашу / Түсініктеме
2019-11-18 09:45:12 Стивен Кингтің бұл шағын әңгімесі 1994 жылы жарияланған екен. Алпысыншы жылдары жарық көрген «I’ve Got to Get Away» («Бұл жерден шығуым керек») әңгімесінің өңделген нұсқасы. "Қанішер" деп дұрыс бермеген сияқтымын, алда-жалда кітап қылып шығарып жатсам (ымбхаха), өзгертем ғой.

Оқып шыққан соң, ойыңызды айтыңызшы, әңгіме атауының қазіргі аудармасы келе ме, келмей ме?
1.4K views06:45
Ашу / Түсініктеме
2019-11-17 17:34:28 Киберпанк тақырыбын жалғастырайық:)

Ресейлік фантаст-жазушы Майк Гелприннің "Шырақ жанып тұрды" деген әңгімесі. Ресейде осы шығарма бойынша жоғарғы сынып оқушылары ЕГЭ (Бірыңғай мемлекеттік емтихан) тапсырады екен. Айтпақшы, орысша мәтін Интернетте аса танымал, бірнеше жылдан бері "мәә, мына қараңдаршы, қандай керемет әңгіме" деп елдің тамсанып бөлісіп жатқанын көремін.
1.4K views14:34
Ашу / Түсініктеме