Get Mystery Box with random crypto!

💎

Telegram арнасының логотипі qaznewskaz — 💎 Q
Telegram арнасының логотипі qaznewskaz — 💎
Арна мекенжайы: @qaznewskaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1
Арнадан сипаттама

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿
Реклама: @Generege

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2021-11-09 19:00:03
Әлеуметтік желілерде пандемия тек 2025 жылы аяқталады деп жазылған Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Халықаралық даму қауымдастығы құжатының скриншотын тарап жатыр. Алайда StopFakekz порталы бұл мәліметті теріске шығарды.

Желі қолданушылары таратып жатқан құжат баршаға қолжетімді. Онда COVID-19 пандемиясының қашан аяқталатыны туралы болжам жасалмаған. Шын мәнісінде, құжатта "осы жаһандық пандемиямен және оның салдарымен күресте ХДҚ және ХҚДБ бағдарламасына қатысуға құқығы бар елдерге" көмек пен қолдау көрсету тетіктері сипатталған.

Яғни, құжат пандемияны жоспарлауға емес, мұқтаж елдерге көмек таратуға арналған. Бұл бағдарлама 2020 жылдың 2 сәуірінен 2025 жылдың 31 наурызына дейінгі кезеңге арналған. Осы кезеңде банк COVID-19 пандемиясы кезінде қолдауды қажет ететін елдерге барынша көмек көрсетеді.

Демек, желіде тараған құжат Халықаралық қайта құру және даму банкінің қызметкерлері қандай да бір құпия ақпаратты білетінін емес, банктің мұқтаж елдерге көмек көрсететінін ғана дәлелдейді.
1.4K views16:00
Ашу / Түсініктеме
2021-11-09 17:01:47
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
ЕҢ ҰТЫМДЫ ОЙЫН - MAGIC WHEEL

Промокодты пайдалануға асығыңыз: HOTKZ

СИҚЫРЛЫ ДӨҢГЕЛЕК - ЕҢ ЖЕҢІЛ ҰТЫСТАР

Сізді:
140.000 теңге алғашқы бонус
казинодағы фриспиндер
кэшбек, акциялар және сыйлықтар күтеді

MOSTBET сайтында екі клик арқылы тіркеліп, МИЛЛИОНДАҒАН теңге ұтып ал!
1.7K views14:01
Ашу / Түсініктеме
2021-11-09 14:00:22
2021 жылдың қазанындағы қорытынды бойынша жаңа пәтерлердің бағасы 1,9 пайызға өсті, ал екінші сатылымдағы пәтер бағасы 1,2 пайызға қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жалға берілетін тұрғын үй саласында да бағаның өзгергені байқалады. 2021 жылдың қыркүйегінен қазанға дейін бір айда тұрғын үйді жалдау ақысы 0,9 пайызға қымбаттады.

Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сәйкес, республика бойынша жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі 352 654 теңгеге бағаланады. Бұған дейін қолданыста болған пәтерді сату кезінде бір шаршы метрі үшін баға 279 216 теңгеден басталады.

Ал пәтерді жалдап тұру ақысы бір шаршы метрі үшін орта есеппен 1 888 теңге тұрады.

Осылайша бір жыл ішінде жаңа пәтер құны 14,6 пайызға, екінші сатылымдағы пәтер 23,7 пайызға қымбаттады.

2015 жылдың желтоқсанына қарағанда жаңа тұрғын үйдің бағасы 27,4 пайызға, екінші сатылымдағы үй бағасы 43,1 пайызға өсті. Баға 2020 жылдың соңы мен 2021 жылы шарықтаған.
2.5K views11:00
Ашу / Түсініктеме
2021-11-08 19:01:53
Мемлекет басшысы ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент ұлттық банк төрағасының биылғы 10 айдағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы және әлемдегі инфляциялық қысымның күшейіп, азық-түлік бағасының қымбаттай түскені туралы есебін тыңдады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықаралық валюта қорының инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі болжамдары, сондай-ақ дамыған елдердің ынталандыру саясатынан бейтарап саясатқа көшуіне байланысты дамушы нарықтардан капиталдың жылыстау қаупі бар екені айтылды.

Кездесу барысында үкіметпен бірлесіп, инфляцияға төтеп беру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруға қатысты президент тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ, азық-түлік бағасының өсуі болар-болмас баяулағанына байланысты қазан айындағы жылдық инфляцияның деңгейі 8,9 пайыз болғаны туралы ақпарат берілді.
3.7K views16:01
Ашу / Түсініктеме
2021-11-08 15:30:06
Қазақстандықтар көлік жүргізу куәлігін алу үшін нені білу керек. Бұл сауалдарға Sputnik Қазақстан жауап іздеді.

Қазақстандықтар көлік жүргізу куәлігін алу үшін нені білу керек. Бұл сауалдарға Sputnik Қазақстан жауап іздеді.

Емтиханға өз бетінше оқыған адамдар кіре алады  

Елімізде заң бойынша жүргізуші куәлігі 18 жастан бастап беріледі. Оны алу үшін алдымен жол қозғалысы ережелерін оқып, көлік жүргізуді үйрену керек.

"А", "В", "С", "Д" мен "E" санатындағы көлік құралдарын, трамвайларды және троллейбустарды басқару үшін оқу ұйымдарында толық даярлық курсынан өтуі тиіс. Алайда "А" және "В" санатына тапсыратындар үшін жеңілдік қарастырылған. Егер олар тұратын жерде жүргізушілерді даярлау және қайта даярлау ұйымдары болмаса, тиісті бағдарламалар аясында теориялық және практикалық тұрғыда өз бетінше дайындалуға мүмкіндік бар. Олар емтиханды мемлекеттік корпорация ғимараттарында және автоматтандырылған автодромда тапсырады.
3.8K views12:30
Ашу / Түсініктеме
2021-11-07 17:02:18
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
Жаңа Мостбет ойыншыларына 140.000 теңгеге дейін

Промокодты пайдалануға асығыңыз: HOTKZ

MOSTBETKZ.COM - мен бірге казино ойна

Ұтыс тігіңіз және төмеңдегіні алыңыз:
50% кэшбек
500 000 теңгеге дейінгі фрибеттер
Macbook Pro және iPhone 12
Жаңа Volkswagen Touareg

Mostbetkz.com - ең тез төлемдер
484 views14:02
Ашу / Түсініктеме
2021-11-07 17:00:49
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Абай шахтасында метан газының шығуы салдарынан қаза тапқан кеншілердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Болған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылды.

Министр Юрий Ильин бастаған төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері апат болған жерде тиісті жұмыстарды жүргізуге кірісті.

Еске сала кетейік, бүгін сағат 08.37-де Абай қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Абай КД шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газының кенеттен шығуы орын алған еді. Оқиға орнында қалған сегіз қызметкердің алтауы қайтыс болды, екеуі жарақат алды. Қазіргі уақытта оларды шахтадан шығарып алу жұмыстары жүргізілуде.
550 views14:00
Ашу / Түсініктеме
2021-11-06 19:30:14
Алматыда автобус пен троллейбустың соқтығысуына қатысты қаланың полиция департаменті пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, жол апатынан жеті адам зардап шеккен деп хабарлайды Zakon. kz.

"2021 жылдың 6 қарашасында сағат 12:36-даYuotong маркалы автобусты басқарған жүргізуші А. Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Абылай хан даңғылының қиылысында бағдаршамның тыйым салынған қызыл белгісіне өтіп кеткен. Салдарынан Абылай хан даңғылымен оңтүстік бағытта жүріп бара жатқан жүргізуші С. басқарған Yuong man троллейбусымен соқтығысқан", - деп хабарлады ведомстводан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан троллейбустың 1962, 1974 және 1996 жылы туған үш жолаушысы зардап шеккен. Сондай-ақ, автобустың 1977, 1997 жылы туған жолаушылары жарақат алған.

Одан бөлек, екі жүргізуші де зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген.
1.7K views16:30
Ашу / Түсініктеме
2021-11-06 12:31:02
Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жаңартты. Оған сәйке, өткен тәулікте 1328 адамнан коронавирус анықталған деп хабарлайды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 105

Алматы қаласы - 177

Шымкент қаласы - 32

Ақмола облысы - 96

Ақтөбе облысы - 24

Алматы облысы - 108

Атырау облысы - 20

Шығыс Қазақстан облысы - 85

Жамбыл облысы - 18

Батыс Қазақстан облысы - 30

Қарағанды облысы - 117

Қостанай облысы - 134

Қызылорда облысы - 26

Маңғыстау облысы - 10

Павлодар облысы - 146

Солтүстік Қазақстан облысы - 170

Түркістан облысы - 30

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 947 250-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, 2447 адам дерттен айығып шықты.
2.7K views09:31
Ашу / Түсініктеме
2021-11-05 18:30:01
БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының (БҚПҒЗИ) ғалымдары коронавирус инфекциясына қарсы бес вакцина әзірледі, деп хабарлайды.

Олардың ішіндегі ең танымалы — тиімділігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген, белсенділігі жойылған "QazVac" вакцинасы. Отандық вакцина туралы мақала The Lancet тобына кіретін беделді EClinicalMedicine медициналық журналында жарияланды.

Сондай-ақ, БҚПҒЗИ ғалымдары 1 суббірлікті, 2 рекомбинантты және 1 тірі вакцина әзірледі.

"QazCOVAC-P" суббірлікті вакцинасы вирус ақуызы мен май компонентінен тұрады. Сынақтар 18 жастан асқан еріктілер арасында өтті. Осы кезеңде вакцина өз қауіпсіздігін көрсетті.
1.2K views15:30
Ашу / Түсініктеме