Get Mystery Box with random crypto!

💎

Telegram арнасының логотипі qaznewskaz — 💎 Q
Telegram арнасының логотипі qaznewskaz — 💎
Арна мекенжайы: @qaznewskaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1
Арнадан сипаттама

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿
Реклама: @Generege

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 29

2021-06-24 18:39:55
Бір уақытта он баланы дүниеге әкелді деген Оңтүстік Африка тұрғыны Госиаме Ситхоле туралы жаңалық журналистің қателігі болып шықты.

2021 жылы 8 маусымда Pretoria News журналисі Рампеди Ситхоле бір уақытта жеті ұл және үш қыз туды деп хабарлады. Кейінірек балалардың әкесі туған күнінен кейін әйелді де, балаларды да көрмегенін мәлімдеді. Дәрігерлер мен әлеуметтік қызмет өкілдері де он баланың дүниеге келгенін растай алмады.
Алайда босанған әйел он бала туғаным шындық деп талап ете берді. Серіктесі айыптағаннан кейін және балаларын жасырғаннан кейін әйел психиатриялық ауруханаға жатқызылды. Содан кейін Pretoria News газетінің редакторы Пит Рампеди он баланың туылуы туралы тексерілмеген ақпараттың таралғаны үшін кешірім сұрады. Ер адамның айтуынша, Ситхоле шынымен де жүкті болған және босанған, бірақ нақты қанша бала туғаны белгісіз.
12.1K viewsedited  15:39
Ашу / Түсініктеме
2021-06-24 12:25:13
Вакцина алған елорда тұрғындары 2 бөлмелі пәтер ұтып алуы мүмкін

Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты. Оның айтуынша, жаңадан вакцинацияланғандар арасында пәтер инвесторлар есебінен ойнатылады. Қыркүйек айының басында нәтижесі жарияланады.

Ұтысқа қатысу шарттары:

осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алу керек;
азаматтың 18 жастан асқан болуы міндетті;
қала емханаларында немесе сауда орталықтарындағы пункттерде екпе алу қажет.

Сондай-ақ, қаладағы сауда үйлерінде вакцина алған тұрғындар арасында автокөлік, компьютерлік және тұрмыстық техникалар, iPhone смартфоны ойнатылады.
11.8K viewsedited  09:25
Ашу / Түсініктеме
2021-06-24 06:39:21
Ақтаудағы жағажайда жас жігіттер жаппай төбелесті

Демалып жүрген тұрғындар төбелес шығарғандарды ажыратуға тырысты. Полиция 3 жігітті учаскеге алып кетті. Олардың екеуі кәмелетке толмаған болып шықты. Тәртіп сақшылары төбелеске қатысқан өзгелерін де анықтауға уәде берді.
12.4K viewsedited  03:39
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 15:02:44
Алматыда «үнді» штамын жұқтыру ықтималдығы бар.

Алматыда коронавирустың «дельта» (үнді) штамының анықталу ықтималдығы белгілі болды. Ақпаратты Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов растады.

«Штамды жұқтырудың ықтималдылығы анықталды. Толық геномды секвенирлеу үшін қосымша уақыт қажет», – деді ол.
13.2K views12:02
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 08:38:28
Сайрам-Өгем шатқалынан тағы бір мәйіт табылды. Болжам бойынша, бұл бұрын жоғалған туристердің бірі.

Тікұшақ жіберілді. Табылған мәйіт сараптама жасалу үшін полиция қызметкерлеріне табысталады.

Еске салайық, 25 мамырда сағат 18.30-да "112" пультіне жеті туристің жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Іздестіру жұмыстары 27 тәулік бойы жалғасты. Бұған дейін 3 турист құтқарылса, тағы үш туристің мәйіті табылған болатын.
13.6K viewsedited  05:38
Ашу / Түсініктеме
2021-06-22 18:06:18
Премьер-министр Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцина алды. Үкімет басшысының таңдауы Қарағандыда өндірілген “Спутник V” екпесіне түсіпті.
13.4K viewsedited  15:06
Ашу / Түсініктеме
2021-06-22 07:55:00
Алматыда субұрқақта ойнап жүрген қыздар мен оларды құтқарғысы келген әйелді тоқ соққан

Бұл туралы әлеуметтік желіде куәгер жазды. Екі қыз аяқ киімдерін шешіп, субұрқаққа түспек болған. 

«Әп-сәтте байқамай қалдым, екі қыз ортадағы темірге қадалып қалды. Оларды шығарам деп анасы да сол темірге жабысып жатты. Дыбыстары да шықпай, серейіп қалғандарынан ток ұрғанын ұқтым. Тезірек жанымдағы адамдарды шақырып, көмектесіңдер деп айқайладым. Мен сияқты суға түсуге көп адамның жүрегі дауаламады. Сол кезде осы Абылай деген жігіт өзін тоқ соғып жатса да, кезек-кезек оларды судан шығарды», - деп жазды Үкілай Бестай есімді куәгер.  

Осылайша Абылай есімді жігіт қыздар мен әйелді құтқарып қалды. Оған көмекке тағы бір ер адам келген. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы белгісіз. 
14.4K viewsedited  04:55
Ашу / Түсініктеме
2021-06-21 13:31:09
Ұшақ жолаушылары орындықтың шынтақ қойғышына таласып, артынша төбелесіп қалған. Соның салдарынан әуе кемесі әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды.

Оқиға 11 маусымда Сан-Францискодан Лас-Вегасқа бет ұлған ұшақ бортында орын алған. Екі ер азамат креслоның шынтақ қойғышы үшін сөзге келіспей қалған, олардың жанжалы төбелеске ұласқан. Осыған орай, ұшақ капитаны әуежайға оралуды жөн көрген. 

Әуе кемесі жерге қонған соң, шу шығарған азаматтарды полицейлер ұстап әкеткен. Олардың рейске қайта отырғызылуына рұқсат берілмеген. 
Бұл желі қолданушыларының қызу пікірталасын тудырды. Біреулер орындықтардың шынтақ қойғышын кеңірек жасау керек деген ойын айтса, тағы біреуі ортада отырған жолаушы екі шынтақ қойғышқа қолын қоя алатынын алға тартты. 
"Ұшақ ережесін мынадай: борт өткелі жағында отырған адамға аяғын шығарып отыруға болады, ал терезе жақтағыға керемет көрініс бұйырды. Сол себепті де ортадағы адамның екі шынтақ қойғышқа қолдарын қойып отыруы орынды", – деп жазыпты
14.7K viewsedited  10:31
Ашу / Түсініктеме