Get Mystery Box with random crypto!

💎

Telegram арнасының логотипі qaznewskaz — 💎 Q
Telegram арнасының логотипі qaznewskaz — 💎
Арна мекенжайы: @qaznewskaz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1
Арнадан сипаттама

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿
Реклама: @Generege

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 28

2021-07-01 06:30:27
«ҚазАвтоЖол» Қытай банкінен 199 млн доллар сұрап отыр

Бұл қаражатқа ұлттық компания елорданың сол жағалауындағы басты көшелерді қайта жаңартпақ. Үкіметтің бұған қатысты қаулысының жобасы Қаржы министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Үкімет өз тарапынан ұлттық компанияға қарызға байланысты мемлекеттік кепілдікті бермек.
4.3K viewsedited  03:30
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 08:24:42
Алматы облысы Жамбыл ауылында 45 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі 3 адамды қағып кетті

Оқиға орнында 53 жастағы жергілікті тұрғын мен 9 жастағы бала көз жұмды. 3 жастағы бала ауруханаға түсті. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
5.9K viewsedited  05:24
Ашу / Түсініктеме
2021-06-29 18:18:32
Елімізде тағы бір сала қызметкерлері үшін міндетті вакцинация енгізілді

Үкімет басшысы Асқар Мамин қызмет көрсету және білім беру саласының қызметкерлері үшін міндетті вакцинация енгізу керек екенін айтты.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин бүгінде вакцинаның алғашқы компонентін 3,3 миллион қазақстандық салдырғанын тілге тиек етті. Оның сөзінше, екпенің екінші дозасын 2 миллионға жуық адам алған.
"Десек те бұл әлі де жеткіліксіз. Әкімдер вакцинанциялау қарқынын күшейтуі қажет. Әсіресе Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында осы тұрғыда шаралар қабылдау керек. Міндетті вакцинаны еңбек ұжымдарында, қызмет көрсету және білім беру салаларында енгізу қажеттілі туып отыр", - деді Мамин.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемологиялық ахуал жайлы баяндаған болатын.
7.1K viewsedited  15:18
Ашу / Түсініктеме
2021-06-29 06:15:46
Алматыда жаңа туған сәбиін сатпақ болған ерлі-зайыпты ұсталды

Олар – Өзбекстанның азаматтары. Күдіктілер нәрестені Жамбыл облысының тұрғынына өткізбек болған. Баланы саудаламақ болған ерлі-зайыптыға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. 
8.0K viewsedited  03:15
Ашу / Түсініктеме
2021-06-28 17:12:37
Алматыда коронавирустың төртінші толқыны басталуы мүмкін. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

«Төртінші толқын қаупі төніп тұр, оған дельта штамы себеп, оны үнді штамы деп те атайды. Біз «жасыл» аймаққа өткенде ауру көрсеткіші тәулігіне 100 жағдайға дейін төмендеді, бірақ жаңа штамдарға байланысты күрт өсті. Үнді штамының басқа мутацияланған штамдармен салыстырғанда патогенділігі жоғары. Осыған байланысты қатаң шектеу шараларын енгізуге мәжбүр болдық», - деді Бекшин
8.7K viewsedited  14:12
Ашу / Түсініктеме
2021-06-28 06:44:21
Үкі ойнап жүрген баланың көзін ағызып жіберген

Башқұртстан Республикасының Салават ауданында үкі балаға шабуыл жасап, көзін ойып алды.

Жергілікті басылымның мәліметінше, зардап шеккен бала өзен жағасында достарымен ойнап жүрген. Үйге қайтып бара жатқанда жолда ол шөп үстіндегі үкіні байқап, оны алып кетпек болған. Мұны көрген ана-үкі өз баласына қауіп төндірді деп ойлап, балаға шаубыл жасап, көзін ағызып жіберген.
Баланы ауруханаға жеткізді, бірақ дәрігерлер жарақат алған көзді құтқара алмады. Уфада балаға бірнеше операция жасалды.
9.6K viewsedited  03:44
Ашу / Түсініктеме
2021-06-27 07:47:08
Қазақстандық Шавкат Рахмонов бразилиялық қарсыласын қылғындырып, UFC-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.
10.5K viewsedited  04:47
Ашу / Түсініктеме
2021-06-26 15:19:33
Қазақ арасында адамға науқастанып қалмас үшін "көз тимесін" деп жатады. Бірақ бұл сөз тіркесі қайдан шықты? Бұлай айтудың сыры неде? Осы сұрақтарға бүгінгі материалымызда жауап береміз.


Тіл-көз тию – қазақ қоғамындағы ескіден келе жатқан нанымдардың бір түрі. Қазақ жақсы адамға, сұлу қызға, жүйрік атқа, жас нәрестеге, тіпті адамның дәулеті мен атақ-абыройына да көз тиюі мүмкін деп ойлайды. "Тіл-сұқ тас жарады" деген сөз осыдан шықса керек. Бала кенет науқастанып қалса, көз тиді, біреудің сұғы өтті деп жорып, оған түрлі әдіспен ем жасаған.
Халық емшілігінде бала кенет сырқаттанып қалса, оған "тіл-көз тиді, біреудің сұғы өтті" деп жорып, әртүрлі ем жасап, дұға оқып жатады.
"Көз тимесін", "Сөз тимесін" деп, қызыға қараған адамға, нәрсеге түкіріп, көз тиюдің алдын алады. Міне, осылайша бұл тіркестер әлі күнге дейін қолданылып келеді.
11.2K viewsedited  12:19
Ашу / Түсініктеме
2021-06-26 06:11:25
Елордадағы емханалар мен сауда орталықтарында тұрғындар вакцина алу үшін таңертеңнен бастап ұзын-сонар кезекте тұр. Екпе алғысы келетіндер саны соңғы тәулікте 2 есе артқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін қала әкімі вакцинацияланғандар арасында 2 бөлмелі пәтер ойнатылатынын хабарлаған.
10.5K viewsedited  03:11
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 07:36:06
Қазақстанда тағы -1 банк

Capital Bank лицензиясынан айырылды. Банк салымшыларының 99%-ның депозиттері «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың кепілдігімен толық көлемде өтеледі.

Егер сіз бұл банкке ақша салсаңыз немесе басқа сұрақтарыңыз болса, келесі нөмірге хабарласуыңызға болады: +7 (727) 331 66 77.
12.0K viewsedited  04:36
Ашу / Түсініктеме