Get Mystery Box with random crypto!

Kazakh in Cardiff (I was)

Telegram арнасының логотипі qazcard — Kazakh in Cardiff (I was) K
Telegram арнасының логотипі qazcard — Kazakh in Cardiff (I was)
Арна мекенжайы: @qazcard
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.35K
Арнадан сипаттама

Технология сізді қалай өзгертпек
Канал авторы - @daniyar

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2021-11-11 07:49:42 Если это так важно для вас, вам следует приобрести телефон на Android. С нашей точки зрения, разрешить приложения в обход App Store — это то же самое, что убеждать покупателей автомобилей не ставить в машину подушки и ремни безопасности. Это слишком рискованно. iPhone не был бы «айфоном», если бы не обеспечивал максимальную безопасность и конфиденциальность.
Тим Кук (гендиректор Apple)

Өтірікті сапырады осылар. Макбуктар тура сол эпплдің экосистемасында өмір сүретін девайс. Ол жерге эппсторсыз-ақ қалаған программа қондыруға болады. Ешкімнің мүйізі сынып қалған жоқ. Әншейін монополияны жібергісі келмей қалтырап отыр. Epic Games-тің сотта жеңіп келе жатқанын оқып қуанып қалам кәдімгідей. Монополия деген жаман, оны тіпті эппл/гуглың жасаса да
226 views04:49
Ашу / Түсініктеме
2021-11-05 08:43:17
Реддиттің тоғыз андроидщигінің әрқайсына компаниясы 3500$ тұратын жаңа Macbook Pro M1 Max алып беріп жатыр екен. Өйткені, адамның жұмыс сағаты, темірге қарағанда әлдеқайда қымбат. Қазір 32 мың доллар құртқанмен, бір жылда 100 мың доллар үнемдейміз дейді. Бәріңіздің бастығыңыз осындай болсын
355 views05:43
Ашу / Түсініктеме
2021-11-05 08:37:16 Айти-шмайтиде жүргеніме жеті жыл болды. Программис болам деп жүргендерге немесе уже болып жүргендге беретін универсал кеңесім әзірге біреу. Құрал-саймандарыңыз мықты болсын. Меніңше, ең маңыздысы:

- 16gb ОЗУ
- SSD диск
- 4k монитор
- ыңғайлы кресло

Сіз азаннан кешке дейін компьютерге үңіліп ақша табатын адамсыз, сондықтан жұмыс барысында жүйкеңізді жұқартатын факторларды азайтыңыз. Онсыз да код жазу мидың біраз ресурсын жейтін процесс)
242 views05:37
Ашу / Түсініктеме
2021-11-04 13:17:12
Github сopilot деген бар еді ғой. Соның әзірге жабық тестілеуіне шақырту алдым. Былай норм сияқты. Жоғарғы мысалда fun fib деп жазып едім, мынадай нұсқалар ұсынды.

Бұл пилот алғашқыда күшті ассистент сияқты боп көрінгенмен, жасанды интеллект әзірге оптимал код жазу жағын дым қатырмайды екен. Фибоначиді рекурсивті жазу - компьютер жадының соры. Иә, жазылуы элегантты әрі түсінікті сияқты. Бірақ әрбір функция, екі функция тударады, одан кейін оның әр қайсысы тағы екеу, солай бірге жеткенше кете бермек. Санап жіберейікші, егер рекурсивті жазылған фибоначи функциясына 50 деген шама берсек, қанша рет өз-өзін шақырады? Және фибоначиді дұрыс жазу үшін қандай алгоритм қолданған дұрыс?
180 views10:17
Ашу / Түсініктеме
2021-11-02 20:28:57
via @profunctor_io
122 views17:28
Ашу / Түсініктеме
2021-10-29 07:27:03
Ояна қалсам, елдің бәрі Фейсбуктың Мета боп кеткені туралы жазватр. Бұл туралы жазбас едім, бірақ маған қызық болған екі нәрсе бар. Енді Oculus Quest деген сөзді алып тастап, Meta Quest деп атапты. Және Мета Квест 2 деген VR құрылғыда біраз жаңа дүние пайда болады. Оның ішінде GTA San Andreas те бар. Ah shit, here we go again
236 views04:27
Ашу / Түсініктеме
2021-10-26 19:41:22
Кекілі бар мактың шыққаны бүгін, ал жұрттың программисі уже соның жыртығын жамайтын программа жасап қойыпты
149 views16:41
Ашу / Түсініктеме
2021-10-26 19:23:43
жария санат Сәлем{
жария тұрақты дым негізгі(Тармақ[] параметрлер){
Жүйе.сыртқа.басыпшығар("Сәлем, әлем!");
}
}
226 views16:23
Ашу / Түсініктеме
2021-10-26 12:23:23
Джеф Безос жердің орбитасында Бизнес Центр соқпақшы. Станцияны уже жасап жатқандарына бір жыл бопты. Ішінде туристер, бизнесмендер, ғылым адамдары жүретін болады.

Коворкинг с видом на землю
https://www.blueorigin.com/news/orbital-reef-commercial-space-station
253 views09:23
Ашу / Түсініктеме
2021-10-26 06:39:58
Pixel 6 смартфонда суреттегі қалаған затты оп-оңай кесіп алып тастай аласыз. Бұл жасанды интеллект пен жаңа tensor чиптің арқасы. Айфон ұстайтындар, уайымдамаңыздар. Сіздерге бұл фича төрт-бес жылда кеп қалады :)
88 views03:39
Ашу / Түсініктеме