Get Mystery Box with random crypto!

Github сopilot деген бар еді ғой. Соның әзірге жабық тестілеуі | Kazakh in Cardiff (I was)

Github сopilot деген бар еді ғой. Соның әзірге жабық тестілеуіне шақырту алдым. Былай норм сияқты. Жоғарғы мысалда fun fib деп жазып едім, мынадай нұсқалар ұсынды.

Бұл пилот алғашқыда күшті ассистент сияқты боп көрінгенмен, жасанды интеллект әзірге оптимал код жазу жағын дым қатырмайды екен. Фибоначиді рекурсивті жазу - компьютер жадының соры. Иә, жазылуы элегантты әрі түсінікті сияқты. Бірақ әрбір функция, екі функция тударады, одан кейін оның әр қайсысы тағы екеу, солай бірге жеткенше кете бермек. Санап жіберейікші, егер рекурсивті жазылған фибоначи функциясына 50 деген шама берсек, қанша рет өз-өзін шақырады? Және фибоначиді дұрыс жазу үшін қандай алгоритм қолданған дұрыс?