Get Mystery Box with random crypto!

Kazakh in Cardiff (I was)

Telegram арнасының логотипі qazcard — Kazakh in Cardiff (I was) K
Telegram арнасының логотипі qazcard — Kazakh in Cardiff (I was)
Арна мекенжайы: @qazcard
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.35K
Арнадан сипаттама

Технология сізді қалай өзгертпек
Канал авторы - @daniyar

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 11

2021-06-10 20:14:04
Біреу хотфикс деген не десе, осы видеоны көрсетіңіз
167 views17:14
Ашу / Түсініктеме
2021-06-09 04:48:42
Бала кезімде үйді де тура осылай жинайтынмын.
297 views01:48
Ашу / Түсініктеме
2021-06-02 12:33:46 Qazaqsha programming

Біз шетелде істейтін достарымыз бірігіп(@datbayev, @narikbi, Темірұлан) жаңа проект бастағалы жатырмыз.

Қазіргі таңда программалауға қатысты қазақ тілінде жазылған кітап жоқтың қасы шығар. Осы жағдайды ескере отырып Антидің "Competitive Programmer's Handbook" деген кітабын қазақ тіліне аударайық деп шештік.
Кітапқа сілтеме : https://cses.fi/book/book.pdf

Әрине, кітапты тек 3-4ға адамға аудару қиынға соғады. Сондықтан бұл кітапты бүкіл халық болып аударайық. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді ғой.

Бұл коммерциялық емес проект. Қазақ тілінің жанашыры болсаңыз үлесіңізді қоссаңыз болады. Әрбір адам өзінің көмегін тигізе алады. Ағылшын, орыс, қазақ тілін білетін адамдар өте қажет. Аудару тобына қосылғыңыз келсе төмендегі форманы толтыруыңызды сұраймыз.

https://forms.gle/Fi277JnpT93iBybX7. Толтырсаңыз жақын арада сізбен хабарасамыз.

Репост жасап септігіңізді тигізсеңіз болады.
159 views09:33
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 09:26:41
Әлемнің ең ежелгі смарт-әшекейі: 300 жылдық Цин Династиясының жүзігі
239 views06:26
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 08:57:45
Немерелеріме кезінде приложениені осылай жасайтынбыз деп айтам
330 views05:57
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 13:14:09
Мынадай мықты сабақты бірінші рет көріп тұрмын. Не деген керемет түсіндірме...
134 views10:14
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 09:15:03 Гуглдың мына технологиясы бәріне қолжетімді болған кезде нағыз удаленкаға дайын боламыз. Әзірге қатқан зумда отыра тұруға тура келеді. Шамамен он жылдай керек шығар әлі



229 views06:15
Ашу / Түсініктеме
2021-05-22 20:10:10 Кенияның астанасы Найроби қаласында мынадай заң болыпты.

Әрбір соғылған ғимараттың шатыры 15см қар көтеретіндей мықты болуы қажет. Бұл заң сонау 1970 жылдарға дейін болған. Кенияда қайдағы қар дейсіз ғой? Дұрыс айтасыз, ол жаққа ондай мықты шатыр қойып шығынға батудың еш қажеті жоқ.

Просто кезінде Кенияны отарлаған ағылшындар заңды өздерінен копипаст жасап ұра салған ғой. Тек Блакбөрн деген қала аты тұрған жерді Найроби деп өзгерте салған.

Бұл маған заманауи разработкідегі best practice деген нәрсені еске түсіреді. Программистер келсін келмесін, кодты керек емес кезде күрделендіріп жазғысы кеп тұрады. Ойбай Сэм көке clean architecture жазыңдар деп айтты. Ойбай SOLID бойынша бәрін абстракциямен байлауымыз керек. Ойбай әрбір функцияға юнит тест жазу керек, тағысын тағы.

Дұрыс түсініңіз. Solid бойынша мүлде жазбаңыз демейм. Бірақ жазар алдында не үшін жазам, қаншалықты пайда әкеледі деген сияқты сұрақтар қою керек. Мысалыға юнит тест жазу дегенді айти ортада барлығы қатты уағыздайды. Бірақ юнит тест деген:

- бизнес талапты емес, реализацияны тестілейді
- рефакториң кезінде кедергі болады
- көбіне сапасыз жазылады. Егер юнит тест error көрсесте, 95% жағдайда проблема функцияда емес, тесттің өзінде боп шығады.


Шектеулі жағдайда ғана юнит тест жазу өз-өзін ақтайды. Тура қар көтеретін шатыр сияқты.
192 views17:10
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 19:48:56
Егер Гиттің командалары орысша болса осылай болады екен. Pull request - просьба втащить.

қазақша нұсқа жасап көреміз бе?)
406 views16:48
Ашу / Түсініктеме