Get Mystery Box with random crypto!

Kazakh in Cardiff (I was)

Telegram арнасының логотипі qazcard — Kazakh in Cardiff (I was) K
Telegram арнасының логотипі qazcard — Kazakh in Cardiff (I was)
Арна мекенжайы: @qazcard
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.35K
Арнадан сипаттама

Технология сізді қалай өзгертпек
Канал авторы - @daniyar

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2022-02-11 18:19:44 #оқырманнан_хат
постты ұсынған: @daniyar
түпнұсқасы мында: https://t.me/nikitonsky_pub/273

Твиттер-де кезігіп қалды:

> Safari doesn’t support fractional font sizes, so we do integer font size and add the fractional size using the scale transform.


el.style.fontSize = ${Math.floor(fontSize)}px;
el.style.transform = scale(${fontSize / Math.floor(fontSize)})

Менің ойымша, осы жәйт бағдарламалауды жақсылап тұрып сипаттап(әшкерелеп) береді. Қараңызшы:

- Абстракция нақты өзің қалаған нәрсені жасап тұрған жоқ.
- Абстрацияны айналып өту үшін біраз өнеріңді саласың. Сонда да ақылға қонымсыз, мойындайсың )
- Техникалық қарызыңды бәрібір айналып келіп өзің өтейсің кейін. Өздігінен жоқ болып кетпейді.
- Сапаның да төмендеп кетуі күтілетін жәйт мұндайда.
- Ресурстар да ұтымды қолданылып жатыр деуге келмейді.
- Бір платформаның кесірінен басқалар "таяқ жейді"
- Бұл негізгі о бастан күмәнді фича ғой. Мәтін пикселі деген онсыз да кішкентай өлшем бірлік. Оны бөлшектеп не керек?
- "Осылай-ақ кете берсін" деп талай қоқыс кодқа көз жұмуға дайын боласың ғой жеме-жемге келгенде )
- Әйбат қылып жасайын десең лажың жоқ бұған.
- Әрбір деңгейді алып қарасаң бірдеңе былығып жатыр.
- ^W^W^W^W қатысушыларының айлықтары керемет дейсің ғой бастысы)

"Шәйнектен суды төк. Сосын бірінші қадамға кірісе бер" деген әзіл қазір әзіл емес күнделікті тірліктің нақты бейнесі )
201 views15:19
Ашу / Түсініктеме
2022-02-04 08:25:32
Программистерге арналған пост

Егер IDE-нің ішінде JIRA-ға тікелей байланыс боп, сол жақтағы тасктар арқылы автомат түрде GIT тармақтар жасауға болатын болса қатып кетер еді, ә. Сөйтсек ондай фича JetBrains жасайтын барлық өнімде бар екен. Jira, Asana, Gitlab, Trello, Github дейсіз бе, общым бәрімен байланыс құрып тастауға болады. Мына мысалда Андроид Студиомен Jiraны қалай байланыстыру туралы нұсқаулық жазылған. Өзіңіздің фреймворкыңызға керек нұсқаулықты оп-оңай гуглдетіп аласыз деп ойлам.

Мың жерден тәжірибелі программис болсаң да, білетінің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз
250 viewsedited  05:25
Ашу / Түсініктеме
2022-02-03 07:18:37
Дэвид Боуи деген айтиге дым қатысы жоқ әнші болған. Сонау 1999-да айтқан интернет туралы болжамы адамды таң қалдырады. Ол кезде тіпті мына журналист тұрмақ, мықты-мықты деген визионер технократтар интернеттің потенциалын толық түсінбеген шығар. Мүмкін біздер әлі де түсінбейміз.

Бүгінде Биткойнды үгіттеушілер қазір тура осы Боуи сияқты әңгіме айтады. Біз әлі жаңа қаржылық жүйенің тамырын да басып көре алмадық, қызықтың бәрі алда деп.

Сіз қалай ойлайсыз: web3, метағалам, криптовалюталар болашақта әлемді тура интернет сияқты өзгерте ала ма, әлде уақытша ғана хайп па?
378 views04:18
Ашу / Түсініктеме
2022-01-31 15:06:59
Android WearOS орнатылған сағат сатып алған күні осындай watchface апп жазып алам-ау өзіме.

Бірақ нағыз андроидер ретінде менің нұсқамда котлиннің дата кластары болады)
76 views12:06
Ашу / Түсініктеме
2022-01-27 15:42:52 Сөзділ шыққанына бір апта болды. Аздап статистикасын айта салайын. Бір апта ішінде:

Бірегей(уникальный) қолданушы саны 6500
Күнде кіріп отыратын қолданушы саны 618
Қазақстаннан кірген қолданушы саны 5741
АҚШ-тан 433
Ресейден 67
Алманиядан 62
Британиядан 62

Қала бойынша бөліп қарасақ:
Almaty 2031
Astana 940
Shymkent 797
Atyrau 422
Aktobe 387
Clarksville 319
Karagandy 202
Ақтөбеден кейін Кларксвиль тұрғаны қалай кетті

Платформа бойынша бөліп қарасақ:
iOS 3262 (тең жартысы)
Android 2724 (қырық пайызы)
Windows 335
Mac 189
Linux 59
638 views12:42
Ашу / Түсініктеме
2022-01-21 13:00:13
441 views10:00
Ашу / Түсініктеме
2022-01-21 11:09:31
Қазақша wordle!

Туиттерде отыратындар болса, осындай жасыл түсті шаршылар көбейіп кеткенін байқаған болар. Бұл қазір әлемді жаулап тұрған wordle ойыны. Күніне бір сөз ғана табу керек, бірақ оны тапқанша біраз бас қатырып, бүкіл сөз байлығыңды ақтарып шығасың.

Соның қазақша нұсқасын сөз жобасының авторы @ileezyy жасап қойды. Сайтта авторлар ішінде мен де бармын, бірақ оған сенбеңіз, мен жай ғана жоба менеджері ұқсап, "че там" деумен болдым. Бүкіл жұмысты жасаған Ілияс.

Ағылшынша wordle қазір туиттерде мықты тренд боп тұр. Біз қазақша "сөзділ" ойнап, нәтижемен инстаграм сториде бөлісуді трендке айналдырайық.

wordle.kz

Айтпақшы, сосын. Көп адам ойын шартын оқымай бірден иксты баса салады екен да, ойынды түсінбедім деп көзі бақырайып тұрады. Сайтқа кірген бетте ойын шарты шығады, соны оқып алыңыз, қиын ештеңесі жоқ, сосын барып иксті баса беруге болады
5.8K views08:09
Ашу / Түсініктеме
2022-01-12 20:54:52 Ізсіз кеткендерді іздейтін мындай сайт ашылды: https://izsizqantar.com/

Бұл өте маңызды бастама. Барынша таратуларыңды сұраймын. Адамдардың жақындары тезірек аман-сау табылуына тілектеспін!

Ізсіз Қаңтар 2022 шерулер кезінде жоғалған, жарақаттанған, өмірден өткен адамдар туралы ақпаратты жинауда.

Жиналатын ақпарат қаңтар айының басында орын алған шерулерге ғана қатысты.

Жағдай туралы ақпаратты мұқият жинақтау мен көрсету мақсатында, біз жеке деректерді жинаймыз. Ақпаратты үшінші тұлғалармен бөліспейміз.
Біз жинайтын деректерге шеру құрбаны болған адамдардың аты-жөні, туған күні, облысы, статусы, жоғалу, жарақаттану не өлім күні, әрі ақпарат берушінің аты-жөні мен байланысы жиналады. Сонымен қатар, ақпарат берушінің қалауы бойынша шеру құрбаны болған адамның мамандығы, жоғалу туралы оқиғасы, әрі суреті жиналу мүмкін.
166 views17:54
Ашу / Түсініктеме
2022-01-10 04:17:25 10 қаңтар — Жалпыұлттық аза тұту күні

Factcheck.kz және MediaNet Халықаралық журналистика орталығы қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен Отан алдындағы борышын өтеу кезінде қайтыс болған азаматтардың отбасыларына, жақындарына, барша Отандастарымызға қайғырып, көңіл айтамыз.

Біз еліміздің осынау аласапыран кезеңді тез еңсеріп, болған оқиғаларға қатысты ашық әрі әділ тергеу жүрізетініне сенеміз.
201 views01:17
Ашу / Түсініктеме
2022-01-09 13:44:13
Проксилер құламай дұрыс жұмыс жасауы үшін телеграм настройкасында автозагрузка медианы өшіріп қоямыз
286 views10:44
Ашу / Түсініктеме