Get Mystery Box with random crypto!

#оқырманнан_хат постты ұсынған: @daniyar түпнұсқасы мында: htt | Kazakh in Cardiff (I was)

#оқырманнан_хат
постты ұсынған: @daniyar
түпнұсқасы мында: https://t.me/nikitonsky_pub/273

Твиттер-де кезігіп қалды:

> Safari doesn’t support fractional font sizes, so we do integer font size and add the fractional size using the scale transform.


el.style.fontSize = ${Math.floor(fontSize)}px;
el.style.transform = scale(${fontSize / Math.floor(fontSize)})

Менің ойымша, осы жәйт бағдарламалауды жақсылап тұрып сипаттап(әшкерелеп) береді. Қараңызшы:

- Абстракция нақты өзің қалаған нәрсені жасап тұрған жоқ.
- Абстрацияны айналып өту үшін біраз өнеріңді саласың. Сонда да ақылға қонымсыз, мойындайсың )
- Техникалық қарызыңды бәрібір айналып келіп өзің өтейсің кейін. Өздігінен жоқ болып кетпейді.
- Сапаның да төмендеп кетуі күтілетін жәйт мұндайда.
- Ресурстар да ұтымды қолданылып жатыр деуге келмейді.
- Бір платформаның кесірінен басқалар "таяқ жейді"
- Бұл негізгі о бастан күмәнді фича ғой. Мәтін пикселі деген онсыз да кішкентай өлшем бірлік. Оны бөлшектеп не керек?
- "Осылай-ақ кете берсін" деп талай қоқыс кодқа көз жұмуға дайын боласың ғой жеме-жемге келгенде )
- Әйбат қылып жасайын десең лажың жоқ бұған.
- Әрбір деңгейді алып қарасаң бірдеңе былығып жатыр.
- ^W^W^W^W қатысушыларының айлықтары керемет дейсің ғой бастысы)

"Шәйнектен суды төк. Сосын бірінші қадамға кірісе бер" деген әзіл қазір әзіл емес күнделікті тірліктің нақты бейнесі )