Get Mystery Box with random crypto!

Кенияның астанасы Найроби қаласында мынадай заң болыпты. Әрбі | Kazakh in Cardiff (I was)

Кенияның астанасы Найроби қаласында мынадай заң болыпты.

Әрбір соғылған ғимараттың шатыры 15см қар көтеретіндей мықты болуы қажет. Бұл заң сонау 1970 жылдарға дейін болған. Кенияда қайдағы қар дейсіз ғой? Дұрыс айтасыз, ол жаққа ондай мықты шатыр қойып шығынға батудың еш қажеті жоқ.

Просто кезінде Кенияны отарлаған ағылшындар заңды өздерінен копипаст жасап ұра салған ғой. Тек Блакбөрн деген қала аты тұрған жерді Найроби деп өзгерте салған.

Бұл маған заманауи разработкідегі best practice деген нәрсені еске түсіреді. Программистер келсін келмесін, кодты керек емес кезде күрделендіріп жазғысы кеп тұрады. Ойбай Сэм көке clean architecture жазыңдар деп айтты. Ойбай SOLID бойынша бәрін абстракциямен байлауымыз керек. Ойбай әрбір функцияға юнит тест жазу керек, тағысын тағы.

Дұрыс түсініңіз. Solid бойынша мүлде жазбаңыз демейм. Бірақ жазар алдында не үшін жазам, қаншалықты пайда әкеледі деген сияқты сұрақтар қою керек. Мысалыға юнит тест жазу дегенді айти ортада барлығы қатты уағыздайды. Бірақ юнит тест деген:

- бизнес талапты емес, реализацияны тестілейді
- рефакториң кезінде кедергі болады
- көбіне сапасыз жазылады. Егер юнит тест error көрсесте, 95% жағдайда проблема функцияда емес, тесттің өзінде боп шығады.


Шектеулі жағдайда ғана юнит тест жазу өз-өзін ақтайды. Тура қар көтеретін шатыр сияқты.