Get Mystery Box with random crypto!

Qazaqparat

Telegram арнасының логотипі qazaqparat_kz — Qazaqparat Q
Telegram арнасының логотипі qazaqparat_kz — Qazaqparat
Арна мекенжайы: @qazaqparat_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.30K
Арнадан сипаттама

"ҚазАқпарат" ХАА ресми арнасы- кәсіби журналистика платформасы.
Авторлар - біздің Қазақстандағы және шетелдегі тілшілеріміз. Біз өзіміз көретін нәрсені жариялаймыз.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2022-08-10 14:15:23
KASE: доллардың ресми бағамы (сағат 17:00-дегі мәлімет бойынша) 478,06 теңгені құрады.

@qazaqparat_kz
11 views11:15
Ашу / Түсініктеме
2022-08-10 13:19:35 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

@qazaqparat_kz
126 viewsedited  10:19
Ашу / Түсініктеме
2022-08-10 11:46:50 Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министр өзі жетекшілік ететін барлық салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Дәурен Абаев азаматтардың жекелеген санаттарының кірісін арттыру шаралары туралы айтты. Атап айтқанда биыл мәдениет, өнер және спорт мекемелері қызметкерлерінің жалақысы өскен. Министрлік Мемлекет басшысының тиісті тапсырмаларын орындау бойынша жұмысты жалғастырады.

Мәдениет және спорт министрі кітап шығару саласындағы жағдай туралы баяндады. Қазір негізгі күш баспа өнімдерінің, соның ішінде балалар әдебиетінің бәсекеге қабілетін арттыруға, сондай-ақ жазушыларды қолдауға бағытталған. Сонымен қатар Президентке мұрағат қоймаларын жаңғырту мен цифрландыру жайы айтылды.
Қазақстандық спортшылардың халықаралық ірі жарыстарға, 2024 жылы өтетін Олимпиада ойындарына дайындық мәселесі де жеке қарастырылды.

Мемлекет басшысы министрлікке бұқаралық және балалар спортын дамыту, ұлттық мәдениетті кеңінен насихаттау жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев туристік инфрақұрылымды дамыту мен шетелдік инвесторларды тарту және бірлескен туристік жобаларды іске қосу үшін қажетті жағдай жасаудың маңызды екенін атап өтті.

@qazaqparat_kz
64 viewsedited  08:46
Ашу / Түсініктеме
2022-08-10 11:46:46
@qazaqparat_kz
61 viewsedited  08:46
Ашу / Түсініктеме
2022-08-10 11:10:00
Абай күні: Алматыда ұлы ақынның шығармалары метрода орындалды

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері метроға түсіп, ұлы ақынның шығармаларын музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындады.

@qazaqparat_kz
88 views08:10
Ашу / Түсініктеме
2022-08-10 09:07:58
АИ-95 маркалы бензинді Өзбекстанға заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

Көлемі – 280 тонна, құны – шамамен 90 миллион теңге болатын жанар май құйылған 5 вагон-цистерна ұсталды. Оларды жанар май қоспасы деген желеумен Өзбекстанға алып кетпек болған.

Белгілі болғандай, келісім шарт бойынша шетел компаниясының пайдасына елден жалпы сомасы 45 миллион долларға 50 мың тонна экспорттау жоспарланған.

@qazaqparat_kz
54 views06:07
Ашу / Түсініктеме
2022-08-10 08:32:05
Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік 2022 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының бірінші тақталар арасындағы қола жүлдегері атанды.

Бірінші тақтада команданың ең мықты ойыншылары ойнайды. Бибісара Асаубаева екінші тақта арасында төртінші болды.

@qazaqparat_kz
77 views05:32
Ашу / Түсініктеме
2022-08-10 07:26:10 Ұлттық ұлан сарбазы дауылда әріптестерін құтқарып жүріп көз жұмды

9 тамызда қатты дауыл көтеріліп, жел салдарынан сарбаздар орналасқан шатыр қалашығы бүліне бастаған. Қатардағы А.Н. Шахимов әріптестерінің қауіпсіз орынға шығуына көмектесіп жүріп өзі соңғы болып шыққан кезде, шатырдың темір жақтауы басына тиіп, жарақат алған.

Қонаев қаласындағы қалалық аурухана дәрігерлері сарбаздың қайтыс болғанын хабарлады.

@qazaqparat_kz
63 views04:26
Ашу / Түсініктеме
2022-08-10 06:55:11
Tartyl Fest: Ақтөбеде бір отбасының үш баласы жарысқа қатысты

Ақтөбелік қатысушылар арасында алғашқылардың бірі болып бір үйдің үш баласы шықты. Оларды алаңға анасы Алма Жарманова ертіп келді.

«Өзім дзюдомен шұғылданамын. Күйеуім де спортшы. Балаларым да дзюдо, суда жүзу және түрлі биіктіктен секіру үйірмесіне қатысады»,-деді ол.

@qazaqparat_kz
93 views03:55
Ашу / Түсініктеме
2022-08-10 06:48:00
Бүгін, 10 тамыз – Абай күні

Абай күні ретінде 10 тамыздың белгіленуі бекер емес. Ғылыми ортада ойшылдың туған күні туралы екі түрлі нұсқа болғанымен, жылдар бойы 10 тамыз ресми түрде Абай Құнанбайұлының туған күні ретінде таңбаланып келді.

@qazaqparat_kz
100 viewsedited  03:48
Ашу / Түсініктеме