Get Mystery Box with random crypto!

Qazaqparat

Telegram арнасының логотипі qazaqparat_kz — Qazaqparat Q
Telegram арнасының логотипі qazaqparat_kz — Qazaqparat
Арна мекенжайы: @qazaqparat_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.30K
Арнадан сипаттама

"ҚазАқпарат" ХАА ресми арнасы- кәсіби журналистика платформасы.
Авторлар - біздің Қазақстандағы және шетелдегі тілшілеріміз. Біз өзіміз көретін нәрсені жариялаймыз.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-09-02 11:30:43
Алғашқы қоңырауда телефон қарап жатқан суреті тарап кеткен бала туралы тың мәлімет белгілі болды.

Казталов ауданы Қараөзен ауылында тұратын 4 жасар Жанасыл Бақтығалидың анасы, «Күміс алқа» иегері Бақытгүл Жақыпованың айтуынша, оқиға кеше Қараөзен мектеп-лицейінде болды.

Оның сөзіне қарағанда, Жанасыл мектепке анасы мен ағаларына ілесіп барған. Жанасыл мейрам болған соң, костюм кигісі келген. Сосын ағаларының ескі киімін киген.

Толығырақ мына жерде

@qazaqparat_kz
11 views08:30
Ашу / Түсініктеме
2022-09-02 09:53:33
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады Ақорда резиденциясында 5 мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Мемлекет басшысына Ливия…
44 views06:53
Ашу / Түсініктеме
2022-09-02 09:52:39 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Ақорда резиденциясында 5 мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Мемлекет басшысына Ливия Елшісі Аладдин Абдулсалам Лехуайк, Кувейт Елшісі Омар Ахмед Мұхаммед Мурад Әл-Кандари, Словакия Елшісі Роберт Кирнаг, Алжир Елшісі Камал Фениш және Кения Елшісі Бенсон Генри Оума Огуту сенім грамоталарын табыс етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттармен әңгімелесу кезінде оларды еліміздегі дипломатиялық миссиясының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Қазақстан достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған бейбіт және ашық сыртқы саясат жүргізіп жатқанын атап өтті.

Президент түрлі бағыттағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруда мүмкіндіктердің бар екенін айтып, Елшілерге елімізде игі міндеттерін орындауда Қазақстан үкіметінің қолдау көрсететінін жеткізді.

@qazaqparat_kz
46 views06:52
Ашу / Түсініктеме
2022-09-02 09:17:49
Ақтауда ішімдік ішкен жүргізуші қозғалыссыз тұрған 6 көлікке соғылған.

Көлік иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізуші 20 тәулікке Ақтау қаласы полиция басқармасының арнайы қабылдағышына жабылды.

@qazaqparat_kz
74 viewsedited  06:17
Ашу / Түсініктеме
2022-09-02 08:39:41
Ақтаудағы 12-мектептің 1-сыныбына сегіз егіз барды. Егіздердің көптігі Білім күніне арналған салтанатты жиында көпшіліктің таңданысын тудырған.

@qazaqparat_kz
54 views05:39
Ашу / Түсініктеме
2022-09-02 08:24:23
Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.

@qazaqparat_kz
68 views05:24
Ашу / Түсініктеме
2022-09-02 08:00:35
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады

Конгрессмендер Джеймс Панетта және Томас Суоццимен кездесуде қазақ-америка қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды. АҚШ Конгресіндегі Қазақстанның достары тобының қызметі аясында парламентаралық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысы АҚШ конгрессмендерінің сапары парламенттік дипломатияны ілгерілету тұрғысынан маңызды деп атап өтті. Сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына көңілі толатынын жеткізді.

Президент конгрессмендерге елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыты туралы айтып берді.

Өз кезегінде конгрессмендер Мемлекет басшысына кездесу үшін алғыс айтып, Президенттің ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы бастамаларын жоғары бағалады.

@qazaqparat_kz
77 views05:00
Ашу / Түсініктеме
2022-09-02 07:12:55
Бразилиялық Эскива Фалькао Әлімханұлына жекпе-жек өткізуге кезекті ұсыныс білдірді. Жауап ретінде «Қазақ стилі» Фалькаоға нақты ұсыныс болған жағдайда Эскивамен айқасуға қарсы емес екенін айтып, оның командасымен осындай жекпе-жекті талқылауды ұсынды.

@qazaqparat_kz
13 views04:12
Ашу / Түсініктеме
2022-09-02 06:19:16 Өткен тәулікте елімізде 431 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

@qazaqparat_kz
66 views03:19
Ашу / Түсініктеме
2022-09-02 06:02:27 Қайырлы таң! ТОП-5 жаңалық

1. Келер жылы қазақстандық компаниялардың 77% штат санын көбейтпек.
2. Теннисші Жібек Құламбаева Алматыдағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты.
3. Камиль Ақатов Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды.
4. Қазақстанда ең төменгі жалақымен күн көретін 1,8 млн адам бар.
5. Қытайдың 21 млн тұрғыны бар мегаполисінде локдаун басталды.

@qazaqparat_kz
77 views03:02
Ашу / Түсініктеме