Get Mystery Box with random crypto!

Qazaqparat

Telegram арнасының логотипі qazaqparat_kz — Qazaqparat Q
Telegram арнасының логотипі qazaqparat_kz — Qazaqparat
Арна мекенжайы: @qazaqparat_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.30K
Арнадан сипаттама

"ҚазАқпарат" ХАА ресми арнасы- кәсіби журналистика платформасы.
Авторлар - біздің Қазақстандағы және шетелдегі тілшілеріміз. Біз өзіміз көретін нәрсені жариялаймыз.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 502

2021-02-02 09:10:12 Бүгін Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті

Негізгі мәселелер:

Қашағанда шикі газ өңдеу зауытының құрылысы басталады

Пайдаланылмай тұрған ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару мерзімі қысқартылады

Меморгандарды автокөлікпен қамтамасыз етудің жаңа нұсқасы әзірленеді - министр

Алексей Цой: Вакциналау жұмыстары бекітілген тәртіп бойынша жүргізілуде

Президент тапсырмасы: 15 өңірлік университет дамытылады

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент 68 тапсырма берген

Биыл 200 мектеп 4 тетік бойынша салынады - Асхат Аймағамбетов

Өңірлерде қажетсіз жобаларды анықтайтын тетік енгізілмек

Толығырақ inform.kz

@QazAqparat_kz
143 views06:10
Ашу / Түсініктеме
2021-02-02 09:00:46
Қазақстанда банк комиссиясы және фискалдық деректер операторларының қызметтеріне ақы төлеу жойылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

@QazAqparat_kz
134 views06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-02-02 08:52:48
Жер мәселелері жөніндегі арнаулы комиссия құру басталды

Биыл ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға және қазақстандықтарға жекеменшікке беруге 2016 жылы енгізілген мораторий мерзімі аяқталады.

Мемлекет басшысы жер комиссиясын қайта құрып, қарашаға дейін Жер кодексіне түзетулер қабылдауды тапсырды. Жер мәселелері жөніндегі арнаулы комиссия құру жұмысы басталып кетті.

Комиссия құрамына барлық мүдделі тараптар, ҚР Парламенті депутаттары, агробизнес, фермерлер одағы мен қауымдастықтарының, «Атамекен» ҰКП, облыс әкімдіктерінің өкілдері және басқалары кіреді.

Жер комиссиясы жұмысының қорытындысы және ұсынылған пікірлерді талқылау бойынша жаңа заң жобасы әзірленетін болады.

@QazAqparat_kz
139 viewsedited  05:52
Ашу / Түсініктеме
2021-02-02 08:26:00 Күздегі халық санағы қалай өтеді?

Енді халықтан мәлімет жинау екі түрлі тәсілмен жүргізіледі.

Бірінші тәсіл – https://sanaq.gov.kz/ арнайы сайтында интернет-сауалнама жүргізу, онда виртуалды көмекші арқылы респонденттер қай жерде орналасқанына қарамастан дербес санақтан өтуге және өзі мен отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік алады.

Екінші тәсіл – қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, дәстүрлі үй-үйді аралау.

Үйлерді аралау 1-30 қазан аралығында өтеді.

Қазіргі уақытта ұлттық санақты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары мүдделі мемлекеттік органдарға және облыстардың әкімдіктеріне келісуге жіберілді.

@QazAqparat_kz
153 views05:26
Ашу / Түсініктеме
2021-02-02 08:14:15
Асқар Мамин Үкімет отырысында бірқатар тапсырма берді

Премьер-Министр 2025 жылға дейін даму жоспары туралы тапсырма берді.

Асқар Мамин Үкіметтің 2021 жылғы басты мақсаттарын атады.

Ұлттық экономика министрлігіне Аумақтық даму жоспарының жаңартылған жобасын биылғы 1 сәуірге дейін әзірлеуді тапсырды.

Ұлттық экономика министрлігі екі күн мерзімде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген Президент тапсырмаларын орындау жөніндегі Жол картасын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізсін.

@QazAqparat_kz
162 views05:14
Ашу / Түсініктеме
2021-02-02 07:46:30 Қазақстандықтар қызмет көрсету орындарға QR-кодпен ғана кіре алады ҚР ЦДИАӨМ мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша деректерді бақылау және талдау мақсатында «Ashyq» қосымшасын әзірледі. Карантин шаралары кезеңінде…
169 views04:46
Ашу / Түсініктеме
2021-02-02 07:00:37
Бүгінгі валюта бағамы

@QazAqparat_kz
182 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-02-02 06:40:02 ​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​ Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы

«Қызыл» аймақта СҚО, БҚО, Ақмола, Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы,
ШҚО, Атырау, Қостанай,Қарағанды облысы.

Қалған өңірлердің бәрі - «жасыл» аймақта.

@QazAqparat_kz
195 views03:40
Ашу / Түсініктеме
2021-02-02 06:10:18 2021 жылғы 2 ақпандағы жағдай бойынша
коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

31.01.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 24 жағдайы тіркелді. Оған қоса 128 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 47898, 570 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 36028 жетті.

coronavirus2020.kz
200 views03:10
Ашу / Түсініктеме
2021-02-02 05:30:15
2 ақпан. Туған күн иелері


@QazAqparat_kz
202 views02:30
Ашу / Түсініктеме