Get Mystery Box with random crypto!

Qazaqparat

Telegram арнасының логотипі qazaqparat_kz — Qazaqparat Q
Telegram арнасының логотипі qazaqparat_kz — Qazaqparat
Арна мекенжайы: @qazaqparat_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.30K
Арнадан сипаттама

"ҚазАқпарат" ХАА ресми арнасы- кәсіби журналистика платформасы.
Авторлар - біздің Қазақстандағы және шетелдегі тілшілеріміз. Біз өзіміз көретін нәрсені жариялаймыз.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-09-01 18:46:32 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.

@qazaqparat_kz



144 views15:46
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 17:32:28
Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын келесі жылдың бірінші жартысында өткізуді ұсынамын.

Біз көпшіліктің мүддесін білдіретін депутаттардың жаңа құрамын жасақтаймыз. Бұл қадам мәслихаттар мен Парламент жұмысының тиімділігін арттырары сөзсіз. Болашақта Үкімет құрамына сайлаушылардың басым көпшілігінің дауысын алған саяси күштердің ғана емес, Парламенттегі басқа да партиялардың өкілдері кіруі мүмкін. Мұндай тәсіл атқарушы билікке бүкіл қоғамның талап-тілегін ескеретін тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Сонымен, биыл Президент сайлауы, келесі жылы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Содан кейін Үкімет құрамы жасақталады»

@qazaqparat_kz
141 views14:32
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 17:25:36
Мемлекет басшысы:

«Игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне жеке тоқталғым келеді. Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды.

Жылдың соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отыр. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды. Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс.

Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын»

@qazaqparat_kz
122 views14:25
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 17:24:38
Президент:

«Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс.

Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек. Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді.

Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек»

@qazaqparat_kz
117 views14:24
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 16:59:50
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Ресей президенттері екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырып келе жатқан үкіметтердің тиімді өзара іс-әрекетін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге ТМД, АӨСШК саммиттеріне, сондай-ақ қазан айының ортасында Қазақстан астанасында өтетін «Орталық Азия – Ресей» мемлекеттер басшыларының отырысына қатысуға келіскеніне ризашылығын білдірді.

Президенттер тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.

@qazaqparat_kz
128 viewsedited  13:59
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 16:33:47
Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен жиын өткізді Кеңесте өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен өзекті проблемалары талқыланды. Сонымен қатар Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға…
139 views13:33
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 16:33:12 Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен жиын өткізді

Кеңесте өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен өзекті проблемалары талқыланды. Сонымен қатар Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Президент Үкімет пен әкімдерге елдің әлеуметтік мәселелерін жедел реттеу және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар қабылдауды тапсырды.

Әкімдіктерге инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті қолдау туралы міндеттер жүктеді.

Мемлекет басшысы өңір басшыларына жылыту маусымына дайындықты күшейтуді және күзгі егін жинау науқанын жоспарға сай сапалы орындауды тапсырды.

Мемлекет басшысы әкімдердің азаматтармен кері байланысты күшейтуі қажет екенін атап өтті.

Президент Қазақстан халқына арналған бүгінгі Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру аса маңызды екенін ескертті.

@qazaqparat_kz
145 views13:33
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 14:17:41 Қазақстанда әйелдер көп.

Ұлттық статистика бюросының 2021 жылы жүргізген халық санағы қорытындысына сәйкес, еліміздегі әйелдердің саны ерлерге қарағанда басым.

Санақ қорытындысы бойынша әйелдер саны жарты миллионға (536,3 мың) артық болған. Пайызбен есептегенде, ерлердің үлесі - 48,6 %, әйелдердің үлесі - 51,4 %.

@qazaqparat_kz
179 views11:17
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 14:05:13
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бүгінгі Президент Жолдауының кей өзекті тұстарын түсіндірді

@qazaqparat_kz
162 views11:05
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 14:01:30
Президент сайлауы, әйелдердің зейнет жасын төмендету, балалардың есепшотына қаржы аудару. Жолдауда тағы маңызды қандай мәселелер айтылды, соған шолу жасадық.

Сондай-ақ біздің сайтта сарапшылар пікірлерімен бөліседі, бізбен бірге болыңыз!

@qazaqparat_kz
152 viewsedited  11:01
Ашу / Түсініктеме