Get Mystery Box with random crypto!

Қатал редактор

Telegram арнасының логотипі qatalredaktor — Қатал редактор Қ
Telegram арнасының логотипі qatalredaktor — Қатал редактор
Арна мекенжайы: @qatalredaktor
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.25K
Арнадан сипаттама

Медиа: сөз, тіркес, сөйлем, мәтін
@StrictEditor

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-05-30 10:35:12 "Биыл Тобыл диқандары бидайдан бөлек тағы қандай дәндер себуге күш салмақшы?" (с) Гүлнұр Мұратқызы. Стиль қатесі. Сөйлем бұлай құралмайды: "... бидайдан басқа қандай дәнді дақыл егеді/бидайдан басқа тағы не егеді?". "Егіншілер халықтың азық-түліктен тарылмай…
197 views07:35
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 10:33:26 Мейхуа "Atameken Business телеарнасы туралы да жазшы" дегенде "иә" деп қойып едім. Жаңалық бағдарламасын көрдім. Бұл жақта да ақпарат тілінің жағдайы қиын екен. "Шешім қабылдау үшін бір ай уақыт берген олар шенділерді олигополияның ықпалынан шыға алмай жатыр…
158 views07:33
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 10:32:03 Мейхуа "Atameken Business телеарнасы туралы да жазшы" дегенде "иә" деп қойып едім. Жаңалық бағдарламасын көрдім. Бұл жақта да ақпарат тілінің жағдайы қиын екен.

"Шешім қабылдау үшін бір ай уақыт берген олар шенділерді олигополияның ықпалынан шыға алмай жатыр деп айыптайды" (с).

Материалдарда "шенділер" деген жиі айтылады. Жаңалық факт, цифр, сол сияқты басқа да нақты нәрселерден тұрмай ма? "Шенділер" деген кім? Шенеунік, мемлекеттік қызметші дегенге синоним бола ала ма? Үкіметке, басқаға қатысына қарай мүлдем нақтылауға келмей ме? Бұлай жалпылау ақпаратты дүдәмалдап жібереді. "Атқамінерлер", "жауаптылар", "шекпенділер", "шолақ белсенділер" деген де — сол.

Тілшілер "шешім қабылдау" дегенді де көөөөөп айтады. Дұрысы: "шешім шығару", "мәселені бәлен деп шешу", "бәлен қыламыз деп ұйғару", "бәлен деген шешімге келу". Енді бір жерде "Екінші кезеңді кейінге қалдырмауды шешті" деген сөйлем болды. Дұрысы: "кейінге қалдырмаймыз деп шешті".

Содан кейін баяғы "-уда", "-уде", "-юда", "-юде": "саудалануда", "тура келуде", "азаюда", "қарастыруда", "қауіп төндіруде", "тырысып бағуда". Болып жатқан оқиғаға, іс-әрекетке қалып етістіктер қолданылады, нақ осы шақтың ақпараты я етістік емес, я басқа емес түсініксіз формадан жасалмауы керек.

"Нәтижемен бөлісті", "жоспармен бөлісті". Ееееһ. Осы телеарнадан кімді танисыздар, Назгүлдің жазғанын жеткізіп жіберсеңіздер, мә.

"Барлық қалдықтар", "біраз ескертпелер". "Банк өкілдері каско барлық тәуекелдерден қорғайды ... дейді" (с). Дұрысы: "бар қатерден қорғайды". Көптік жалғау туралы да, тәуекел туралы да Назгүл талай жазды.

"Бақылау жұмыстары", "ауа баптау жұмыстары","реформалау жұмыстары", "тазарту жұмыстары", "контейнер тиеу жұмыстары", "зерделеу жұмыстары", "бұрғылау жұмыстары", "өзен арнасын тереңдету жұмыстары", "ылғал сақтау жұмыстары". Бұл — әрі орысшадан тікелей аударылған қойыртпақ, әрі нақты іс-әрекетті абстракциялайтын тіркестер.
Осындайды Түркістан облысындағы тілші жақсы көреді екен: "Зерделеу жұмыстарының нақты қашан аяқталатынын, құрылыс жұмыстарының қай кезде жалғасатынын дөп басып айта алмайды". Біріншіден, ілік жалғауы керек емес, екіншіден, "жұмыстарынсыз" жазуға болады.

"Көрінген жерге қоқысты тастай беретін болған" (с) Арай Сүгірбай. Бұл жерде "қоқысқа" табыс жалғауы керек емес, "қоқысты көрінген жерге тастау" дегенде керек.

"Жеткізілетін болады", "айтатын болады", "талқыланатын болады", "баяндайтын боламын". "Боладысыз" жазу керек.

"Мұның артында ресейлік лоббидің жатқаны жасырын емес" (с) Жәния Әбдібек. Ілік артық: "Мұның артында/бұл жерде Ресей лоббиі тұр/бар".

"Өз кезегінде" — паразит калька. Адам не істесе де, "біреудің кезегінде" істемейді.

"Су жаңа автожол екіге қақ айырылды", "екіге қақ бөлінді". "Қақ бөлінді" дегеннің өзі үшке, төртке емес, екіге бөлінгені.

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі дұрыс салынбаған жолдарға жауаптыларды қылмыстық жауапкершілікке дейін тартамыз деп алдын ала ескертіп қойған болатын" (с) Тойгүл Нұржанқызы. "Жауапқа тарту" деген тіркестегі бұл екі сөздің арасы ажырамайды.

"Тіршілік нәрі тапшылығын Ақжол мен Қауыншы ауылдарының тұрғындары тартуда" (с) Мақсұт Жарылқасын. Мұнда да сол. "Тапшылық көріп отыр" дейікші. Контексте тап осы екі ауылға екпін түсіру керек болса, онда шамамен былай: "Судан Ақжол мен Қауыншы тұрғындары тапшылық көріп отыр".

Тараздағы тілші: "Жерге сіңген сасық судың зардабын жағалай жатқан жұрт тартуда". "Жұрт сасық судың зардабын тартып (көріп) отыр" немесе контекске қарай: "Сасық судан маңайдағы жұрт зардап шегіп отыр".

"Мамандардың пікірі қаққа жарылды". Жай ғана "қақ жару" қиын болды ғой бір.

"32 Еуропа елдерін артта қалдырған қазақстандықтар...". Еуропа біреу, оның 32 еліне көптік жалғау керек емес.

"Болуы тиіс", "төлеуі тиіс", "кіруі тиіс" — болуға тиіспін, болуға тиіссің, болуға тиіс, төлеуге тиіспін, төлеуге тиіссің, төлеуге тиіс, кіруге тиіспін, кіруге тиіссің, кіруге тиіс.
184 viewsedited  07:32
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 18:07:47 Ресми органдардың жалпыға бірдей таратқан ақпаратына редакциядан біреуді автор қылып қоятындар әлі бар екен.
174 views15:07
Ашу / Түсініктеме
2022-05-26 18:41:07 "От сабақ басталар алдында жағылса керек: көмір салынған екі ошақ та суып үлгермепті", ал "директор отыратын терезесі жоқ тар кабинеттің кіреберісіндегі маңдайшаға "Рухани жаңғыру" бағдарламасының белгісі ілінген". Жаңагүл Жүрсіннің Сталин тұсында саманнан салынған мектеп туралы репортажы күшті. Жаңагүл қай репортажында да көрген суретінің бар "сөйлейтін деталін" қалт жібермей жеткізеді.
298 views15:41
Ашу / Түсініктеме
2022-05-16 22:10:27 Заңгер Сұңқар Нұрмағамбетов әлеуметтік желіде "Относительно Акжаркын Турлыбай ждём скорейшей передачи в Казахстан. ...Существует реальная возможность возвращения девушек к себе на родину" деп жазған еді.

Қазақстан медиаресурстары "Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылуы мүмкін" деп, бұған дейін айтылған нәрсені тағы жаңалық қылуға тырысты:

ҚазТаг: Казахстан ожидает передачи Акжаркын Турлыбай Китаем казахстанской стороне

Kazinform: Акжаркын Турлыбай может быть экстрадирована в Казахстан

Бұл екі ақпарат агенттігіне кінә тақпаймын, сол күйі жеткізіп отыр ғой енді.

Ал мына медиапорталдар асыра сілтеп жіберіпті:

Orda.: 8 лет в китайской тюрьме: Акжаркын Турлыбай экстрадируют в Казахстан

Azattyq Ruhy: Осужденную в Китае Акжаркын Турлыбай экстрадируют в Казахстан

NewTimes: Акжаркын Турлыбай экстрадируют в Казахстан − адвокат

The Village Казахстан: Осужденную в Китае Акжаркын Турлыбай передадут Казахстану

Liter: Дело Акжаркын Турлыбай: девушку экстрадируют в Казахстан

"Караван": Отбывающая пожизненное заключение в Китае казахстанка Акжаркын Турлыбай вернётся на родину

Kyzylorda News: Қытай түрмесінде 8 жыл отырған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылады

Ernur: Қытай түрмесінде 8 жыл отырған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылады

"Хабар": Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтарады

Ұят, ұят.

Ақжарқынның адвокаты мәселе медиада дүркін-дүркін көтеріліп отырсын дейтін болар, ақпарат құралдары "Самарқанды су алды" қылып жіберетінін қайдан білсін.

Әріптестер көпірікті көзді жұмып қойып тарата бермей, мына екі редакцияның материалына қарап, айқайлаған тақырыптарын өзгертсе екен:

Tengrinews.kz бұл әлі неғайбыл екенін, Malim.kz "Ақжарқын елге оралады" деген ақпарат жалған екенін түсіндірді.
81 views19:10
Ашу / Түсініктеме
2022-05-10 19:59:10 Қайырлы түн деппа. Биыл "Хабар" Eurovision-ді трансляцияламайды. Есесіне енді ол туралы шолуларымды жазып тұратын өз каналым бар).
200 views16:59
Ашу / Түсініктеме
2022-04-06 10:21:56 Содан, не бастарыңызды ауыртайын, екінші сериясы. Бұл жолы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары баспасөзде телевизия мен радио хабарлары туралы қандай сын жазылғанына шолу жасадым. Көп сыналғаны журналистердің жазу-сөйлеу тілі екенін сезіп те қалған боларсыздар.…
Медиа сыны бойынша кейінгі материалдарымның қайсы сізге көбірек ұнады?
Anonymous Poll
35%
Телеарналардың медиаэтика бойынша біліксіздігі неден байқалады?
18%
"Жетінші арнаның" таңғы бағдарламасы: жаңа атау мен ескі мазмұн
18%
Журналистер өлім мен жоқтау-жаназа кезінде нені көздейді?
14%
DAT: демократияға үндеу және цензурасыз пікір экспрессиясы
24%
90-жылдардың басындағы журналистика сыны: шовинизм мен жікшілдікке қарсы реакция
29%
90-жылдардың басындағы баспасөздің радио мен телевизия туралы сыны
51 voters434 views07:21
Ашу / Түсініктеме
2022-04-01 07:13:08 Жұмысты қиындатпай, бір телехабар бойынша да сын жазуға болады ғой, бірақ бір тақырып ойыма келсе, содан бірдеңе шығармай қоймайтын ауруым бар). Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы журналистика сыны туралы жазғым келді. Қазір Ресейде орысша сөйлейтін шетел…
838 views04:13
Ашу / Түсініктеме
2022-03-30 07:48:43 Ақыры таба алмадым, қайырш-ай)








wordle.kz
646 views04:48
Ашу / Түсініктеме