Get Mystery Box with random crypto!

Заңгер Сұңқар Нұрмағамбетов әлеуметтік желіде 'Относительно Ак | Қатал редактор

Заңгер Сұңқар Нұрмағамбетов әлеуметтік желіде "Относительно Акжаркын Турлыбай ждём скорейшей передачи в Казахстан. ...Существует реальная возможность возвращения девушек к себе на родину" деп жазған еді.

Қазақстан медиаресурстары "Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылуы мүмкін" деп, бұған дейін айтылған нәрсені тағы жаңалық қылуға тырысты:

ҚазТаг: Казахстан ожидает передачи Акжаркын Турлыбай Китаем казахстанской стороне

Kazinform: Акжаркын Турлыбай может быть экстрадирована в Казахстан

Бұл екі ақпарат агенттігіне кінә тақпаймын, сол күйі жеткізіп отыр ғой енді.

Ал мына медиапорталдар асыра сілтеп жіберіпті:

Orda.: 8 лет в китайской тюрьме: Акжаркын Турлыбай экстрадируют в Казахстан

Azattyq Ruhy: Осужденную в Китае Акжаркын Турлыбай экстрадируют в Казахстан

NewTimes: Акжаркын Турлыбай экстрадируют в Казахстан − адвокат

The Village Казахстан: Осужденную в Китае Акжаркын Турлыбай передадут Казахстану

Liter: Дело Акжаркын Турлыбай: девушку экстрадируют в Казахстан

"Караван": Отбывающая пожизненное заключение в Китае казахстанка Акжаркын Турлыбай вернётся на родину

Kyzylorda News: Қытай түрмесінде 8 жыл отырған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылады

Ernur: Қытай түрмесінде 8 жыл отырған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылады

"Хабар": Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтарады

Ұят, ұят.

Ақжарқынның адвокаты мәселе медиада дүркін-дүркін көтеріліп отырсын дейтін болар, ақпарат құралдары "Самарқанды су алды" қылып жіберетінін қайдан білсін.

Әріптестер көпірікті көзді жұмып қойып тарата бермей, мына екі редакцияның материалына қарап, айқайлаған тақырыптарын өзгертсе екен:

Tengrinews.kz бұл әлі неғайбыл екенін, Malim.kz "Ақжарқын елге оралады" деген ақпарат жалған екенін түсіндірді.