Get Mystery Box with random crypto!

Қатал редактор

Telegram арнасының логотипі qatalredaktor — Қатал редактор Қ
Telegram арнасының логотипі qatalredaktor — Қатал редактор
Арна мекенжайы: @qatalredaktor
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.25K
Арнадан сипаттама

Медиа: сөз, тіркес, сөйлем, мәтін
@StrictEditor

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-07-16 09:04:15 "Қаңтар оқиғасына дейін ол Назарбаев әулеті туралы бейтарап не сыни бір мақала жазды ма? Қаңтар оқиғасынан кейін Тоқаевтың ескертусіз оқ ату бұйрығы туралы, дүрбелең құрбандары мен жетім-жесір жайлы мақала не видео шығарды ма?

Екі сұрақтың да жауабы "жоқ" болса, сіз Тоқаев әкімшілігінің алдында ұпай жинап, жария да жасырын тендерге дәмелі басылымды не авторды оқып отырсыз деген сөз".

Аян Қалмұрат псевдотәуелсіз медианы ажырату туралы
254 views06:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 16:24:04 "Бұл турнир бұрынғыдан өзгерек", "Бұл марапат бұрынғыдан өзгерек", "Бұл қажылық бұрынғыдан өзгерек", "Бұл құрылтай ...", "Бұл референдум ...", "Бұл фестиваль ..." Әсіресе TV репортаждарында осы клише көп. Шәкәрімнің сөзін әнжер-мінжерге тықпалай беруге келмейтін…
191 views13:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 22:08:13 Kazak Bubble қазақ тілінің тарихы мен қазақ тіл білімінің дамуы туралы енді YouTube-те айтады. Алғашқы видеосы көне түркі жазуынан "Кодекс Куманикуске" дейінгі тіл үлгілері жайында. Ғылыми мазмұнға қалай тиянақты, байыппен қараса, көркемдігі мен техникасын да эстетик ләззат беретіндей мимими қылыпты.
333 views19:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 19:44:32 "Бұл турнир бұрынғыдан өзгерек", "Бұл марапат бұрынғыдан өзгерек", "Бұл қажылық бұрынғыдан өзгерек", "Бұл құрылтай ...", "Бұл референдум ...", "Бұл фестиваль ..." Әсіресе TV репортаждарында осы клише көп. Шәкәрімнің сөзін әнжер-мінжерге тықпалай беруге келмейтін себебі: 1) жаңалық дегеннің өзі — әдеттегіден өзгеше бірдеңе; 2) жылда өзгермейтін бірдеңе бұ жолы алабөтен басқаша боп жатса да, ол тақырып не лид емес, ол — бэкграунд. Мә, мен мыжумын
68 views16:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 12:28:27 "Отандық ғалым", "заманауи әнші"

Ақпарат тіліндегі осындай тіркестерге фобиям бар. Себебі:

біріншіден, Асқар Базарбай айтатындай, "бір сөз – бір ұғым" деп аудара-жаза салғаннан туады. Бір редакцияда біреу: – "Современный" деген не еді, а, иә, "заманауи"! – деп қойып, пернетақтаны пергілеп жатқанын көріп едім. Не контекст екенін Құдай білсін. "Отандықтың" да контексі бар: әңгіме бір елдікі мен шетелдікін салыстыру турасында болмаса, керегі жоқ.

екіншіден, ақпараттың әр сөзі мейлінше объектив элемент болмай ма?! Ол жерде жаттанды, жауыр, "ет асса, нан қалмай" ілесе беретін сөздер болмайды, қай сөз де орнымен тұрады. Қазақстанның ғалымы ма, демек, Қазақстан ғалымы я жай ғана ғалым. Оған сипаттама беруге "отандықтан" басқа дәл нәрсе табылмай ма деймін ғой. "Өзіміздікі", "өзіміздікі емес" деген нәрсе әбден комплекс болып кеткен бе. "Отандық әншінің отбасында жайсыз жағдай болды" (с). Яптвмйт, тап осы жерге "отандық" керек пе?!
"Заманауи" деген де сол, олай дегенде нені түсінуіміз керек, нақтылай кетіңіз. "Қазіргі заманғы" дегеннен де терең бірдеңені жасыратын сияқтысыздар).

үшіншіден, осы аталғандарды адамға қатысты қолданған дұрыс па екен?! "Отандық ғылымыңыз, өніміңіз", "заманауи технологияңыз" орынды болар, "отандық" не "заманауи" деу адамды адам демеу ғой).

Осы себепті де "қазақтілді" деген сөз менің қолданысыма келмейді (кез келген контекске орыс тіліндегідей бір сөзбен жалп еткізе салу үшін жасалған нәрсе). Ұлт атауын, этносты білдіретін сөздерді сын есім қылып қолданғанға да қарсымын: "қазақ әйел", "орыс журналист", "ұйғыр бала". Этика жағынан да, мұндай тіркестерді тек матасу қылып қолданатын қазақ тілінің ережесі бойынша да: қазақ солдаты, дүнген қызы.
214 viewsedited  09:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 09:56:49 Мына материал жарияланғанда көпшілік "кезінде "Ана тілі" мен "Қазақ әдебиеті" батыл болыпты" деген пікір жазды. Негізі ақиқат сәл басқа еді. Совет шовинизмі мен одақтас елдердегі орыс сепаратизміне қарсы жауап қайтару 90-жылдары мемлекеттік саясат та, ұлттық…
312 views06:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 09:53:20 Жұмысты қиындатпай, бір телехабар бойынша да сын жазуға болады ғой, бірақ бір тақырып ойыма келсе, содан бірдеңе шығармай қоймайтын ауруым бар). Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы журналистика сыны туралы жазғым келді. Қазір Ресейде орысша сөйлейтін шетел…
310 views06:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 19:30:07 "Власть" басшысы Dope Soz-де. Тыңдаған-көрген болсаңыз, пікіріңізді жаза кетіңіз
133 views16:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 19:07:39 Таныс болыңыздар — тағы бір жаңа медиасыншы Жадыра Аққайыр. Алғашқы жұмысының өзі осындай керемет болса, "өскенде" қайтеді)
284 views16:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 20:18:02 Ғылым мен техникаға қатысты жаңалық атаулыны дұрыс жазбайтынымызды біле бермейміз. Бұл сала маманданбай, "әмбебаптықпен", дилетанттықпен хабар тарататынымызды көтермейтіні сонша, медиада дүдәмал нәрсе барға, болжам тұжырымға айналып жатыр екен. Ерлан Оспан осы турасында сын жазыпты, "Жаңа репортердан" мұндай материалды бірінші рет оқып отырмын.
417 views17:18
Ашу / Түсініктеме