Get Mystery Box with random crypto!

Қатал редактор

Telegram арнасының логотипі qatalredaktor — Қатал редактор Қ
Telegram арнасының логотипі qatalredaktor — Қатал редактор
Арна мекенжайы: @qatalredaktor
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.25K
Арнадан сипаттама

Медиа: сөз, тіркес, сөйлем, мәтін
@StrictEditor

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-06-28 12:01:55 Концерт, фестиваль, көрме, ойын-сауық, конференция, кеш, басқосу, байқау, салтанатты рәсім – тағысын-тағыдан репортаж жасағанда:

1. Жазған мәтініңізден сол жерге барғаныңыз көрініп тұруы керек.
Пресс-релиздегіден, ресми бағдарламадан басқа көрген-байқаған нәрсеңіз айтылмаса, онда бармай-ақ та қоюыңыз керек еді ғой. Репортаж деген де сол: журналист бәрін оқиға куәгері ретінде баяндайды, ол куә болған нәрсе, оны жеткізу үшін қолданған еліктеуіш-бейнелеуіші эксклюзив ақпаратпен бірдей;
2. Журналиске де, аудиториясына да "іс-шара өткені" маңызды емес, онда не болғаны, не айтылғаны маңызды. "Іс-шара өткені" жаңалық емес, не/қалай болғаны, не айтылғаны – жаңалық. "Шымкентте бәлен деген фестиваль үшінші рет өтті" деп, келесі жолы "төртінші рет өтті", одан кейінгі жылы "бесінші рет өтті" деп жазылатын материал онсыз да көп. Олар реттік санынан басқа айтатын дымы жоқ фестиваль емес шығар. Бір өзгешелік болсын-дағы. Алғашқы сөйлемде (тіпті тақырыбында да) шарада болған ерекше немесе аудитория үшін маңызды жайт айтылсын. Менің түсінігімде "шара осымен бәленінші рет өтті" деген буып-түю материалдың аяғында болуы керек, басында түйіншекті ақтарып тастап, ішіндегі тәуір-тәуір нәрселерді суырып аламыз;
3. Автор оқиға орнынан көрген-байқаған нәрсені айтамын деп, өзі ғана эмоциясын білдіріп, өзі ғана баға берген болып шықпауы керек. "Керемет атмосфера", "тамаша музыка", "мықты өнер көрсетті" дегеннің орнына оқырман/көрермен өзі-ақ солай түсінетіндей дәйектерді жазған дұрыс;
4. Материалдың тақырыбына, объектісіне қатысы бар маңызды тараптардың пікірі берілмей қалмасын. "Оқушыларға арналған шара өтті" деп, мектеп директорын сөйлетіп қайтып келетін тілшілер болған;
5. Жарқын формада берген, вижуал қолданған маңызды. Тап сол ивентке тікелей қатысы жоқ не архивтен алынған фотосурет қолданылмауы керек. Мәтін жазардан бұрын фотосуреттерді көріп алған дұрыс, әйтпесе, материалдағы мәтін мен арасына тығыла салған суреттерге қарағанда автор мен фотограф екі жақта жүргендей болады.

Мереке құтты болсын!
577 views09:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 07:33:00 2000 жылдардағы журналистика сынынан үзінді (пунктуациясын, корректурасын өзгертпедім): "Бізде тележүргізушілік мәдениет әлі қалыптаса қойған жоқ. Бұл сөз – тілге де қатысты, жүргізушінің ішкі-сыртқы өзін өзі ұстау машығына да, сөйлеу мәнеріне де қатысты.…
129 views04:33
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 07:25:20 2000 жылдардағы журналистика сынынан үзінді (пунктуациясын, корректурасын өзгертпедім):

"Бізде тележүргізушілік мәдениет әлі қалыптаса қойған жоқ. Бұл сөз – тілге де қатысты, жүргізушінің ішкі-сыртқы өзін өзі ұстау машығына да, сөйлеу мәнеріне де қатысты. Мысалы, "Жеті күн" ақпараттық-сараптау бағдарламасын жүргізгенде, С.Жанболат алдында 1-сыныптың оқушысы отырғандай ежіктей жөнеледі. Мұндай, өте-мөте "мұғалімдік" дикцияға құлағым да, жүйкем де төтеп бере алмайды, ақыры теледидарды өшіріп тынамын. Бұл, әрине, менің тым-тым жеке, өзімшіл пікірім. Бірақ жүргізушіге бола "Жеті күнді" көре алмайтыныма шынымен өкінемін. Мұндай амбициялық ұнатпаушылық әркімде (әр басқа жүргізуші, дикторға қатысты) бар. Ендеше, жүргізушінің мүмкіндігінше жалпақ жұртқа сүйкімді, симпатиялық түр-тұлға иесі болуы – үлкен маңыздылық.

Біздің тележүргізушілерде жүргізушінің позициясы – бейтараптылық жетіспейді. Ток-шоулық, сараптамалық сипаттағы бағдарламаларда талқыланып жатқан тақырып – хабар қожайыны жүргізушінің қолында тұрған кезде, оның бір тарапты қолдап кетуі хабардың тағдырын шешеді. Бұл – өте дөрекі саясаттан тууы да немесе журналистік этикадан мақрұм жүргізушінің мәдени өресіздігінен тууы да мүмкін. Мәселен, "31" арнадағы "Общественный договор" бағдарламасының жетекшісі Г.Ерғалиева әр жолғы хабарында өз пікірінің орайына қарай жұмыс істейді, өз пікірінің ыңғайына лайық жауап беретіндерді керек кезінде сөйлетіп, ал қарсыларды тыйып, тоқтатып тастауға дейін барады (микрофон жүргізушінің қолында ғой), тіпті, қарсылар студияда сөйлегеннің өзінде, көп ретте эфирге жіберілмей қалады екен (монтаж кезінде қиып тастайды). Яғни, бағдарлама мақсаты – тақырыптардың объективті талқылануы емес, жүргізушіге керекті бағытта талқылануы. "Общественный договор" – мәмілеге келу дегеннен гөрі "сговор" – ұйымдасып үгіт-насихат жүргізу дегендей әсер қалдырады...

Біз нақты сұрақ қойып, анық жауап талап ете алмаймыз. Бізде полемика дәстүрі жоқ. "Хабар-2" арнасындағы "Ақиқаттың ауылы" атты бағдарлама осы сөздің дәлелі. Жүргізуші Б.Құсанбек хабар қонақтарының, аудиториядағылардың ұзақ-сонар монолог оқуына еркіндік береді. Урбанизация, патриотизм сияқты маңызды тақырыптарды қозғағанымен, ішіне кіре алмайды, сол себепті бағдарлама соңында белгілі бір шартты шешім шықпайды, түйінделмейді. Адамды ойға тартып, жігерін жанып, әсерге бөлеудің орнына құмығыңқы басталған хабар тұншығыңқы аяқталып жатады..."
("Тележүргізуші қашан тұлғаға айналады? немесе біздегі тележүргізушілердің кәсіби деңгейі туралы", "Қазақ әдебиеті", 05.10.2001, №40)

Автор мақаласын былай бастаған: "Осы мақаланы жазарда әрі-сәрі болып біраз ойландым: жазсам ба, жазбасам ба? Жазсам... жалпы, әріптесің туралы қандай да бір пікір айту абырой әпере бермейді: балақтан тартқандай боласың, білгішсінгендей... Ал жазбасаң, жауырды жаба тоқып, өтірік көрмегенсудің артында үлке-ен көлгірлік жатады..."

Кітапхананы олай бір, бұлай бір ақтарып жүрсем... жеке архивімнен шықты. 90-жылдардан бекер іздеппін...
197 views04:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 11:05:42 "Властьтан" екі материал көріп қалдым. Біріншісін оқыдым, керемет. Екіншісін кейінірек оқимын, бірақ ол да күшті екеніне күмәнім жоқ.
267 views08:05
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 20:56:34 Қарау мен көрудің айырмасы не?

Адам бірнәрсені көрсе, демек оған қарады деген сөз, яғни қарамаса көрмес еді.

Екеуі бөлек процесс.

Сен айтқан жаққа қарап тұрмын, тек сен айтқан нәрсені көріп тұрғам жоқ.

Бүкіл үйді қарап шықтым, тек телефонымды көрген жоқпын.

Бетіңе қанша қарасам да мең көрмеппін.

Ақшаның бетіне қарамай жұмсай алу үшін үй бетін көрмей жұмыс істеу керек.

Түріне қарасаң, тәп-тәуір адам, қылығын көрсең безіп кетесің.

Қараңғыға жақсырақ телміріп қарасаң, қара мысықты да көріп қаларсың.
29 views17:56
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 07:50:41 Не ғой деп тағы келген дейді

"Ұлттық парктер аумағында тазалықты қадағалау үшін полицейлермен бірге рейд жүргізіліп тұрады"

деп жазасыз ба, әлде

"Ұлттық парктер аумағында санитарлық ұстау, тазалықты сақтау және жинауды ұйымдастыру мәселелерін бақылау мақсатында ІІМ Полиция департаментімен бірлесіп ҚТҚ шығару және шығару бөлігінде әкімшілік бұзушылықтарға жол бермеу бойынша жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар жүргізілуде"

дейсіз бе?

"2021 жылы ұлттық парктерде 1,5 миллион адам демалды, парктер аумағынан 830 тонна қоқыс шығарылды"

дейсіз бе, әлде

"2021 жылы ұлттық парктер аумағынан 1,5 млн. адам қатысқан кезде 830 тонна қоқыс шығарылды"

деп пе?

"Жамаааан сөйлемдер және олар мекендейтін аймақтар".
170 views04:50
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 07:17:27 Не істеп жатсыздар? #деппа

Не ғой

АЛҒА ТАРТТЫ. Даулы жағдайда, айтыс-тартыста әлдекім бірдеңені аргумент қылып айтса немесе көп нәрсенің арасынан біреуін ең керегі осы деп жатса, бұлай деуге болар. Басқа жағдайда ешкім ештеңені әй-шәй жоқ "алға тарта" алмас. Ешқандай драмасы, қарама-қайшылығы жоқ мәтіндерде біреу бірдеңені "алға тартты" деп жазып қоятындар бар.

ЖАСЫРМАДЫ. Сөйлеуші жасыруы мүмкін нәрсе де бар, жасырмауы мүмкін нәрсе де бар ғой. "Шенеунік жұмысындағы кемшілікті я салық төлемей жүргенін жасырмады" десе, орынды. "Таза ауада серуендегенді ұнататынын жасырмады", "балалары өсіп қалғанына қуанатынын жасырмады", "жазушылыққа бейім екенін жасырмады", "жаңа емхана ашылғанына риза екенін жасырмады"... Осылар да жасырылуы керек жағдайлар ма? Әлгі адам ондайды "жасырмай айттым" деп ойламаған да шығар?!).

СҰРАДЫ. Тап-таза зат есімді керек ететін сабақты етістік (кімді/нені?): ақша сұрады, нан сұрады. Осыны "кейінге қалдырмауды сұрады", "жалақыны көтеруді сұрады", "судьяны ауыстыруды сұрады" деп қолданып жатады. Дұрыстап қарасақ, "не істеуді сұрады". Осыдан-ақ бұл қазақ тілінің нормасына келмейтін бірдеңе екені көрініп тұр. Қазақ тілінде қимылды, іс-әрекетті (әсіресе, тұйық формасын) "сұрауға" бола ма? Орыс тілінде етістікті "просить" етуге болатын шығар, қазақ тілінде іс-әрекетті "талап етеді", "бұйырады" немесе "өтінеді". "Кейінге қалдырмауды" сұрамайды, кейінге қалдырмауды талап етуі не кейінге қалдырмаудың амалын сұрауы мүмкін ("кейінге қалдырмаңыз" деп өтінуі мүмкін), "жалақыны көтеруді" емес, көбейтілген жалақы сұрауы не жалақыны көбейтуді талап етуі мүмкін, "судьяны ауыстыруды" сұрамайды, талап етуі не басқа судья сұрауы мүмкін.

Етістігі оңып тұрмаса, ақпарат та дұрыс болмайды ғой. Шаблон фраза дейтіндер де етістікті орынсыз қолданғаннан шығады.
206 views04:17
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 21:12:43 Үш күшті жоба

1. Қаңтар оқиғасы құрбандарына қатысты мәлімет толтыратын жоба. Қаза тапқандар тізімі олардың жасы, жынысы, тұрған өңірі сияқты 10 сипаттама бойынша топтастырылған;

2. Ақпарат, сауат, сыни пайым туралы мюзикл болады дейді. Медиакоммуникация+өнер=ArtKöshe;

3. Сенбі сайын болатын таңғы шай. Еркін адамдар жиналып, интеллигентно қуады дейді.
133 views18:12
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 11:01:28
ҚазТАГ үшін Ильин — әлі Олимпиада чемпионы
240 views08:01
Ашу / Түсініктеме