Get Mystery Box with random crypto!

Өз ойым | أفكاري

Telegram арнасының логотипі oz_oyim — Өз ойым | أفكاري Ө
Telegram арнасының логотипі oz_oyim — Өз ойым | أفكاري
Арна мекенжайы: @oz_oyim
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 720
Арнадан сипаттама

Біреуге пайдасы тиер, тимесе өз сөзім өзіме.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 8

2022-04-21 05:03:13 Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын,
Түбін ойлап, уәйім жеп айтқанмын.
Ақылдылар арланып ұялған соң,
Ойланып, түзеле ме деп айтқанмын.
 
Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын,
Бірінің бірі шапшаң ұқпас сырын.
Көздің жасы, жүректің қаныменен
Ерітуге болмайды ішкі мұзын.
 
Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін,
Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін.
Ыржаңдамай тыңдасаң нең кетеді,
Шығарған сөз емес қой әңгіме үшін

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ
675 views02:03
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 18:13:58
Алла рахымына алсын! Дана кісі еді...
668 views15:13
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 07:34:53 Негізі бізге жүктелген міндет - қоғамды өзгерту емес, өзгеруіне (жақсы жағына) атсалысу, ұмтылу, үлес қосу. Әрекет бізден, нәтиже Алладан. Нәтиже үшін сұралмаймыз, әрекет үшін сұраламыз. Әрекеттің ең төмені - әрекет етуге ниет ету, жамандықты жек көру.

Бұны айту себебім, кейде құрдымға қарай үлкен жылдамдықпен кетіп бара жатқан мына қоғамға қарап өзімізді қауқарсыз, амалсыз сезініп қаламыз. Шайтан кейде "сен не өзгерте аласың? Бәрін таста, бұлар бәрібір өзгермейді" деген ой салады. Сол ойдың жетегінде кетпеуіміз керек.

Бұл қоғам - соңы сарқырамамен аяқталатын үлкен бір ағысы қатты өзен болса, біздің мақсат сол өзенде ағып бара жатқан әрбір адамды құтқару. Құтқару үшін қайта-қайта, тынымсыз қол ұшын созамыз, құтқара алсақ - жетістікке жеттік, құтқара алмасақ ниетімізге сайын аламыз. Бұл жерде ең бастысы тынымсыз қол созу және екінші қолмен ислам жібінен берік ұстап тұру. Себебі құтқарамыз деп жүріп өзіміз құлап кетпеуіміз керек.


#өзойым
@oz_oyim
210 viewsedited  04:34
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 07:03:24 Бұл арнадағы жазылған негативтерден шаршасаңыз, арнамыздан бөлек әлем желіде мотивация бергіш, тек позитив жазғыш, аффирмация үйреткіш арналар өте көп. Сол жақтарға барып, позитивтен бір дәм татып, жақсылап демалып қайтсаңыз болады)))

Себебі бұл арнада позитивті жазбалар өте аз жазылады...

Жазылмауы да мүмкін.
183 viewsedited  04:03
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 06:57:11 Қазіргі қоғамда дұрыс ойлайтын адамдарды мазақ қылып, олардың сөздерін келемеждеп, айтып жатқан ақиқаттарын жоққа шығару үшін ортаға арнайы терминдер тасталады.

Мысалы, сол терминдерді ортаға тастайтын глобалистерге қарсы пікір айтып, оларды әшкерелеп, халықтың санасын оятқысы келетіндерді - конспиролог, мәжбүрлі вакцинаға қарсыларды - антиваксер, гей, лгбтға қарсыларды - гомофоб, еврейлердің опасыздығын айтқандарды - антисемит, кәпірлердің басқыншылығынан қорғанғандарды - террорист, дініне берік болса - фанат, діннің асылына қайтуға шақырса - фундаменталист жане тағы сол сияқты көптеген терминдерді қолданады.

Бұндай біздің елде де етек жайып келеді, мысалы:

ұятсыздықты сөгетіндерді - ұятмен, дініне беріктерді - арабқұл, батысты қолдамасаң - орысқұл, елге пайдасы жоқ танымал әнші мен боксшыны колдамасаң - көреалмаушы, іші тар, қарсы сөйлесең - хайпажор...

Осы сияқты және тағы басқа да терминдерді, атауларды қолдану арқылы дұрыс адамдардың дұрыс сөздері еленбей, келеке етіліп, бұрыс түсініктер еркін түрде халық арасына жайылып, халықтың, әсіресе жастардың санасын бұзуда.

Бұрын "ұят болады" деген бір ауыз сөзге тоқтаған қазақ, қазір ұятсызды басқа көтеріп, уяттыны шетке ысырып тастады.

Бұның ақыры қайда барып тоқтар екен...

Алла сақтасын!

@oz_oyim
#өзойым
202 viewsedited  03:57
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 05:34:40




Арабша түсінетін бауырлар 1:33 осы минуттан бастап тыңдап шығыңыздар. Маңызды мәселелерді айтып өтті.
178 views02:34
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 01:57:38 Адамның тағдырға деген иманының әлсіздігінің бірден-бір көрінісі - ол адамның басына түскен әрбір қиындықты өзгеден көре беруі, өзгені кінәлай беруі. Ондай адамның көңілі де жүрегі де ешқашан тыныш болмайды және ол өзгеге де тыныштық сыйлай алмайды.

Өмірі жылаумен, жыланумен, өзгені кінәлаумен, барға қанағатсыздық, шүкірсіздік, жоққа сабырсыздық танытумен өтеді.

#өзойым
978 viewsedited  22:57
Ашу / Түсініктеме
2022-04-16 15:44:02 Ұстаз шәкіртінің басқадан білім алып жүргенін көрген кезде жүрегіне қарасын. Егер жүрегінде жайсыздық болып, шәкіртінің тек өзінен білім алуын қаласа, ұстаздың жүрегінде дерт бар. Өзін-өзі жақсы көру дерті. Мұндай дерт адамды тәкаппарлыққа жетелейді.

Шәкірттің тек бір ұстазға тәуелді болуы - ой өрісінің тар болуына алып барады. Кезіндегі ғалым-ғұламалар әуелгі кезде шәкірт болған. Олардың өмір жолына үңілер болсақ, сөзсіз ондаған ұстазының болғанын көреміз.
299 views12:44
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 18:09:14 Әйеліңнің ұзақ уақытқа сұлулығы мен сымбаттылығын сақтап қалғанын қаласаң қаражатыңды аяма. Себебі сұлулық пен сымбаттылық шығын мен күтімді (ол да шығын) талап етеді. Бұл айтқаным жаңалық ашқаным емес. Бірақ көп ер адамдардың өз әйелінің сұлулығын сақтауына…
500 views15:09
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 17:35:06 Әйеліңнің ұзақ уақытқа сұлулығы мен сымбаттылығын сақтап қалғанын қаласаң қаражатыңды аяма.

Себебі сұлулық пен сымбаттылық шығын мен күтімді (ол да шығын) талап етеді.

Бұл айтқаным жаңалық ашқаным емес. Бірақ көп ер адамдардың өз әйелінің сұлулығын сақтауына құр сабын мен сусабын жеткілікті деп ойлайтынын байқадым. Ол қателік.

Біз ер адамдар таңертең тұрғанда бетімізді құр қара сумен жусақ та көп әйелдердің біздің бет терімізге қызығатынын байқаймыз. Сол себепті нәзік жандыларға да дәл солай, нақты айтқанда "бет терісі әдемі болу үшін түрлі бет тазалағыштар мен кремдердің не керегі бар? Босқа шығын ғой" деген оймен қарауымыз мүмкін. Асылында керісінше, қанша сапалы заттармен күтім жасаса, соншалықты әсем көріне бастайды. Сөзіме сен!

Бұл жазғаным білгендерге еске салу, білмегенге кеңес.

#oz_oyim
t.me/oz_oyim
929 viewsedited  14:35
Ашу / Түсініктеме