Get Mystery Box with random crypto!

Өз ойым | أفكاري

Telegram арнасының логотипі oz_oyim — Өз ойым | أفكاري Ө
Telegram арнасының логотипі oz_oyim — Өз ойым | أفكاري
Арна мекенжайы: @oz_oyim
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 720
Арнадан сипаттама

Біреуге пайдасы тиер, тимесе өз сөзім өзіме.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2022-05-02 05:05:27 السلام عليكم ورحمة الله وبركاته
عيدكم مبارك وكل عام وأنتم بخير

Ораза айт құтты болсын!

Алла Тағала тілеген дұға-тілектерімізді, құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етіп, келесі рамазанға аман-есен жетуімізді нәсіп етсін!
62 views02:05
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 21:57:47 عن ابن مسعود و ابن عباس رضي الله عنهم:

"من أفتى عن كل ما سئل فهو مجنون"

Ибн Масғұд және ибн Аббастан رضي الله عنهم:

"Кім өзінен сұралған сұрақтың бәріне жауап (пәтуа) бере берсе, ол - жынды".

@Oz_oyim
#білім
38 views18:57
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 21:56:04 الإمام الشافعي رحمه الله قال:

"لا أدري نصفُ العلم"



Имам Шафиғи رحمه الله айтты:
"Білмеймін деу - білімнің жартысы".


#аударма
#өзойым
@oz_oyim
#білім
39 views18:56
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 21:48:40 Менде негізі діни білім жоқ, бірақ...


Осы "бірақ" дегенді қойсақ керемет болар еді.


@oz_oyim
47 viewsedited  18:48
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 09:29:34 Өзіндік жеке ойы жоқ, ерме, жеке пікірі жоқ кейбір надандардың түсінігі бойынша Батыс әлеміне қарсы пікір жазғанның бәрі - орысқұл.

Жазған постың, айтқан пікірің Орыс-Украин соғысына қатысы жоқ болса да, орысты қолдамасаң да, тек батыстың шариғатқа, жалпы адамзат жаратылысына қарсы "гендерлік" саясаты мен екіжүзділігін айтсаң да - орысқұлсың!

Сонда не орыс жаман екен деп тек айналып келіп орысты жамандай беруіміз керек па?!

Бұл надандардың басым бөлігі интернетте азанды кеш шыңғырып, қатын өсегін тоқтатпайтын, әр лекциясында имамдар мен дінге тіл тигізіп отыратын, арманы елімізге НАТО әскерін кіргізіп, қазақты бір кәпірдің астынан алып екінші кәпірге астына салып беру болған Серікжан деген бәленің тындармандары. Қандай қарсы пікір айтса да сол катынбеттің айтқанын айна-қатесіз қайталап айта береді, айта береді. Өңкей өзіндік жеке пікірі жоқ бейшаралар!

Бізге орысың да Батысың да дос емес, жанашыр да емес. Не істесе де әрқайсысы өз мүддесі үшін істейді. "Демократия орнатамыз, адам құқығын қорғаймыз" деген желеумее АҚШ пен НАТО әскері кірген елдің біреуі де оңған жоқ. Экономикасы бәленбай жылға кері шегініп, қалалары қирап, халқы қырылып, баяғы күндерін армандайтын дәрежеге жеткізіп кетті. Айта берсең көп...

Қысқасы: Қатынбеттің фанаттары бұл каналдан шығып кете салыңдар. Бәрібір сендерге ұнайтын пост жазылмайды бұл жерде. Сосын жекеме жазып миды ашытпаңдар!
120 viewsedited  06:29
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 07:56:21 Өз ойым | أفكاري pinned a video
04:56
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 07:55:16
Германия выселяет афганских беженцев из центров размещения, чтобы освободить места для украинцев.

Власти делают это тихо, не афишируя, но афганцы выражают свое несогласие все громче. Людей просят освободить помещения, где они жили несколько месяцев и даже лет, в 24 часа с лишением всех мер социальной поддержки. Оправдывают это тем, что, мол, центры временного размещения все равно предназначены для краткосрочного пребывания, так что на выход, граждане, на выход!
30 views04:55
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 07:50:31
Қазіргі кездегі жағдай.
Бұл видеода кәпірлердің, европалықтардың екіжүзділіктері көрсетілген. Видеоны немістердің өздері түсірген.

Бұдан бөлек ауғандық босқындардың Беларуссиядан Польшаға (Польша - Еуродақ мүшесі) өте алмай Беларусь шекарасында жатқандарына бірнеше ай болды. Себебі олар азияттықтар, оның ішінде мұсылмандар.

Украинада соғыс басталғанда Польша мемлекеті аз күннің ішінде бірнеше мың украин босқындарын қабылдады. Неге? Себебі украиндер - европалықтар және христиандар. Одан бөлек ақ нәсілділер.

Тағы назар аударатын жағдай, сол украин босқындары ішінде Украина ЖОО оқитын Египет студенттері де болған. Бірақ оларды да шекарадан өткізбей қойған. Себебі олар - араб, мұсылман.

Ал батыс әлемінің мұсылмандар мен Азия, Африка халықтарына үшінші әлем (үшінші сорт) халықтары деп қарайтыны жасырын емес.

Осының бәрін көре тұра "елімізге НАТО әскерін кіргізу керек" , "европада адам құқығы сақталған, олар ешкімді алаламайды" деген сынды қисынсыз сөздерді қашанға дейін айта береді екен адамдар?!
37 viewsedited  04:50
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 07:17:25 Пітір садақаны ақшамен беруге болады ма?

Атақты Шейх Мухаммад Али әс-Сабуни حفظه الله өзінің “фиқһ әл-ғибадат” кітабында:

Имам Абу Ханифа: Пітірдің құнын беруге болады. Және ол әс-Сәури, әл-Хасан әл-Басри мен Омар ибн Абдулазиздің де пікірі.

Пітір садақаның мақсаты кедейге жәрдем беріп, қажетін өтеу. Алла елшісінің ﷺ мына сөзі оған дәлел: “ Бұл күні олардың сұрау мұқтаждығын кетіріңдер.” Ендеше пітір садақаның мақсаты кедейдің мұқтаждығын кетіру. Ол болса құрмамен, бидай-арпамен және мал мүлікпен, яғни ақшамен де жүзеге асады. Тіпті ақшамен кедей үшін жақсырақ болады. Егер ол тамаққа мұқтаж болса ақшаға тамақ алады. Егер киімге не дәріге мұқтаж болса соларды алады, жалпы өзінің кез-келген қажетін өтейді. Хадис الإغناء-мұқтаждықты кетіру, байыту сөзімен келді. Ал ақша болса сол сөздің мақсатын орындайды.

Имам әд-Дарақутни өзінің сунан жинағында Тоустан риуаят еткен хадисте Тоус айтты: “ Сахаба Муаз инб Жәбәл Йеменге келген кезде былай деді: маған жүгері мен арпаның орнына киім беріңдер. Расында, ол сіздер үшін жеңіл және мухажірлер үшін хайырлы, басқа риуатта пайдалырақ делінген.” Әңгіме зекет жайында.

Абу Ханифа айтты: “ Пітір садақасы зекет секілді. Зекетте құнын алуға рұқсат болса, онда пітірде де рұқсат. Өйткені кедейге пайдалырақ нәрсеге қараймыз. Әсіресе бұл амалды Омар ибн әл-Хаттаб пен Муаз инб Жәбәл және Омар ибн Абдулазиз жасаған болса. Алла баршасына разы болсын.

Кімде-кім Абу Ханифаның дәлеліне назар салса, оның қанағаттарлық және күшті дәлел екенін көреді, әсіресе мына біздің заманда. Мұсылмандар үшін кеңшілік бар мәселеде бір нәрсеге қатып алу дұрыс емес.

Алла елшісі ﷺ ақша, дирхамды айтпай, арпа, бидай секілді заттарды айтуының себебі олардың заманында дирхам мен динар аз еді. Адамдардың көбісі сауданы алмасу арқылы жасайтын болған. Мейізді құрма немесе арпаға, бидайды теріге ауыстырып, сауданы солай жасаған. Сол үшін Алла елшісі ﷺ халыққа ауыр нәрсені міндеттемей, керісінше пітір садақаны оларға жеңіл болатын жолмен айтты. Ол арпа, бидай, құрма секілді заттар. Ал біздің заманда беруге жеңіл және кедейге жақсырақ болатын нәрсе - ақша.
#пітір
11 views04:17
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 07:13:05 "Н" мен "Ң"-ды, "Ұ" мен "Ү"-ні ажырата алмайтын қазақтарға осы әріптердің айырмашылығын қалай түсіндіруге болады?)
109 views04:13
Ашу / Түсініктеме