Get Mystery Box with random crypto!

Өз ойым | أفكاري

Telegram арнасының логотипі oz_oyim — Өз ойым | أفكاري Ө
Telegram арнасының логотипі oz_oyim — Өз ойым | أفكاري
Арна мекенжайы: @oz_oyim
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 720
Арнадан сипаттама

Біреуге пайдасы тиер, тимесе өз сөзім өзіме.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-07-14 07:00:32 "Айтылған сөз саған қатысты болмаса ақталып қайтесің? Ал егер қатысты болса, онда ақталуың тіпті орынсыз" деген екен...

P.S. Бұл жай ғана аударма
103 viewsedited  04:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 06:50:06
Суретке түсіру арқылы амалдарыңның сауаптарын жоғалтпаңдар. Расында суретке түсіру рияның белгісі...

Шейх Нидол Әлиһи (رحمه الله)
107 viewsedited  03:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 16:41:20 Отбасы бақыты ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген терең құрметіне байланысты

Шейх Солах Абул Хадж
165 views13:41
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 18:45:52 ЛҰТ ҚАУЫМЫ ҚАЙТА КҮШІНЕ ЕНДІ, ОЛАРМЕН СОҒЫС АУЫР БОЛМАҚ, СЕБЕБІ... Осыдан бір жыл бұрын бір эфирімізде де айтқан едік, енді Hollywood, Netflix, Disney, Pixar секілді кино және мультфильм индустриясындағы азғын компаниялардың өнімдері тек қана ЛГБТ ұйымының…
303 views15:45
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 18:44:58 ЛҰТ ҚАУЫМЫ ҚАЙТА КҮШІНЕ ЕНДІ, ОЛАРМЕН СОҒЫС АУЫР БОЛМАҚ, СЕБЕБІ...

Осыдан бір жыл бұрын бір эфирімізде де айтқан едік, енді Hollywood, Netflix, Disney, Pixar секілді кино және мультфильм индустриясындағы азғын компаниялардың өнімдері тек қана ЛГБТ ұйымының пропагандасы мен жарнамасын жасап, арсыздық пен азғындықты насихаттаумен айналысады деп. Бұған дейін де айналысып келген негізі, бірақ енді бұл «азғындық насихатының» екпіні күшті, қарқыны қатты болмақ. Себебі, Қиямет күні мен Ақыреттегі шегетін азабына жақындаған сайын, Ібілістің де соңғы тұяқ серіппесі қатты болмақ. Ібіліске ерген Лұт қауымы қайта күшіне ене бастады. Бұлармен соғысу ауыр болмақ. Себебі, олардың әскері «атса, оқ өтпейтін, шапса, қылыш кеспейтін» Hollywood-тың ойдан шығарылған, бірақ әсері қатты жалған қаһармандары болмақ.

Міне, ЛГБТ қауымдастығы әлемге енді осылай шабуылдап бастайды. Мультфильмдері мен киноларын кинотеатрларымыз бен каналдарымызға тықпалап бастауда. Бұлардың сайқал саясаттары мынандай: «Егер Базз Лайтер (мұнда еркек пен еркек сүйісетін сахна бар) мультфильмін көрсетілімге шығармайтын болсаңыздар, онда осылардың артынан келетін «Аватар-2», «Черная пантера-2» секілді үлкен кассалы фильмдерімізді де бермейміз» деген шарт қояды екен біздікілерге.

Осы орайда билікке, әсіресе Мәдениет және спорт министрлігіне айтарымыз: ҰРПАҒЫМЫЗ АЗҒЫН МУЛЬТФИЛЬМСІЗ, ХАЛҚЫМЫЗ АРСЫЗ ФИЛЬМСІЗ ӨМІР СҮРЕ АЛАДЫ, БІРАҚ ИМАНСЫЗ, ҰЛТТЫҚ БОЛМЫССЫЗ, АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚСЫЗ ӨМІР СҮРЕ АЛМАЙДЫ! Сондықтан да, ЛГБТ қандай шарт қойса да, ең әуелі өз ұрпағымыздың мүддесі мен келешегін ойлаңыздар.

Байқасаңыздар, осы маусым айы бойы бүкіл әлемде ЛГБТ қауымдастығының қарқынды шабуылы басталды. Атап айтсақ:

- Әлеуметтік желіде оларға қарсы сөйлем құра алмайтындай халге келдік;

- Интернет дәуірі мен ЛГБТ қауымдастығы арасында өте тығыз байланыс бар;

- ЛГБТ пропогандасы көптеген фирмалардың негізгі саясатына айналды;

- Әлеуметтік желілер ешбір көзқарасты, ұлтты, дінді, қоғамды дәл осы ЛГБТ-дай қорғап, қамқорлығына алмаған;

- Бұдан былай ЛГБТ дегенің Instagram, Facebook, Twitter болды;

- Біржыныстыларды әлемнің ең жақсы, ең мейірімді, ең сүйікті және ең жанкешті кейіпкері ретінде көрсетпеген бірде-бір сериалға, фильмге және мультфильмге бұдан былай фильм секторында орны жоқ;

- Фильм секторында Netflix, Disney, Amazon секілді платформалардың ұсынған ЛГБТ жақтасты сценарилері кері қайтарылмай, түсірілуге мәжбүр. Қабілетің мен жетістігін енді рөл ойнамайды. Бұл секторда бар болғың келсе, кемі кемпірқосақ түсті туды желбіретіп, әлеуметтік желіде бұны бөлісуің керек;

- Бұл азғындар енді спортқа да ауыз сала бастады. ЛГБТ-ны қолдамайтын футболшы бұдан былай көк алаңға шығып, теңбіл доп та тебе алмайтындай болады.

ЛГБТ қауымдастығының әлемге егіп жатқан азғындық дозасы енді күн өткен сайын арта түсетін болады. Бұдан соң балаларымыз бен жастарымыздың ой-санасын ЛГБТ-ның идеологиясы жаулай бастайды, бұған не амалсыз көз жұматындай халге келеміз, не ең қатты тепкілер көрсетіп, наразылық көрсетуге тиіспіз. Сондықтан да, билік бұларға қарсы батыл әрі қатаң қадамдар жасауы тиіс. Халық та оянып, бұларға қарсы барынша төтеп беруі керек.

P.S. Міне, бүгін телефонымды ашсам, эмодзилерімнің арасына «жиі қолданылатындардың» ішіне фотодағы ЛГБТ-ның символдарынан саналатын жалғыз мүйізді атты ЛГБТ-ның туымен безендіріп шығарып қойыпты. Демек, бұдан хабары жоқ қаншама балаларымыз бұл эмодзилерді бір-біріне бөлісіп, көз үйретуге кірісіп кетті. Яғни, ЛГБТ енді балаларымызды бейсаналы түрде болсын өзінің сабына тартып алды деген сөз. Сондықтан да, ата-аналар қазірден балаларға түсіндірме жұмыстарын бастауы керек.

Тағы бір күйінетін мәселе, әлеуметтік желілерде иман мен байлықтың символы болған жаулыққа жаулық (дұшпандық) қылғандардың мына азғын құбылысқа аузын буған өгіздей боп отырулары ашуыңды келтіреді, ішіңді ашытады, жаныңды ауыртады. Оларға сонда иманды жас емес, гомосексуал ұрпақ маңызды ма?

Даурен Абаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Министерство культуры и спорта РК Қасым-Жомарт Тоқаев
316 views15:44
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 18:43:32
247 views15:43
Ашу / Түсініктеме
2022-06-29 02:20:23 Ойлы әлемнің әйелдерсіз күні бар ма көктеген,
Әйтсе де мен әйелге ұқсас еркектерді жек көрем!
Еркектерге еліктеген әйелдің де аз табары,
Иә, әр жыныс өз мінезін сақтауымен бағалы.

Жігіт жігіт санала ма бұғып жүрсе тасаңда,
Өз пікірі жоқ еркектен қорқу керек қашанда!

Мұхтар Шаханов
299 views23:20
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 06:47:15
ا
Этот мир покинул большой ученый, праведник, суфий, воспитатель тысяч и тысяч достойных учеников, шейх Махмуд аль-Уфи

Мы планировали навестить шейха после хаджа, но пришла весть о его кончине.

«Поистине, глаза плачут, а сердце печалится, но мы не говорим ничего, кроме угодного нашему Господу! И, поистине, мы опечалены разлукой с тобой..."

Пусть Всевышний Аллах простит и помилует его и даст баракат его многочисленным начинаниям которые станут залогом продолжения его вознаграждения в той жизни. Пусть Аллах проявит к нему свою милость и поселит его в Раю с пророками, праведниками и шахидами. Амин.

إنا لله وإنا إليه راجعون … وفاة العلامة الولي الصالح سيدي محمود الافندي الحنفي النقشبندي - قدس سره
43 views03:47
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 11:57:19

39 views08:57
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 15:23:25
Жақсы айтыпты...
135 views12:23
Ашу / Түсініктеме