Get Mystery Box with random crypto!

Өз ойым | أفكاري

Telegram арнасының логотипі oz_oyim — Өз ойым | أفكاري Ө
Telegram арнасының логотипі oz_oyim — Өз ойым | أفكاري
Арна мекенжайы: @oz_oyim
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 720
Арнадан сипаттама

Біреуге пайдасы тиер, тимесе өз сөзім өзіме.

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2022-04-28 00:55:06 السلام عليكم ورحمة الله وبركاته Құрметті бауырлар! Осы кезге дейін бірнеше игі істерге қол ұшын бердіңіздер. Бұл жолыда аянып қалмайды деген оймен осы сборды жасап жатырмын. Жеке басымның пайдасына емес әрине. Бір бауырымыз мен оқып жатқан жерге келуге билетіне…
79 views21:55
Ашу / Түсініктеме
2022-04-27 23:56:36 السلام عليكم ورحمة الله وبركاته

Құрметті бауырлар! Осы кезге дейін бірнеше игі істерге қол ұшын бердіңіздер. Бұл жолыда аянып қалмайды деген оймен осы сборды жасап жатырмын. Жеке басымның пайдасына емес әрине. Бір бауырымыз мен оқып жатқан жерге келуге билетіне сіздерден жәрдем сұрайды. Ілім жолына шыққалы тұрған адамның қиындығын жеңілдетіп жіберейік. Сауаптар еселенетін, 1000 айдан хайырлы болған қадір түнінде сауапты амал жасауға шақырамын. Рамазанда әсіресе соңғы 10 күндігінде жасаған игі істердің қарымтасы Алладан көркем түрде қайтады ин ша Алла.

Бұл сборға өзім тікелей жауаптымын. Билет алған соң чектерін сіздерге көрсететін боламын.

Каспи номер +7708 205 08 58

(Билет құны 170 мың тг)
22 views20:56
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 11:31:00 Әлеуметтік желінің бірінде бір кісі дін жайлы жазған пікіріме:

"Ислам — қазаққа жат дін. Өз қызыңды туыс ініңе беретіндей арсыз ба едің?"

— деген мағынадағы жауап жазыпты.

Біріншіден, пайғамбарымыздың صلى الله عليه وسلم өз қызы Фатима анамызды әкесінің туған бауырының ұлы хазіреті Әлиге некелеуі — сол нәрсенің рұқсат екенін білдіреді. Рұқсат деген — міндет дегенді білдірмейді. Яғни дәл солай жасау міндет емес.

Екіншіден, шариғат жеті атадан асқан соң ғана қыз алысуды тыймайды да, сөкпейді де. Себебі Ислам діні шариғатқа қайшы келмейтін әр ұлттың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына құрметпен қарайды.

Үшіншіден, әр ұлттың өзіне тән түсінігі мен ұстанымы бар. Қандай да бір ұлттың шариғатта некелесуге рұқсат етілген туысын алатын әдет-ғұрпы болса және ол біздің салтымызға сай келмесе, ол ғұрпы қате деген сөз емес. Яғни біздің салт-дәстүріміз қандай керемет болса да, біз онымен қанша мақтансақ та, ол бәрібір ақиқатты анықтайтын ақиқат таразысы емес.

Төртіншіден, бұл — ең бастысы, мұсылман адам үшін ақиқат таразысы біреу ғана, ол — шариғат. Жаратушы жаратылғаннан жоғары болғаны сияқты, Жаратушының діні жаратылғанның әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінен жоғары.

Оған қоса ұлық Алла Тағаланың Елшісінің صلى الله عليه وسلم кез-келген іс-әрекеті — мұсылман үшін мақтаулы, үлгі боларлық іс. Сол үшін қандай да бір сенім, ұстаным, дәстүр шариғат шеңберінен шықпайтын болса, біз оны қолдаймыз, кем дегенде, жоққа шығармаймыз.

t.me/oz_oyim
#өзойым
#дәстүр
#адетғұрып
#неке
66 viewsedited  08:31
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 10:38:22 Кітапты ерінбей оқып шығыңыздар. Өте пайдалы кітап.

#ФиқһуасСира
#РамаданБути
#РамазанәлБути
45 views07:38
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 10:35:54 Фиқһу әс-Сира кітабы.
Автор: Шейх Рамазан әл-Бути رحمه الله
867 viewsedited  07:35
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 08:58:37 Өмірде кітап көп оқыған адамдарды көп көрдім. Солардың арасынан қанша кітап көп оқыса да бойынан, сөзінен, ісінен оқығанының әсері көрінбейтін, оқығандары надандығын кетіре алмаған, оқыды деген аты ғана бар адамдарды да жолықтырдым. Одан бөлек аз кітап оқыған…
40 viewsedited  05:58
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 08:48:31 Өмірде кітап көп оқыған адамдарды көп көрдім. Солардың арасынан қанша кітап көп оқыса да бойынан, сөзінен, ісінен оқығанының әсері көрінбейтін, оқығандары надандығын кетіре алмаған, оқыды деген аты ғана бар адамдарды да жолықтырдым. Одан бөлек аз кітап оқыған, бірақ сөзіне, ойына, ісіне қарасаң өте көп кітап оқыған деген ойды қалыптастыратындарды да көрдім.

Демек, мәселе адамның неше кітап оқығанында ғана емес, оқығанынан не түйіп, не түсіне алғанында да болып тұр.
64 views05:48
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 06:29:37 Keremet aitti
97 viewsedited  03:29
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 07:48:52 Екінші сыныпқа дейін атам мен апамның (әжемнің) қолында өстім. Мектепке барып, әріп танып, ертегілерді кітаптан оқи алатын дәрежеге жеткенімізше атамның ертегілерін тыңдап өстік.

Сосын тындамайтын болдық, себебі атамыз бізге қызық болсын деп ертегінің түпнұсқасына, негізгі мағынасынан ауытқымай, қосымша оқиғалар мен әртүрлі эффектілерді қосқан екен . 5-6 беттік ертегіні бір сағатқа созып айту үшін де сондай тапқырлыққа баруға мәжбүр болғанын кейін түсіндім. Атам орысша айтқанда "человек энциклопедия" еді. Кез-келген сұрағымызға жауап беретін. Мен сияқты сұрағы таусылмайтын балаға сондай кісінің болғаны үлкен нығмет еді.

Сол атамыздың өмірден өткеніне он үш жылдан асыпты. Ол кісіге үнемі, үздіксіз құранның сауабын бағыштауға тырысамын. Кейде күйбең тіршілік, емтихан деп жүріп, біраз уақытқа құран бағыштауды ұмытып кетсем, көп ұзамай түсіме кіреді.

Көзі тірісінде жаныңа жақын болған, әбден қамқорлығы мен мейіріміне бөлеген, қанша сұрақ қойсаң да ашуланбай, жалықпай жауап берген, барлық ақылы мен даналығын санаңа құюға тырысқан, өмірден өтіп, сағынышыңа айналған адамды түсіңде көрудің, онымен сөйлесудің өзі бір бақыт, сөзбен жеткізе алмайтын керемет сезім екен. Оянып кеткен соң қимастықтан туындаған ішіңдегі бостықты, сезімді айтып жеткізу мүмкін емес...


P. S. Өмірден өткен жақындарыңызды ұмытып кетпеңіздер. Әрдайым еске алып, дұға етіп, құран бағыштап, аттарынан садақа беріп тұрыңыздар. Бәлкім сіз себепті Алла Тағала ол кісілердің күнәларын кешіріп, қабір мен тозақ азабынан сақтап қалар...

رَبَّنَا اغْفِرْ لَنَا وَلِإِخْوَانِنَا الَّذِينَ سَبَقُونَا بِالْإِيمَانِ وَلَا تَجْعَلْ فِي قُلُوبِنَا غِلّاً لِّلَّذِينَ آمَنُوا رَبَّنَا إِنَّكَ رَؤُوفٌ رَّحِيمٌ

"Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір кірбеңдік қылма. Раббымыз шүбәсыз Сен тым жұмсақ, ерекше мейірімдісің." (9-С. 100-А.)

#өзойым
@oz_oyim
76 viewsedited  04:48
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 23:09:24 Өкінішке орай қазіргі уақыттың шариғаты - психология. Имамдары - блогерлер. Уағыздары - мотивация. Ақпен қараны ажырататын құралы - философтардың туындылары.
547 views20:09
Ашу / Түсініктеме