Get Mystery Box with random crypto!

Olzhas Hanafin

Telegram арнасының логотипі olzhas_khanafin — Olzhas Hanafin O
Telegram арнасының логотипі olzhas_khanafin — Olzhas Hanafin
Арна мекенжайы: @olzhas_khanafin
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 6.44K
Арнадан сипаттама

📚Дін, ілім, пайдалы мағлұмат

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2022-07-08 04:12:45 Омар ибн әл-Хаттабтан жеткен хадисте: “бірде яһудилерден бір кісі айтты: Я мүміндердің әмірі! Сендердің кітаптарыңдағы бір аят бізге түскенде біз ол күнді айт(мереке) етіп алар едік. Сонда Омар: қандай аят деп сұрайды. Яһуди: ٱلْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ وَأَتْمَمْتُ عَلَيْكُمْ نِعْمَتِى وَرَضِيتُ لَكُمُ ٱلْإِسْلَٰمَ دِينًا ۚ
“Міне, бүгін діндеріңді кемеліне жеткіздім, сендерге деген нығметімді тамамдадым және сендер үшін дін ретінде Исламды таңдадым”, - деп айтты.
(«Мәида» сүресі, 3 аят)

Омар айтты: Расында бұл аят түскен күнді де, мекенді де білемін. Ол жұма күні Пайғамбарымыз ﷺ арапада тұрғанда түсті.” (Бухари, Муслим)

Аятқа қатысты имам әл-Бағауи айтады: “Бұл аят Пайғамбарымыздың ﷺ қоштасу қажылығында, жұма әрі арапа күні екінті намазынан кейін түсті. Пайғамбарымыз ﷺ болса ол кезде арапа тауында түйесінің үстінде отырған еді. Сол сәтте аяттың ауырлығынан түйенің аяқтары сына жаздап, шөгіп, отыра қалды.

Ибн Аббас айтты: “Сол күні 5 мереке болды: Жұма, арапа, яһудилер мен насранилер және мәжүстердің мерекесі. Миллеттердің мерекелері оған дейін де, кейін де осы секілді бір күнде болмаған еді.

Және бұл аят түскенде Омар жылады деген риуаят бар. Сонда Пайғамбар ﷺ оған: “сені не жылатты?”, - деп сұрағанда Омар: “біздің дініміз күннен күнге артып, толықтырылып келді. Енді міне, дініміз кемелдікке жетті. Ал не нәрсе өз кемеліне жетсе одан кейін ол қысқарып, нұқсан бола бастайды. Осы нәрсе мені жылатты”, - дейді. Сол кезде Пайғамбарымыз ﷺ: “дұрыс айттың”, - деді.

Бұл аят Пайғамбарымыздың ﷺ дүниеден өтетініне белгі еді. Сол күннен кейін Пайғамбарымыз саллаллаһу әләйһи уә сәлләм 81 күн өмір сүрді.”

Яғни дін кемелдікке жетті, демек Пайғамбардың да атқаратын қызметі аяқталып, Раббысына қайтатын уақыты келді. Ал Пайғамбарымыздың кетуі діннің ең алғашқы нұқсандығы. Жалпы нұқсандық діннің өзінде емес, адамдардың ұстануында болады. Хазреті Омар да соны меңзеген еді.

Міне, бүгін дәл сондай күн болып тұр. Жұма әрі арапа күні. Арапа күні Алла Тағаланың құзырында ең ұлы күн. Екі ұлы күннің қосылған уақыты. Аллаһу Акбар! Алла құлшылықтарымызды қабыл етсін
585 viewsOlzhas Hanafin, edited  01:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 03:04:11 Абу Ханифаның шәкірті имам Мухаммад имам Маликтен “муатта” кітабында келесідей хадисті жеткізеді: “Арапа күні бір топ адамдар Алла елшісінің ﷺ аузы берік па, жоқ па екеніне қатысты таласты. Бір бөлігі ораза десе, екіншісі ораза емес деді. Сол кезде Умм әл…
590 viewsOlzhas Hanafin, 00:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 01:25:04 Абу Ханифаның шәкірті имам Мухаммад имам Маликтен “муатта” кітабында келесідей хадисті жеткізеді: “Арапа күні бір топ адамдар Алла елшісінің ﷺ аузы берік па, жоқ па екеніне қатысты таласты. Бір бөлігі ораза десе, екіншісі ораза емес деді. Сол кезде Умм әл-Фадыл Пайғамбарымызға ﷺ бір стақан сут беріп жібереді. Пайғамбарымыз ﷺ болса арапа тауында тұрған еді. Стақан сүт келгенде Пайғамбарымыз ﷺ оны ішті”. (Бухари)

Имам Мухаммад айтады: “Арапа күннің оразасын қалаған адам ұстайды, қаламаса ұстамайды. Шынында, ол күннің оразасы нәпіл ораза.

Егер ораза оны әлсіретіп, дұға етуден тосатын болса онда ол адамға ораза ұстамаған абзал. Себебі арапа күні дұға ету оразадан абзал”.

Демек бұл күннің ерекше құлшылығы ол - дұға. Ораза одан кейінгі дәрежеде. Алайда хадисте келгендей ораза екі жылдық күнәсі кешірілуіне себеп болады.

Биыл арапа күні жұма күніне тұспа-тұс келіп тұр. Жұма күнде дұға қабыл болатын сәт бар. Бір топ ғалымдар ол уақыт асыр намазынан кейінгі уақыт деген. Демек бізге тек оразамен шектеліп, күні бойы ұйқымен өткізіп емес, бәлки бұл күнде көп дұға етуіміз қажет. Әсіресе екінті мен шам намазы уақыты арасында.

Алла дұға-тілектеріңізді қабыл етсін.
2.1K viewsOlzhas Hanafin, 22:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 19:56:52 Ертең Алла қаласа Арапа күні. Ораза ұстауды ұмытпаңыздар. Арапа күні ұсталған ораза алдыңғы және келесі жылғы күнәға каффарат болады.
989 viewsOlzhas Hanafin, 16:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 19:56:52 Яғни жұма күні
1.1K viewsOlzhas Hanafin, 16:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 16:18:05 Инста парақшамызға 3 курсқа сұмдық жеңілдік жасадық. Кіріп көрсеңіздер болады
1.3K viewsOlzhas Hanafin, 13:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 06:29:51 Қаза мен нәпіл оразаға бірдей ниет етуге болмайды. Не қазаға, не нәпілге ниет етесіз. Ең қызығы, неге адамдар қаза оразаларын арафа күні бірақ еске алып жатыр? Арафаға дейін неге өтемеді? Жалпы қазаны кейін де өтесеңіз болады. Тезірек өтеп тастағыңыз келсе айттан кейін бірден бастап кетсеңіз болады.
5.2K viewsOlzhas Hanafin, edited  03:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 04:18:25 Абу Һурейрадан жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ айтты: “Адамға рақмет айтпаған адам Аллаға шүкір ете алмайды”. Хадисті Абу Дауд жеткізді.
1.5K viewsOlzhas Hanafin, 01:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 04:15:04 Бөтен адамға, яғни сіз араласпайтын адамға әрқашан сіз деп сөйлеуге тырысыңыз. Тіпті оның жасы сізден кіші болса да. Әрине егер араңыз кәдімгей көп болса онда сен десеңіз дөрекі естілмес. Алайда құрметпен сіз деп сөйлегенге жетпейді.

Біреу өзгенің сіз деп сөйлеуді талап етуін немесе сіз деп айтпағанына наразы болуын такаппарлық деп қабылдау мүмкін. Алайда сол адамның сіз деп сөйлеу алмауы такаппарлыққа жақынырақ. Себебі оның сіз деп айта алмауы, сөйлесіп жатқан адамнан өзін жоғары санауы немесе сіз деп сөйлеуге лайықты емес деп есептеуі болмақ.

Сыйласып жүре берейік. Келе жатқан құрбан айт қабыл болсын.
1.8K viewsOlzhas Hanafin, edited  01:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 20:05:39 التُّرْكُمانُ: جيلٌ من التُّرْكِ، سُمُّوا به لأَنَّهم آمَنَ منهم مِئَتا ألْفٍ في شهرٍ واحدٍ، فقالوا: تُرْكُ إيمانٍ، ثم خُفِّفَ فقيلَ: تُرْكُمان.
القاموس المحيط
شيخ حسان

Түркмен - түрк ұлтының бір бөлігі. Олардың бір айда 200 мың адамы Исламды қабылдағаннан кейін солай аталды. Содан соң оларды “түрк иман” яғни түріктің иманы деп атады. Кейін қысқартылып “түркмен” болды. Қомус әл-мухит кітабынан. Ұстазым Шейх Хассанның тапқаны (Алла ол кісіні өз панасына алсын)
1.5K viewsOlzhas Hanafin, edited  17:05
Ашу / Түсініктеме